Xiх ғасырдағы қазақ әдебиеті Сымбат Дулат Бабатайұлының «Шаштараз»


Абайдың “Біреуден біреу артылса” деп басталатын өлеңі қай әнші ақынға арналған?



бет2/27
Дата09.12.2022
өлшемі3.35 Mb.
#466924
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
19 Ғасыр сессия толық

Абайдың “Біреуден біреу артылса” деп басталатын өлеңі қай әнші ақынға арналған?

"Біреуден біреу артылса" деген өлеңді Әсет деген ақынға айтқан. Мұны 1889 жылы балалары үшін сақтаған еді. Әсет: терісі тар, ызақор, өзін-өзі әлденелік көріп отыратын адам еді. Сол мінезінен шығарып айтқан. Әсет Найманбайұлы жайлы аз жазылған жоқ. Әсеттің есімін ебін тауып, өз шығармаларының ішіне алғаш елеусіздеу кіргізіп, кейін Әсетті Абай шәкірті деп жаңғыртқан Мұхтар Әуезов еді. Абайдың «Әсетке» деген әйгілі өлеңін кейінгі ұрпақ теріс түсініп қалмас үшін Мұхтар Әуезов: «Абай аса жақсы көрген адамын қатты сынаған», - деп Абай мен Әсет арасын алтынмен дәнекерлеп кетіпті.
«Біреуден біреу артылса...» («Әсетке») - Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 7 шумақтан тұрады. Арнау өлең.Мұнда оқыған, көзі ашық адам мен қараңғы кісі, біліктілік пен надандық, парасаттылық пен пасықтық бір-біріне қарсы қойып, салыстырылады. Ақын адамнан тек өнеріне, біліміне, ақыл-парасатына қарай артық саналуға тиіс деп есептейді. Автордың пайымдауынша, ақиқат, шындық, дұрыстық әрдайым оқығанның, білгеннің жағында. Талапшыл, ізденгіш адам ойлаған мақсатына жетеді, өмірден өзінің қалағанын табады. Кейбір деректер бойынша Абай бұл өлеңді Әсетке арнап жазған тәрізді. Бұған өз маңына үйір болып жүрген жас ақынның жеке мінезіндегі кейбір ұнамсыз жәйттер себеп болса керек. Өлең 8 буынды, -а, -а, -б, -а ұйқасы үлгісінде жазылған. Сөз саптауы жатық, көркемдік дәрежесі жоғары. «Ит керген ешкі көзденіп» деген сияқты тек Абайдың өзіне ғана тән өрнектері бар. Алғаш рет 1909 ж. С.-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланған. Басылымдарында аздаған текстол. өзгерістер кездеседі. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1909, 1945 жылғы жинақтар да 5-шумақтың 4-жолы «Не білсін өнер ізденіп» делінсе, 1933, 1957, 1977 жылғы басылымдарда бұл жол «Не қылсын енер ізденіп» болып берілген. Туынды орыс тіліне аударылған. Ж. Ысмағұлов.
• Біреуден біреу артылса өлеңіне әні
Абай «Біреуден біреу артылса» өлеңіне ән шығарған. Бұл ән Абай поэзиясы мен музыкалық шығармаларының тығыз байланысып жатқанын танытады. Ән халық әуенімен сарындас. Әннің үш үлгісі бар.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет