Xiх ғасырдағы қазақ әдебиеті Сымбат Дулат Бабатайұлының «Шаштараз»


«Ереуіл атқа ер салмай» (Махамбет) дегендегі «ереуіл» сөзінің мағынасын түсіндір



бет24/27
Дата09.12.2022
өлшемі3.35 Mb.
#466924
түріПоэма
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
19 Ғасыр сессия толық

74. «Ереуіл атқа ер салмай» (Махамбет) дегендегі «ереуіл» сөзінің мағынасын түсіндір
Ереуіл ат- ұзақ жортуға арналған төзімді ат.

75. «Тебінгі теріс тағынбай» дегендегі тебінгі сөзінің мағынасын түсіндір.
Тебінгі – таралғының айылбасы салт атты адамның балтыры мен тақымын қажамау үшін қолданылатын тұрман. Тебінгі аттың тері балаққа жұқпауына да септігін тигізеді. Былғарыдан жасалған тебінгінің астары жұқа, талдырған киізден басылады. Тебінгі бедерленіп, өрнектеліп металл әшекейлерімен безендіріледі. Тебінгі жасағанда алдымен киізді арнаулы үлгімен пішіп алады да былғарыны одан сәл артықтау етіп пішіп, жиегін астына қарай көмкере қайырып тігеді.


Сағындық
76. Абайдың тоғызыншы, оныншы қара сөздеріндегі ұқсастығы туралы айт?
Абайдың тоғызыншы және оныншы қара сөздері адамгершілік мәселелерін көтереді.Абайдың тоғызыншы қара сөзінде қазақ халқының мінезін, қылықтарын айтады.
Мен өзім тірі болсам да, анық тірі де емеспін! Әншейін осылардың ызасынан ба, өзіме-өзім ыза болғанымнан ба, яки бөтен бір себептен бе? – еш білмеймін. Сыртым сау болса да, ішім өліп қалыпты. Ашулансам, ызалана алмаймын. Күлсем, қуана алмаймын, сөйлегенім өз сөзім емес, күлгенім өз күлкім емес, бәрі де әлдекімдікі,- деп өзінің сол кездегі жай-күйін суреттейді.
Онынщы қара сөзінде айтылған ойын жинақтап келіп, қазақтың малжандылық, байлық құмарлығын сынайды.
Артымнан балам құран оқысын десең, тірлікте өзіңнің жақсылық қылған кісің көп болса, кім құран оқымайды? Егер жаманшылықты көп қылған болсаң, балаңның оқыған құраны сені неге жеткізеді? Тірлікте өзіңе-өзің қылмаған істі, өлген соң саған балаң кәсіп қылып бере ала ма? Ахирет үшін бала тілегенің - балам жасында өлсін дегенің,- дейді.


77. Абайдың оныншы қара сөзінде не жайлы айтылған?
Оныншы қара сөзін Абай бала тәрбиесі жайлы пікірімен бастайды. Бұл мәселені қазақ арасына кеңінен жайылған түсінік тұрғысынан талдайды. Қазақ баланы орнымды бассын, артымнан құран оқысын, қартайғанда асырасын деген үш тілекпен өсіреді. Абай осы үш тілектің әрқайсысын талдап көрсетеді. Бірінші, балам орнымды бассын дегенде артыңда қалар дүние, малыңды өліп бара жатқанда да қызғанамысың, жатқа қимайтындай нең бар еді дейді. Және өмірлік үлкен бір ақиқатты айтып өтеді. Ол – жақсы баланың қызық, жаман баланың күйік болатыны. Балаңның қандай боларын қайдан білдің деп түйіндейді өз ойын Абай. Екінші, өмірде жақсылық қылған адамың көп болса, өлген соң солар құран оқып, тілеуіңді тілейді. Ал егер жасаған жаманшылығың көп болса, балаң оқыған құран да саған көмектеспейді дейді. Үшінші, қартайғанда асырасын деген тілеудің орындалуы үшін ата-ана қартаярлық жасқа жетуі керек, әке-шешесін бағарлық баланың бойында мейірім болуы қажет, әкеден қалған малы болмаса ол бала да асырай алмайды, ал малы бар болса, жат та бағып, күтеді екен. Жалпы баланың мал табар немесе мал шашар болып өсуі және бар. Сондықтан осы тілеумен өсірген баланың осы тілектерге жеткізер, жеткізбесі екіталай деген ой қорытады ойшыл. Бұл қара сөзде Абай туралап айтатын тағы бір ақиқат бар. Ол – балам жақсы болсын деген ата-ана өзі сол балаға жақсы тәлім-тәрбие бере білу керектігі. Әке-шешенің өзі жас күнінде алдап, қу, сұм бол деп, жаман қылықтарға үйір қылып өсірген баладан соңында қандай қайыр күтуге болады? Сонымен қатар, оныншы қара сөзде Абай құдайдан мал тілеп, бірақ оны орнымен жаратпайтындар жайлы да сөз етеді. Құдайдың берген қуаты, ғылымы мен ақылын адам баласы орнымен жұмсаса алмайтын қамалы, шықпайтын шыңы жоқ екендігін қарапайым мысалдармен дәлелдеп береді.

78. Абайдың жиырма сегізінші қара сөзінде жамандықты, ауруды, байлықты, кедейлікті жаратқан кім дейді, бірақ қылған ол емес.


Абай Құнанбайұлы жиырма сегізінші қарасөзінде тағдырға қатысты терең пайым, ой-тұжырымдар жасаған. Бұл тақырыпта үш мәселе қозғалған. Әуелгісі Жаратушының адам баласының бірін бай, енді бірін кедей етуі, біреуді есті, біреуді есер етуі, момынды ауру, залымды сау етуі. Бұл Исламдағы иман негіздерін тану ғылымының терең мәселесі. Адамның есті немесе есер, кедей немесе бай болуы да өзіне байланысты. Адам өз өмірін өз таңдауымен қалыптастырады. Сондықтан Абай «ауруды жаратқан Құдай, ауыртқан Құдай емес»,- дейді. Яғни, бір адам Құдайдың қойған заңымен жүрмей, қыста желең күйінде далаға шығып ауырса, «Құдайым-ай, бұл ауруды қайдан ғана беріп едің?» деуге құқы жоқ. Ауруға себеп болған өзі. Абай осының өзінен Жаратушының әділдігін аңғарасың дейді.

79. Абайдың «Алтыншы қара сөзінде» қандай мақалдар кездеседі?


Ғұлама ойшыл «бесінші қара сөзінде» қазақтың кейбір мақал-мәтелдеріне сын айтса, «алтыншы қара сөзінде» қазақ арасына кең тараған «Өнер алды – бірлік, ырыс алды – тірлік» деген мақалды жеке дара талдайды. Мақалда айтылатын «бірлік» сөзін қазақ ас ортақ, мал ортақ, дәулет ортақ деп түсінетіндігін айта келіп, олай болса «байлықтан не пайда, кедейліктен не залал?» деген сауал қояды. Онда әр адам өз еңбегімен мал таппаққа ұмтылмайды, ағайында бар мал мен асты ажарын, өкпесін бұлдап, бірін бірі алдап алып күн көре бермек. Мұның қай жері бірлік дейді Абай. Бұл мақалда айтылатын бірлік малға емес, ақылға бірлік. Абайша айтқанда «бірлік малға сатылса, антұрғандықтын басы осы». Ойшыл мақалдың «Ырыс алды – тірлік» деген екінші бөлігін жеке таратып талдайды. Мұндағы тірлік дегеніміз кеудеден жан шықпағандық болса, ондай тірлік итте де бар екен. Осы тірлікті мақсат тұтып өмір сүретін адам қорқақ, ез, еріншек болып, еңбек етуден қашады. Бұл ырысқа бастар жол емес. Абайдың сөз қылып отырған тірлігі – көкірек пен көңіл тірлігі, яғни, көкірек көзі ашық, көңіл ояу болу. «Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың» дейді ойшыл. Жалқау, ынтасыз адам анық тірі емес, мұндай тірліктен гөрі Алланың ақ өлімі мың артық деп ой қорытады хакім Абай. Абайдың бұл қара сөзі ел мінезін түзетуге арнап айтылған. 1933 ж. бергі жинақтарда басылып келеді.
80. Базар ақынның тұңғыш шығармалар жинағы туралы не білесің?
Ауыз әдебиетінің ХVІІІ-ХІХ ғасыр­лар­да өмір сүрген бірқатар өкілдерінен Базар жыраудың артықшылығы – сонау Кеңес Одағының бастапқы кезеңінде-ақ ең­бектерінің ғылыми айналымға енуінде. Атап айтқанда 1925 жылы Ташкент қала­сында шығарылған «Терме» жинағы, 1931 жылғы «Қазақ әдебиеті нұсқалары» еңбегі арқылы жұртшылық назарына ілікті. Ақын туындыларының біршама молырақ басылып, жарық көруі кейінгі жылдар үлесіне тиді. Қазақ Ғылым академиясының М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты дайындаған «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қа­зақ ақындарының шығар­малары» (Алматы, 1962 ж., жалпы редакциясын басқарған Ы. Т. Дүйсенбаев) атты жинаққа таңдаулы 35 өлеңінің енуі оны жұртшылыққа кеңірек таныстыру мақсатындағы елеулі қадам болды. Кейі­нірек «Үш ғасыр жырлайды» (Алматы, 1965 ж.) жинағында Базардың 28 толғауы жария­ланса, «Бес ғасыр жырлайды» атты үш томдық кітапта отыз өлеңі басылып шықты (Алматы, 1984 ж.). Сондай-ақ «ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы» атты жинақта (Алматы, 1985 ж.) таңдаулы деген сегіз өлеңі жарық көрді. Бұлардан тыс жекелеген авторлар да ақын мұрасын жариялауға әр кез үлесін қосып отырды. Айталық Ә. Қоңыратбаев Базар өлең­дерінің толығырақ нұсқасы ретінде (көпшілігі бұрын мәлім емес жырлар) оның жеті толғауын «Жұлдыз» журналында жа­рияласа (1984 жыл, № 1), Ә. Құлахметов ке­лесі жылы сол журналда оның «Сөйле, тілім, жалпыдан», «Ал, көңілім, қолға қа­ламды» атты екі өлеңін бастырды [4; 223]. Осының нәтижесінде 1986 жылы Базар шы­ғармалары жеке жинақ болып басылды [5; 200]. Еге­менді ел болған тұста «Жәмиғы қазақ бір туған», «Назбедеу» жинақтары күйінде және «Сыр­дария кітапханасының» құ­ра­мында бір том болып жарық көрді [6; 6]. Базар жыраудың әдеби мұрасы фи­лолог мамандар даярлау барысында курс­тық, дипломдық жұмыстарға, магис­трлік, кандидаттық, докторлық диссер­та­цияларға зерттеу нысаны болып келе жатқанына көп болды.
Жырау шығарамаларын зерттеушілердің ішінде ғалым Әбубәкір Диваев пен Әлқуат Қайнарбаевтың еңбектерін ата өткен жөн.
Балқы Базардың шығармашылығын «Базар жырау Оңдасұлының әдеби мұрасы» атты тақырыпта ғылыми диссертация жазып, өлең-жырларын, көпке белгісіз архивтік нұсқаларын «Жәмиғы қазақ бір туған» деген атаумен толық жинақ қып алғаш шығарған Серікбай Қосанов.
81. Базар жыраудың «Мақпал-Сегіз» дастаны
«Мақпал-Сегіз» – негізінен халық жыры. Жырдың бірнеше нұсқасы бар, бәрінің тақырыбы бір болғанмен, оқиға желісі, даму жолдары, шығарманың шешілуі басқа-басқа. Бір нұсқада Жабы мен Сегіз достасып, Мақпалды Сегіз алып, Сегіз өзінің қарындасын Жабыға қосады. Кейбір жырларда Жабыны Қалмақ батыры етіп көрсетеді. Базар жырлаған нұсқада Жабы-Қарақалпақ батыры. Тұратын жері – Дәуқара. Ал Мақпал мен Сегіз Сыр бойын мекендеген елдердің қыз-жігіттері.

Халық жыры «Мақпал-Сегізді» Базар өзінше жырлаған. Бұны жырды оқи отырып, толғау алыбы Базардың стиль, тіл ерекшелігінен көруге болады.


Жырда халықтың тұрмыс-тіршілігі кең суреттеліп, әсем бейнеленген. Жылқы айдап қырға кеткен Сегіз қайтып келгенше, ел аралап қыз таңдаған. Қарақалпақ Жабы батыр қалың беріп қызды алмақшы болады. Қыз ағалары келісім берген. Ал, жас шағынан бірге өсіп, бір-бірін сүйген Мақпал мен Сегіздің байласқан уәделері бар.


Қорыта келгенде, «Мақпал-Сегіз» жырында бас бостандығын аңсаған екі жастың мөлдір махаббаты жырланған. Қызын теңге бермей, малға берген кер заманның шындығы көркем бейнеленген. Жырдың тілі бейнелі, көркем де шешен. Дастанның құрылысы жеті-сегіз буынды жыр үлгісі және он екі буынды қара өлең.


82. Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеевтің «Өмірдің өтуі» өлеңі
«Өмірдің өтуі» деген өлеңінде ақын:
Жалғаншы, жарық дүние!
Бізден де бір күн қаларсың.
Қойныңды ашып, қол жайып.
Құшағыңа аларсың.
Адам өмірінің қызық кезі-жастық шақ деп біледі, ол да өте шығады, жастық шақты өкінбестей өткіз дейді.
Бір күнде жас көңілім судай тастың,
Тасқындап кемеріңнен шалқып астың.
Төрт бұрыш дүниені көрмей болжап,
Қиялыңмен көк қақпасын барып аштың.
Жас өмірдің қысқалығын, қызығын, адам қиялын көкке шарықтататынын жыр етті.
Ол өлеңдерінде ескі өмірді қайта орнату керек демесе де, өз кезінің жаңалықтарына көп көңіл бөлмеген.
Дегенмен өмір туралы өлеңдерінде феодалдық өмірдің іріп бара жатқандығын түсінген. Ол ескіні аңсаса да, оны қайта орнатуды арман етпейді
83. М.Мөңкеұлының «Үш қиян» толғауы
«Үш қиян» өлеңінде халықтың қара шаңырағы шайқалып, босағасы тари түскендігін қара өлеңінде айқара көрсетіп, баяндай білген. Адам пиғылының арамданып, заманының азғандығын ашына сөз етеді.

«Заманнан заман оралған,


Дүние шіркін соны алған.


Адыра қалғыр бұл қоныс


Қайырсыз екен озалдан – деген бір шумақ өлеңнің өзінде терең мағына жатыр. Сол кезеңдегі адамдардың өзгеруі, бірін бірі сыйламағандығы, тіпті көреалмаушылығы анық байқалады.


Ал осы өлең арқылы замана келбеті қалай ашылған? Біз оны байқай аламыз ба? Мұрат Мөңкеұлы өзінің ақындық дарыны мен заманға қарап түйген ойы арқылы осы өлеңде бізге қоғам өмірін, қазақ тағдырын ашып көрсеткен. Ең алдымен ата баба қанын төгіп қорғап, қол салғызбай мәпелеп келе жатқан жерді тартып алуын:


Еділді тартып алғаны–


Етекке қолды салғаны.


Жайықты тартып алғаны–


Жағаға қолды салғаны...


– деп ашына айтқан сөзінен замана шындығын байқаймыз. Сол кездің өзінде орыстардың қазақ халқы амалсыздан орыстарға бодан болып, бас бостандығынан айрылғаны жүрекке ауыр тиеді. Ал осы өлең арқылы Мұрат замана шындығын қалай жеткізген? Бұл өлең арқылы біз қазақтардың басынан өткен қиыншылықтарды қалай көре аламыз?


Қазақ халқы ерте заманнан бостандық пен еркіндікті, кең дала төсінде жүрген шағын аңсайды. Осының өзі ақынның өлеңіндегі көріністі аңғартады. Бұндай ащы шындықты жырлайтын толғау арқылы қазақ өмірін, тіпті ішерге ас, киерге киім таппай қиналған адам өмірін көре аламыз. Бастан өткерген қиындығы, көп ауыртпалық көргені, өз үйінде шалқып жүре алмағандығы да байқалады.



84. Балқы Базар жыраудың «Әлеуметтер, құлақ сал» өлеңі
Қазақ ақын, жырауларының шығармашылығынан ислам дінімен келген тағылымдық ой-пікірлердің ықпалының жарқын көрінісі байқаймыз. Өзінің өмірінің ақырғы сағатында айтылған «Әлеуметтер, құлақ сал» — деген толғауында: «Бұл дүние шолақ, өткінші. Одан әлемді басқарғандар да, хандар да, әулиелер де, бай да, би де, батыр да, шайыр да өткен, ендеше біз де өтеміз» — дейді. Тірілерді сабырға, қанағатқа, рахымшылыққа шақырады. Өйткені:
«Алладан ахуал келгенде, батырлар тұрмас бағында,
Жаһанды жалғыз тағында.
…Дүниені дос көріп, жиғаныңмен тірнектеп,
Өлгеніңде үстіңе киері – үш қат бөз болар»…, - деген жыр жолдарынан философиялық ой-толғамы мол діндар адамның бейнесін елестету қиын емес. Осы ислам діні тәрбиесінің басты талабы «жетім көрсең жебей жүр», «жетімнің босағасы алтыннан болса да дүниесі арам» деп жетім, жесірлерге қолдау көрсету болса, Базар жырау да «Жетімнің қамын ойласаң - жесірдің көңілі жұбанар, Өнбейтін даудың ізінен - өспейтін жігіт қуалар» , - деп жырлайды.
Алайда осы ислам дінінің «көрпесін қымталанып», ал өз әрекетінде теріс пиғыл танытатын өкілдерін ойсырата сынайды, көпшілікті арамза дүмшелердің теріс пиғылынан қашырады. Оған төмендегі жырдан үзінді дәлел.
Білгірсіп жұртқа жөн сілтер
Дін бұзған кейбір дүмшелер.
Келгендеи кеулі ғаршыдан.
Аңқау елге арамза,
Молда боп жүрген сұмдар көп
Бейхабар шама-шарқынан
Барлығын білем дейтұғын,
Аз емес әуре-сарсаңда,
Құр босқа кеулі талпынған.
Ғалымдар айтқан нұсқа бар,
Асылына тартар ар нәрсе,
Өзгермейді деген қалпынан..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет