3.2 Фармацевтикалық кәсіпорындарда жақпа майларды өндіру.
Жұмсақ дәрілік формаларды өндіру мамандандырылған фармкәсіпорындарда және саудалық аты бар препараттың КФБ сәйкес тағайындалған регламенті бойынша орындалады. Кәсіпорынның фармакөшірмелі баспасы (КФБ) – дәрілік заттың сапалық стандарты.
Жақпа майлардың зауыттық өндірісінің ерекшеліктері:
көп тонналы;
негіздердің күрделі композицияларын қолдану мүмкіндігі (12 компоненттерге дейін);
өндірісті автоматизациялау және механизациялау;
шығарылатын өнімнің жоғары сапасы.
Өндірудің орындалуын бақылауды әрбір технологиялық сатыда жүргізеді, бұл шығарылатын өнімнің сапасының жоғарлауына әсер етеді, материалдық шығынды болдырмайды.
Фармацевтикалық кәсіпорындарда жақпа майларлы өндіру келесі сатылардан тұрады:
дәрілік заттарды және негізді дайындау (ВР. 1 – қосалқы жұмыстар);
негізге дәрілік заттарды енгізу (ТП. 2 – өндірістің технологиялық процесі);
Жақпа майдың гомогенизациясы (ТП. 2.1);
бөлшектеп өлшеу, орама, маркировка (УМО.3).
Дәрілік заттарды дайындау оларды ұсақтау, елеу, араластырудан тұрады. Бұл мақсатта әр түрлі конструкциялы ұсақтағыштар, елеуіш механизмдер, араластырғыштар қолданылады.
Негізді дайындау еріту немесе оның компоненттерін балқыту, фильтрлеу процестерінен тұрады. Балқитын негіздерді және олардың компоненттерді (вазелин, ланолин, балауыз және т.б.) электроқазандарда немесе булы жейдесі бар қазандарда, булы инемен немесе электропанель көмегімен балқытады. Негіздерді фильтрлеу друк-фильтрлер арқылы жүргізеді.
БАЗ эмульсиялық негізін дайындау кезінде, оны жақсы еритін фазаға енгізеді. Эмульгирлеуді, араластырғышы бар, реакторларда немесе фильтрленген ауаны барботирлеу арқылы жүргізеді. Негізге дәрілік заттарды енгізу олардың физико-химиялық қасиеттеріне байланысты орындалады. Қатты дәрілік заттарды немесе олардың ерітінділерін қосу булы жейдесі немесе электрлік қыздырғышы бар реакторларда, біртіндеп араластыру арқылы жүреді. Реакторлар араластырғыштармен жабдықтылған: якорлы, планетарлы, рамалы, олар жақсы араласуды қамтамасыз етеді.
Өндірістерде көбінесе қамыр илегіш машиналар қолданылады.
Жақпам майлардаң гомогенизациясы. Қазандарда жақпа майлардың көп мөлшерін араластырған кезде, көбінесе жақпа майдағы дәрілік заттардың қажетті дисперстілік дәрежесіне жету мүмкін емес. Сондықтан мазьді зауыттық жағдайларда гомогенизацияға ұшыратады.
Өндірісте жақпа майдың гомогенизациясы үшін диірмендер, білікті жақпа майы үккіштері қолданылады.
Эмульсиялық, суспензиялық, комбинирленген жақпа майларды дайындау процестерін интенсивтендіру үшін РПА – роторлы-пульсационды аппараттын қолдануға болады. РПА жұмысы ұсақтау, диспергирлеу, араластыру, гомогенизация процестерінен тұрады, бұл уақыттың, электроэнергиясының үнемділігіне, материалды шығының азаюына әкеледі.
Аппараттар схемасы және жұмыс істеу принциптері оқу құралдарында жазылған, мысалы, "Технологии лекарственных форм" под ред. Л.А. Ивановой, 1991 және басқалары.
Достарыңызбен бөлісу: |