3.5 Жақпа майлардың дәрілік заттарды босату. Жақпа майлардың жетілдіру жолдары.
Жақпа майлардан дәрілік заттарды босату жылдамдығына және толықтығына келесі факторлар әсер етеді: дәрілік заттардың физико-химиялық күйі, олардың концентрациясы, негіздің табиғаты, жақпа майды дайындаудың технологиялық процесі.
Жақпа майлардан дәрілік заттарды босату жылдамдығы “in vitro” және “in vivo” әдістерімен зерттеледі.
“in vitro” модельдік әдісі, жақпа майан босатылатын заттардың қандай да бір ортада диффузиялық әрекетіне негізделген. Диффузия тура немесе жартылай өткізгіш қабықша арқылы жүруі мүмкін. Тура диффузия кезінде орта ретінде агрегаттық немесе желатин гельі болуы мүмкін, оларға диффузияланған дәрілік затпен өзара әрекеттесетін реактивтерді қосады және олардың диффузиялық мөлшерін анықтайды. Мысалы, антибиотиктердің антимикробты активтілігін, агарға тест-микробтардың өсу аймақтарының өлшемдерін салыстыру арқылы, диффузия әдісімен жүргізеді. Жартылай өткізгіш мембрана арқылы диффузиялауда тері тәріздес жануар, өсімдік текті немесе синтетикалық қабықшаларын; диализ ортасы ретінде – суды, физиологиялық ерітіндіні, қан плазмасын қолданады. Қабықшаға мазьді орналастырады және уақыттың белгілі аралықтары арасында дәрілік заттың сұйықтыққа диффузияланған құрамдық мөлшерін анықтайды.
Биологиялық қолжетімділікті анықтау. “in vivo” жақпа майлардың биологиялық қолжетімділігін анықтауын, жануарларда әр түрлі әдістер арқылы жүргізеді:
организмнің биосұйықтықтарында (зәр, қан, сілекей және т.б.) дәрілік заттарды немесе олардың метаболиттерін анықтау;
тері арқылы енгізілетін дәрілік заттарға организмнің реакциясын тіркеуге негізделген әдістер (тыныс алудың өзгеруі, ұйқы фазасының басталуы, рефлекторлы реакциялар);
жақпа май аппликациясы құрамындағы дәрілік заттың мөлшерінің құрамын зерттеуге негізделген әдістер.
“in vivo” жақпа майдан босатылатын дәрілік заттарды зерттеу нәтижелерін “in vitro” жақпа майларын зерттеуде қолданылуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |