Xix ғ. Екінші жартысы – XX ғ. Басындағы ертіс өҢіріндегі


Тексеруге арналған сұрақтар



бет3/6
Дата25.02.2016
өлшемі1.2 Mb.
#19173
1   2   3   4   5   6

Тексеруге арналған сұрақтар
1. XIX ғ. екінші жартысында– XX ғ. басында сауда кәсіпкерліктің даму тарихын қандай кезеңдерге бөлуге болады?

2. XIX ғ. екінші жартысында айырбас саудасы қалай дамыды?

3. Қазақ даласында алып-сатушылар қандай категорияларға бөлінді?

4. Ертіс өнірінде XIX ғ. екінші жартысында– XX ғ. басында жәрменкелік сауданың қандай ерекшеліктері болды?

5. Ертіс өнірінде XIX ғ. екінші жартысында– XX ғ. басында қандай жәрменкелер коммерциалық өмірінде маңызды рөл атқарды?

6. Ертіс өнірінде стационарлық сауда қалай дамыды?

7. Ертіс өңірінің өнеркәсіптерінің дамуында қалалар қандай роль атқарды?
2 XIX ғасырдың екінші жартысындағы - XX ғасырдың басындағы Ертіс өңіріндегі ауыл шаруашылық және өнеркәсіптік кәсіпкерлік
2.1 Тауарлық мал шаруашылығы және кәсіптік кәсіпкерлік

2.1.1 ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың басында Ертіс өңіріндегі ауыл шаруашылығының дамуының ерекшеліктері.

2.1.2 Қазақ шаруашылығындағы тауарлық мал шаруашылығының даму шарттары.

2.1.3 Мал шаруашылық бизнестегі қой өсірудің ролі.

2.1.4 Капиталистік қатынастардың қазақ ауылына енуімен қазақтардың мал шаруашылығының даму өзгерістері.

2.1.5 Тауарлы-кәсіпкерлік сипат алған кәсіптік қызметі.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында - ХХ ғасырдың басында Ертіс өңірінің экономикасында басты рөлін ауыл шаруашылығы ойнады. Ол материалдық өндірістің басты және өлкенің халықтың көп бөлігінің өмір сүруінің маңызды көзі болды. 1897 жылы санақ мәліметтері бойынша Ертіс өңірінде ауыл шаруашылығымен және ауыл шаруашылық кәсіппен (Ақмола облысында -87,7 % және Семей облысында- 89,1 %) Европалық Ресейге қарағанда (74,9 %) көбі айналысқан. Ауыл шаруашылығы өнімінің өнеркәсіп өнімінен асып түсуі өлкенің дамуының артта қалушылық отарлық сипатын дәлелдеді. Онымен қатар ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ертіс өңірінде ауыл шаруашылығының дамуының маңызды ерекшелігі ауыл шаруашылығының тауарлы сипатының өсуінде көрінген капиталистік қатынастарға біртіндеп тартылуы болды. Тауарлық «капиталистік түрде» бүкіл өнім сату үшін икемделді, ал өз тұтынуға қажеттілік осы өнімді сатудан түскен пайдадан сатып алынды.

Нарыққа ауыл шаруашылық өнімнің әр түрлі түрлерін шығаратын ауыл шаруашылық салалардың бүкіл кешенін шартты түрде ауыл шаруашылық кәсіпкерліктің екі саласы түрінде – тауарлы мал шаруашылығы және тауарлы егіншілік деп көрсетуге болады. Ауыл шаруашылығының осы салаларының дамуы әр түрлі факторлардың ықпалында болды, негізінен үкіметтің жер саясатына байланысты еді.

Үкіметтің қазақ жерлерін кең түрде тартып алу бағыты нәтижесінде дамуға бүкіл негізі бар болған қазақтардың шаруашылығының құлдырауы басталды. Өз жерлерінен қуылған қазақтар оны арендаға алуға мәжбүр болды. Қазақтардың жағдайы арендалық төлем жыл сайын өсе түскен сайын нашарлай берді. ХІХ ғасырдың соңында үкімет Сібір мен Ертіс өңірінде қоныс аударушылар арасында ірі фермерлік шаруашылық құру арқылы жеке меншік жер иеленуді құруға жоспар дайындай бастады. Ауыл шаруашылық кәсіпкерліктің дамуына тауарлы ауыл шаруашылық өніміне сұраныстың өсуі жағдай жасады. Нәтижесінде шабындық жер аумағының прогрессті түрде кеңеюі мен мал басының өсуі сондай-ақ агротехнологияның сапалы түрде өзгеруі басталып, малдың жаңа тұқымы мен астықтың жаңа сорты пайда болды. Бұл үрдістерде негізінен новатор болған ауыл шаруашылық кәсіпкерлер болды. Олардың арқасында аймақта тайпалық тұқымды кең қолданған интенсивті мал шаруашылық болды. Кәсіпкерлік шаруашылық егістіктің алдыңғы қатарлы технологиясы мен жақсы тұқымдық материалдарды қолданудың да көзі болды.

Ауыл шаруашылық кәсіпкерліктердің саудагерлер мен өсімқорлар қызметінен айырмашылығы капиталды қолданудың анағұрлым күрделі формасын ұсынды. Ең алдымен олардың капиталы өндірістің өте маңызды және ауыл шаруашылық машиналар мен жалдамалы жұмыс күшін қолдануға негізделген анағұрлым ірі саласына тартылды.

Ертіс өңірінің ауыл шаруашылығында маңызды орынды, әсіресе далалық аймақта мал шаруашылығы иеленді. Ауыл шаруашылығының бұл саласы елде басым болды, және мал шаруашылығында негізгі тауар өндірушілер 70 пайыз малды иеленген қазақтар болды. Мал шаруашылығы үлкен экономикалық табыс әкелді. 61 монографиялық сипаттардың мәліметтері бойынша мал шаруашылығынан түсетін табыстың көлемі 70 пайызы аз болмаған.

Мал қазақтарға өзінің бүкіл өмір қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік берді. Қазақтардың тамағы сүт тағамдарынан тұрды, оның салмағы қазақтардың тамақтану тәртібінде 80-90 пайызды құрады. Қыста тамаққа ет, ең бірінші жылқы немесе қой еті пайдаланылды. Малдан алынған тағам ет, сүт пен қымыз көп болған жағдайда көшпенділер шай, қант, нан сияқты заттарға жай тәттіге құмарлық ретінде, күнде қол жете бермейтін нәрсе ретінде қараған. Қазақтар өздерінің барлық игілігін малға артты.

Шаруа үшін ең ауыр жұт болды, себебі барлық аудандарда капиталдың басты үлесі малға салынғандықтан, жұттар бірден оның экономикалық игілігін тамырынан үзді. Әсіресе ол көп малды топ үшін апатты болды, себебі оларда малға бүкіл капиталдың 80-90 пайызына дейін түсті.

Қатал табиғи жағдайларға бейімделе отырып, қазақтар қырағылық пен төзімділік көрсетуге мәжбүр болды. Тауар-ақша қатынастарының дамуы жағдайында қазақтар шаруашылықты нарық сұраныстарына сәйкес құруға тырысты, олар сатып алушылар тарапынан үлкен сұранысқа ие болатын мал түрін өсіріп, мал шаруашылық өнімдерін өсірді.

Ішкі нарықта қанша тауарлы мал сатылғаны және қаншасы өлкеден шет аймақтарға әкетілгені жайлы толық мәліметтер жоқ. Малдың бірдей түрі халықпен жергілікті базарларда сатылып, осы жерде өсімқорлармен сатып алынып, басқа аудандарда қайта сатылды.

Кесте 9 - 1900 ж. Ертіс өңірі өлкесіндегі тауарлы мал шаруашылығының дамуының мүмкіндіктері




облыстар

қой мен ешкі

ірі қара

жылқы

түйе

Ақмола

1247683

363430

610011

96533

Семей

1795679

343364

567552

55482

Қазақтар негізінен малдың төрт түрін өсірді: жылқы, түйе, және мүйізді қара мал.

Қазақтардың шаруашылығында негізгі рөлді қой ойнады. Қатал табиғатқа бейімделген дала қойы төзімділігімен ерекшеленді: кез келген шөпті қорек етіп ұзақ жол жүре алды. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен қой өсіру мал шаруашылығының пайдалы тауарлы саласына айналды.

ХІХ ғасырдың ортасында қойлар ақшаның алғашқы қызметін атқаратын ортақ эквивалент ретінде қызмет етті. Қой үлкен сұранысқа ие болды. Сондықтан кәсіпкерлерге негізгі табыс әкелді. Сауданың маңызды заты немесе даладан шығаратын тауар құйрық майы болды. 2-3 жылдық қазақ қойының жақсы майлы қабы 2 пұт, кейде одан да көп май берген. Қойдың майына сұраныстың өсуі сондай-ақ май шам мен сабын өндірумен байланысты болды. Майдан басқа, құйрықты қой 1,5 пұт ет және 3-4 фунт жүн берді. Әсіресе қазақи қойлардың қозыларының дәмді еті жоғары бағаланды, ол етті жыл сайын сарай төңірегіндегілердің үстелін қанағаттандыру үшін Петербургке жөнелткен. Қазақи қойлардың жоғары сапалы тұқымы тек қана өлкенің казак станицаларының кәсіпкер-малшыларының назарын аударған жоқ. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақи тұқымды қойларды өсіру Еділ бойында да байқалады. Қазақ саудасында бірінші тауар жүнді қазақ мериностар болды. Ол сапасы бойынша тек бұхар тұқымына ғана орын берді, бірақ оған қарағанда арзанырақ болды, сондықтан сатып алушылар арасында анағұрлым тез сатылды. Ұзақ уақыт бойы ұсақ малдың тауарлығы етке, қой мен ешкі терісіне деген нарық сұранысымен байланысты, малдың басқа түрінің тауарлығына қарағанда анағұрлдым жоғары болды.

Капиталистік қатынастардың қазақ ауылына енуімен қазақтарда мал шаруашылық сипаты өзгерді, ауырлық орталығы қой шаруашылығы мен жылқы шаруашылығынан көбірек табыс әкелетін ірі мүйізді қараны өсіруге ауысты. 1895 жылы 1894 жылмен салыстырғанда қойлардың саны 82958 басқа, немесе 4,6 пайызға, ал 1892 жылмен салыстырғанда 240569 басқа немесе 12,3 пайызға қысқарды. Ірі мүйізді қара жер өңдеуде жегетін күш болды және базарға ет, сүт өнімдерін негізгі шығарушы болды. Ірі қара санының өсуі қазақтардың жартылай отырықшылыққа өтуімен және жер жыртудың таралуымен байланысты жаңа шаруашылық жағдайға бейімделуін көрсетті.

Ертіс өңірінде ірі қараның үлесінің табында өсуі шаруашылық түрінің өзгеуінде ғана емес, сонымен бірге базар сұранысынан көрінді. Ірі қараны сату үлкен табыс түсірді. Үлкен сұранысқа қазақи сиырлар ие болды. Олар көлемі кішірек болса да, еті тәтті болды.

Ірі қараны өсірумен байланысты қазақтарда ұсақ кәсіпкерлердің – сүт өнімдерін қайта өңдейтін алып-сатарлардың саны өсті. Май өңдеудің дамуы ірі қараны өсіруді және оның тұқымының жақсаруын ынталандырды. Май өңдеу жеткілікті дамыған және сауда сипатында болған өлкенің кейбір жерлерінде халық пайда санында емес, малдың сапасында деген қорытындыға келіп, соңғысына үлкен мән берді. Ірі қараны жақсарту мақсатында қазақтар өлкеде астрахандық тұқымдас сиырларды өсіре бастады. Ол «саранау сиыр» деп аталды. Шаруалардың мал тұқымын жақсартуға тырысуы тауарлы мал шаруашылығының өсімінің көрсеткіші болды.

Тауарлы ірі қараның негізгі өндірушілері отырықшы қазақтар болды, осындай малдың саны оларда 40-50 пайызға дейін жетті, ал жылқылар тек 30-40 пайыз болды. Әсіресе ірі қара өсіру аз көшіп-қонған және аз қой мен түйе ұстаған Ертіс өңірінің қазақтарының басты кәсібі болды. Ірі қара Ертіс өңірінің қазақтарының бүкіл табынының 1/3 бөлігін құрады. Бұл базардың талап етуімен түсіндірілді. Басты назарды бай малшылардың шаруашылығындағы ірі қараға аударылды. Мұндай малды табынмен (Павлодар мен Семей уезінің бір бөлігінен) Орынборға сатуға айдады.

Жылқылар қоныс аударушылар арасында егістікте жұмыс істеуге қолайлы құнды жұмыс күші ретінде табылды. Сондай-ақ жылқылардың тұрақты сатып алушылары қала тұрғындары болды. Омбы шаруашылығында 1893 жылға қарай: 3426 бас жылқы, ірі қара - 2067, қой - 98 бас болды. ХХ ғасырдың басында Ертіс өңірінде жылқы өсіру ісі дами бастады. Мініс аттарын шығарумен айналысатын жеке меншік жылқы зауыты арендаға алған казактың әскери жерлерінде Ақмола облысында болды. 1914 жылы тек қана Омбы уезінде 8 жылқы зауыты болды. Семей облысында Плещеев пен Сорокин зауыттары әйгілі болды. Бұл бизнесте үлкен жетістікке қазақ мал өнеркәсіпшілері ие болды. Ақмола облысында жергілікті қазақтардың 2 жылқы зауыты болды. Жылқы өсіруді табысты жүргізгені үшін басқа да ірі мал кәсіпкерліктерімен қатар, 1897 жылы табыны 8 мың жылқыдан тұрған Павлодар уезінің Ақкелін болысынан Сәдуақас Мусин Шорманов Станислав лентасындағы күміс медальмен марапатталды. Ауқатты жылқы өсіруші қазақтар далаға жылқы сатып алушыларға наурыздың соңында Орынбор, Самара және Европалық Ресейдің жергілікті далаларына жақын жерлерден келгендерге жылқыларын сатты. Жергілікті жылқы өсірушілер негізінен нарық қажеттіліктерін жұмыс жылқыларында қамтамасыз етті.
Кесте 10 - 1912 ж. - 1916 ж. дейін жылқылардың саны туралы мәліметтер


Жылдар

жұмыс аты

жас төл

құлын

барлығы

1912

2091,2

343,0

339,2

2773,4

1916

2746,2

629,7

707,6

4083,5

Ертіс өңіріндегі өлкеде тауар өндірісінің дамуымен өлкеде тауарлы мал шаруашылығының белгілі аудандары қалыптаса бастады. Тауар-ақша қатынастары сауда орындары, қалалар, жәрмеңкелер, поштаға жақын орналасқан жерлерге табиғи жағдайы қолайлы жерлерге Ш. Уалиханов мал шаруашылығын өсіруде сол уақытта әсіресе қолайлы болған «ормандар мен шабындықтармен жамылған Көкшетау округі, Ақмола облысының солтүстік бөлігі және Семей облысының ішкі округі» болды.

Қазақ шаруаларын статистикалық зерттеулер бойынша Қазақстанның мал өсіруші маңызды аудандарының бірі Семей облысы болды. Мал шаруашылығы Семей облысының бүкіл тұрғындары қалайтын іс болды. Бірақ бұл облыстың әр түрлі аудандарында мал шаруашылығы біркелкі дәрежеде емес дамыды. Ең көп мал басы Павлодар уезінде - 28,6 пайыз, ең аз - 11 пайыз Өскеменде болды. Павлодар уезінде жылқы мен ірі қара өсіруді көбейту бірдей болса, Семей және Ақмола уездерінде жылқы саны артты. Жылқы өсірудің дамуы бойынша уездер мынадай тәртіппен жүрді: Семей, Ақмола, Павлодар, Қарқаралы және Өскемен. Ақмола облысының мал шаруашылығы байлығы 1914 жылғы қарардың мәліметтері бойынша 158 млн. сомды құрады. Ауқатты қазақтар 10 мыңға дейін ірі қара мен жылқылар ұстаған, ал қойларының санын білмеген.

Мал шаруашылығының тауарлығы әсіресе ірі байлардың шаруашылықтарында күшейді. Олар мал шаруашылығымен «өнеркәсіптік мақсатпен» айналыса бастады, яғни малды сату үшін ұстауға тырысты. Байлар малдың (қой, жылқы) қыста тебіндеп жемін табатын, тез көбейетін және үлкен пайда әкелетін түрін көп өсірді. Малды базар үшін өсірген жаңа байлар жәрмеңкелерге жүз мыңдаған малды әкелген, Семей мещандарының кейбіреулері маркитандықпен айналысқан, сойып сатумен айналысқан. 1 жыл ішінде 4 мыңға дейін ірі қараны, 25 мыңға дейін қойларды, 3 мыңға дейін бұзауларды сойып тапсырған. Өгіз бен сиырдың орташа салмағы 9 пұт, бұзау-35 ф. деп болжамдай отыра, қалада ет тұтыну 61262 пұтқа дейін тұтынылды.

Тауарлы мал шаруашылығы өлкенің өнеркәсіптік қатынасында үлкен мәнге ие болды. Мал шаруашылығы шикізатының өнімдерін өңдейтін жергілікті зауыттар даладан ең бастысы май, тері, жүн және қой алды. Сібір темір жолын салғаннан кейін мал шаруашылығының өнімдерін кең көлемде Ресейдің еуропалық бөлігіне өңдеу үшін экспортқа шығарған. Мал шаруашылығы бизнесі одан да жоғары қарқын алды.

1903-1907 жж. Сібірлік ет Ертіс өңірінен шыққанымен бірге қоса, астаналық етті базарларда 12 пайызды, ал 1908-1913 жж.- 45-50 пайызды құрады. Еуропаға тек сиыр және шошқа еті ғана жүрді, қой еті шығарылған жоқ деп айтуға болады. Жыл сайын Ақмола және Семей облыстарынан көптеген мың қойлар айдап әкелінген Түркістан өлкесі қазақ қойы үшін басты базар болды. Май экспорты 1915 жылы өз шарықтау шегіне жетті және шамамен млн. пұтқа тең болды. Осылай кең түрде шетке шығару жергілікті халыққа аз пайда әкелді, мұнда табысқа кенеліп пайда тапқандар – делдалдар мен экспортқа шығарушылардың өзі болды. Тоқталмайтын шетке шығарудың салдарынан малдың сату үшін шикізатқа айналуына әкеліп, қазақтарда малдың құлдырауына әкелді. Әсіресе казак отарлауының ауыр ықпалын Павлодар уезі көрді. Сондықтан ауыл шаруашылығының дағдарысына ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында-ақ ұшырады.

Өңделмеген тері, жүн, жылқы қылы және сүт өнімдері сияқты мал шаруашылығының өнімдерін сататын қолайлы іспен айналысатын ауыл шаруашылық кәсіпкерлердің қызметінің есептеуінсіз тауарлы мал шаруашылығының анализі толық емес болушы еді. Әсіресе, жылқы мен ірі қара терісімен айналысу пайдалы іс болды. 1913 жылғы мәліметтер бойынша 100 жылқы терісінен бесеуі шаруашылық қажетіне жұмсалса, ал қалғаны сатылды. Орташа жылқы терісі оның көлемін қоспай-ақ – 3 сом 64 тиынға, сиыр – 3 сом 93 тиын, қой терісі - 64 тиынға сатылды.

Теріні сату және өңдеу табысты болды. Кәсіпкерлер базарға ақ жүнді көбірек жеткізуге тырысты, себебі ол қымбатырақ бағаланды.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында-ХХ ғасырдың басында қазақтардың шаруашылық өмірі белсенді кәсіптік қызметпен сипатталды. Ертіс өңірінде мал ұстаған қожайындардың барлығы шөп шабумен айналысты. Омбы уезінде тек 6 пайыз ғана шөп шапқан жоқ. Шөп шабумен Өскемен уезінде 97 пайыз шаруашылық, Зайсанда - 44,5 пайыз, Павлодарда - 73 пайыз айналысты. Тауарлы шөп шабатын аудан – шөбі шалғын Ертістің солтүстік жағалауы болды. Кей жерлерде шалғынды кілем жағалаумен енімен 15 верстке дейін төселді. Ертіс казак шебінің бұл бөлігінің тұрғындары үшін Ертістің көктемгі су тасқыны Нілдің тасуын қажет ететін мысырлықтар сияқты үлкен маңызы болды. 1 десятинадан кей жерлерде 20 пұттан, кей жерлерде 100 пұттан аса шөп алынды. Павлодар уезінде Ертіс бойымен қазақтар бір шаруашылыққа 2,5 тоннадан шөп шапқан, яғни олардың табынына қажет мөлшерден көбірек. Кейбір ірі байлар шөп шабуды табыс көзі ретінде қолданған. Жеткілікті шөп қоры бар кейбір қазақ шаруашылықтары арзан бағамен малды сатып алып, сосын көктемде олар бұл малды пайдамен сатқан. Ірі малшылар ауыл шаруашылық техникасын қолданған, шөп шабу үшін үлкен жерді иеленді. Нәтижесінде қазақтар арасында шөптің үлкен қоры болды. Петропавл уезі қазақтарында жинайтын шөп 7 жылда (1901-1908 жж.) 1 жылда 925 мыңнан 3263 мың үйірге дейін ұлғайды. Бай қазақтар малшылар шөп шабуға тек шалғы ғана емес, шөп шабатын машиналарды да пайдаланды. Семейлік Ертіс өңірінде шаруалардағы астық қоры дүкендеріне ұқсаса қазақтарды малдың қырылуынан құтқару мақсатындағы алғашқы шөп қоймалары пайда болды. Көптеген бай қазақтар тіпті шөп қорын жинай тұра, өз табынын бүкіл қыс бойы қоректендіруге жағдайы болмағанын айта кеткен жөн. Қыс уақытында 1 бас малды қоректендіру үшін шамамен орта сапалы табиғи жайылымдардан 8-10 гектар қажет болды. Егер де орташа тұратын отбасының 6 ай мерзімде жүздеген жылқы мен 200 қойды қоректендіру үшін қанша шөп дайындау керек екендігін есептесе, бұған шөп шабатын жерлер де, жұмыс қолы да жетпейтіні анық. Негізінен үлкен мал өсіруші шаруашылық тебіндеп жүретін малдың есебінен жүрді.

Бұрынғы уақыттан бері қазақтар аң аулаумен айналысты, түлкі, қарсақ аулау әсіресе пайдалы болды. Қарсақ аулау кәсібі Бұқтырма мен Катун шыңдарында және Чернова және Хайыр-Чумын өзендерінде жүрді. Аң терісі өз қажеттіліктеріне ғана емес, сонымен бірге көбінесе сатуға пайдаланылды. Қазақ кәсіпкерлеріне үлкен табысты бөкен, жолбарыс, аю, қасқыр аулағаннан түсті. Қапал, Аягөз және көкпектілік казактары (әсіресе соңғылары) әр күз сайын бірнеше жүз қабандарды сойып, бір бөлігін азыққа қолданып, бір бөлігін Өскемен мен Семейге әкетіп, сонда 1 пұт үшін 80 тиыннан 1 сом күміске дейін сатқан; қабанның еті тамаша дәмді болды. Қазақтар қабанды «қой казак» деп атап, казактарды келемеждеген. Бірақ архив құжаттары қазақтар құс аулаумен айналысқандығы, әсіресе маусым айында құс түлеген кезде аққу аулағанын көрсетеді. «Табысты құс аулау жүрген кезде, аңшылар көп болғанда 10 күнде 1000 аққуға дейін алған. Аққудың терілерін олар өңдеп шекаралас селоларға сатқан, бағалы өңдеуге жарамайтын терілерден қауырсынынан тазалап, орыс саудагерлеріне жақсы бағамен берген». Аққуларды аулау (мысалға Павлодарға жақын Лебяжье поселкесіндегі Аққу көлінде) табысты кәсіп болып саналды. Революцияға дейін Ақмола және Қоянды жәрмеңкелерінде жыл сайын 1000 аққу терісі сатылған. Бұл тамаша құстардың қауырсыны да сән үлгісі болды. Қырғауылдың қауырсыны мен етін сату үлкен пайда түсірді, себебі ол қаз бен үйрек еттерінен дәмдірек болды. Қазақтар сарышұнақты кең аулады. Орыс қоныс аударушылары келгенге дейін қазақтар кәсіптік көзқараста сарышұнақ аулауды пайдасыз деп есептеп, мүлдем ауламаған. Бірақ Воронеж губерниясынан шыққан шаруалар байбактарды мұқият аулап, одан пайда көргеннен кейін, көшпелілер орыс кәсіпкерлеріне ақырындап ене бастап, олардың аулау тәсілін қабылдады. Сарышұнақтың майы сабын істеуге жұмсалды, ал терісі сатылды. Әсіресе белсенді аң аулаумен Бұқтырма халқы айналысты. 1 жылда шамамен 100 қарсақ, 300 түлкі, 500 ешкі және 150 маралға дейін аулады.

Маралдарды қолға үйрету шаруашылыққа үлкен табыс түсірді. Тарбағатай тауларының солтүстік-шығыс жағын көшіп-қонатын Байжігіт руы маралдардың мүйізін негізгі табыс көзі ретінде пайдаланған. Ертіс өңірінің жоғарғы жағында шаруалар маралдарды қолға үйретіп, олардың мүйізін кесіп, Қытайға сатқан, маралды ағаштар өскен қоршалған жерлерде ұстады. Әсіресе жас мүйіз бағаланды, оларды Қытайға жоғарғы бағамен сатты. Қытайда маралдың мүйізінің бағасы 25-тен 75 ланға дейін (лан-2 сомға тең) бағаланды, қытайлықтар жақсы қос мүйізді 150-ге, кейде 200 сомға сатып алды. Мүйіздерден күш беретін дәрілер жасалды. Маралдың терісі қолғап жасау үшін Ресейдің ішкі аудандарына әкелінді. Алғашқы марал шаруашылығы кәсіпкерлерінің табысты тәжірибесі басқа жергілікті тұрғындарды оларға еліктеуге мәжбүр етті, бұл кәсіп Алтай мен Семей облыстарында кең таралған.

Қазақ даласы ара шаруашылығының дамуы үшін қолайлы болды, себебі далалық таулы жерлерде көп бал беруші өсімдіктер болды. Ара шаруашылығы әсіресе ортаазилық көпестер тарапынан сұраныстың өсуіне үлкен пайда келтірді. Астықты жылдары 10 ұядан 5-10 пұтқа дейін бал, 20 фунттан 1,5 пұтқа дейін воск алынды. Балды Ірбіт жәрмеңкесінде сатқан.


Кесте 11 - 1910 жылғы ара шаруашылығы

Облыс


Омарталар саны

Ара ұяларының саны

Барлық ұялардан сатылғаны

Колод рамоч.

барлығы

Бал

Ақмола

36

393

10

43

69

7

Семей

280

1136

296

11660

3346

377

Тауарлы-кәсіпкерлік сипат алған ара шаруашылығы Семей облысында дамыды.

Ертіс өңірінің кәсіпкерлерінің бір бөлігі балық кәсіпшілігімен айналысты. Ертіс балық шаруашылығы Өскемен және Зайсан уездерінің казактарында дамыды: қазақтар мен шаруалар онымен аз айналысты, себебі Ертіс жағалауы казактардың иелігінде болды. 1861-1864 жж. Зайсан, Қара және Төменгі Ертіс әскери-басқармамен 3 казакқа: Плотников, Загвоздин, Мальцовке 4200 сомға арендаға берді. Арендаторлар 1 жылда одан таза табыс 15 мың сом күміс алды, 3 жылда оларда 45 мың сом күміс капитал жиналды.

Балық шаруашылығы Зайсаннан басқа қазақ мәдениетіне кірген жоқ. Мұнда балық бірнеше айлар бойы қазақ үстелінің бір бөлігін құрады. Қара Ертісте балық аулаумен қазақтың балықшы кәсіпкері Данияр Мендібайұлы айналысып, жыл сайын шамамен көктемде 3000-ға дейін, күзде 5000 балық аулап, 14 920 сом күміс табыс тапқан. Ауланған балықтың артығын балықшы кәсіпкерлер жақын қалаларға Томс және Тобыл губерниясының селолық жәрмеңкелеріне немесе ауылдың алыпсатарларына сатты.


Кесте 12 - Балықшы кәсіпкерлердің табыстары туралы балық аулаудың бақылаушысының есептері


Балық

кәсіпшілері



1876 ж.

1874 ж.

1875 ж.

жалпы табыс

шығын

таза табыс

таза табыс

таза табыс

1

2

3

4

5

6

12-кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6

Әскерден жалға алушылар

9503

7843

1660

1691

1434

Олардан жалдаушылар

11655

6188

5467

2542

3728

Делдалдар

соңғылардың арасынан



4532

1960

2572

1319

3124

Барлығы

25690

15991

9699

5552

8286

ХХ ғасырдың басында аймақта тасымал көлікпен байланысты кәсіп дамыды. Семей облысында нан, тұз, кен тасыды. Егер жеңіл және пошталық тасымал казактардың қолында болса, қазақтар тек жәмшіктер ретінде ғана болды. Павлодар төңірегінде тасымалмен айналысатын ауылдар болды. Тасымалданатын жүк әрбір 500 верстке 30-дан 50-тиынға дейін уақыт мерзімі мен жол жағдайына қарай бағаланды.

ХХ ғасырдың орман материалдарын дайындау кәсібі дамыды. 1911 жылы 1 қаңтарына қарай Ақмола облысында 4 ағаш кесетін зауыт болды. Ағаш дайындайтын қазыналық күштерден басқа жеке тұлғалар мен шаруалар да айналысты. Материал үшін Павлодар уезінен 300-400 верстке келген. Семей поселкесінен 5 верст орналасқан Нүрпейіс Тілеуғабыловтың ауылы ағаш кесумен айналысты.

Киіз үйлерді жасау және сату кәсібі өлкеде ерекше кәсіп болды. Киіз үйлер станицалық деп аталатын ішкі қазақтардан сатып алынды. Жақсы жабдықтар, киіз үйдің диаметрі 3 сажын болатын ағаш корпусы облыстық көшпелілермен станицалық қазақтардан 100 сом күміске, ал кейде одан қымбатқа сатып алынды. Ең қарапайым жабдықталған, орташа көлемдегі киіз үй қазақтар арасында 20 немесе 30 ғана сомға бағаланды. Қазақтардың дәстүрлі кәсібі кілем тоқу болды. Семей облысының Ақкелін, Алексеевка, Баянауыл болыстарында әр түрлі түске боялған шеріс жіптен кілемдер тоқылды. Мұндай кілемдер Баянауыл жәрмеңкесінде біреуі 20 сомға алынды. Қоныс аударушылардың ықпалымен Ертіс өңірінде кәсіп дами бастады.

Осылайша Ертіс өңірі ауылдарындағы шаруа кәсіптері ауыл шаруашылығында капиталистік қатынастардың дамуы үшін база қалыптасты. Ірі қалаларға және темір жолдарға, сондай-ақ қазақ шаруашылығының тауарлығы жоғары болған аймақтарға жақын уездерде кәсіптер жақсы дамыды. Қостанай, Павлодар, Петропавл, Омбы, Ақтөбе, Көкшетау сияқты мал өсіруші-егіншілік уездер - 31-ден 60 пайызға дейін шаруашылық берген.

Кәсіпкерлік кәсіптің дамуы царизм саясатымен тежелді. Ресей империясының үкіметі Қазақстанды Ресей өнеркісібінің шикізат базасы етуді және өнеркәсіптік тауарлардың нарығы етуге тырысты. Сондықтан Ресей нарығының сұраныстары қазақ малы мен мал шаруашылық шикізаттың өтімділігін, сонымен бірге мал шаруашылығының кейбір бұйымдарын ұсақ тауар өндірісін шығаруды ынталандырды. Қазақ қолөнеріне деген шектеулі сұраныста оның бұйымдарының түрленуіне белсенді жеткілікті түрдегі стимул болған жоқ.

Осылайша Ертіс өңірінде мал шаруашылығының жағдайы үлкен тауарлық және өнеркәсіптік мағынада болды. Барлық жергілікті кәсіпкерлер өз бизнесін тауарлық мал шаруашылығында құрды. Әсіресе мал шаруашылығының тауарлығы орташа байлардың шаруашылықтарында күшейді. Мал шаруашылығы плантаторлығының бастамалары Ақмола және Семей облыстарының малшы-кәсіпкерлерінің аз капиталистік шаруашылықтары болды. Бірақ олардың әрі қарай дамуына Ертіс өңіріндегі жайылымға деген патша монополиясы мен анағұрлым перспективалы сала тауарлы мал шаруашылығына экономикалық күшті адамдарды тартушы механизмнің болмауы бөгет жасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет