Xix ғ. Екінші жартысы – XX ғ. Басындағы ертіс өҢіріндегі


Тексеруге арналған сұрақтар



бет4/6
Дата25.02.2016
өлшемі1.2 Mb.
#19173
1   2   3   4   5   6

Тексеруге арналған сұрақтар
1. XIX ғ. екінші жартысында– XX ғ. басында Ертіс өнірінде тауарлық мал шаруашылығы қалай дамыды?

2. Қазақ ауылында капиталистік қатынастар енгізуімен қазақтардың мал шаруашылығының сипаты қалай өзгерді?

3. Ертіс өнірінде тауарлық мал шаруашылығы қай жерлерде қалыптасты?

4. XIX ғ. екінші жартысында– XX ғ. басында Ертіс өніріндегі ірі қара мал шаруашылығының ерекшеліктері неде?

5. Малды өсіру саласындағы кәсіпкерліктің ерекшеліктері қандай?

6. Ертіс өңірінде жүн өңдеу қалай дамыды?




2.2 Тауарлық егіншілік шеңберіндегі кәсіпкерлік
1 ХІХ ғасырдың екінші жартысында - ХХ ғасырдың басында қазақ егіншілігінің сипаты.

2 Егін салуға ең қолайлы аймақтар.

3 Қазақтардың жер жыртудағы коммерциялық тауар сипаты.

4 Капиталистік қатынастардың ықпалымен қазақтар өз шаруашылығында жетілдірілген ауыл шаруашылық машиналарды қолданудың жетістіктері.


ХІХ ғасырдың екінші ширегіндегі қазақ егіншілігінің маңызды тән сипаты, оның анағұрлым тауарлы сипат алып, тек егіншінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, сондай-ақ нарық үшін де шығарылуы болып табылады.

Көшпелі салт үстемдігі, патриархалды-рулық қалдықтар көрінісі мен өлкенің отарлық жағдайында тауарлық егіншіліктің тууы оның дамуының баяу қарқынын көрсетті. Егіншілік ертіс өңірінде дамыған жоқ, себебі егінге қолайлы жер аз болды. Аумақтың 1/5 бөлігінен көбі тұщы сусыз, топырақты шөл, тіпті жайылымға да жарамсыз жерлер болды.

Алайда көптеген қиыншылықтарға қарамастан және қазақтардың еңбек сүйгіштігінің арқасында Ертіс өңірінің кейбір аудандарында егіншілік жоғары дамыды.

Көшпелі халықта егіншіліктің дамуы отырықшыға қарағанда интенсивті жүрді. Патша үкіметінің қазақтардың егіншілікке өтуін қолдайтын бұйрығы үстірт сипатта болды, егіншілікпен айналысушыларға 15 десятина жер берілді. Шындығында шаруашылықты мықтап тұрғызу үшін көп жер беру керек болды, өйткені мұнда жерлер Ресейге қарағанда әлсіздеу болды, оны демалдыру керек болды. Осыны есептегенде, 15 десятиналық жер егіншілік үшін жеткіліксіз еді. Қазақтар арасында егіншілікті қолдаушы царизмнің өз ісінен ауытқуы көптеген фактілермен дәлелденеді. Егіншілік пен отырықшылыққа өткен қазақ шаруаларын олардың өңдеген егістіктерін зорлықпен алып қою. Семей уезінде қоныс аударушыларға Семейден 90 верст орналасқан Жатар учаскесі берілді, ондағы қазақтардың бүкіл егістігі қоныстанушыларға көшті. Солтүстік-Шығыс Қазақстанның құнарлы ауданы қолданылмады, ал оның орнына қазақтарды отырған жерінен қуу қолданылды. 1906 жылы мәлімет бойынша Семей облысында қазақ қауымының жерінен жер өңдеуге қолайлы 3183350 жер тартып алынды. Егін егу қазақтар арасында әсіресе 1908 жылы далаға поселкелер құруға қоныс аударушылардың ведомстволық бұйрығы түскен кезде ығыстырылды.

Ертіс өңіріне қоныс аударудың күшеюімен астықтың өспей қалуы жиіледі. Осы жұтты жылдар 1900 жылдан бастап халықтың сатып алушылық және сатушылық қабілетін әлсіретті.

Басқа жағынан халықтың тығыздалуына орай, экстенсивті мал шаруашылығын жүргізу мүмкін болмады, тек табиғи жағдайлары жақсы жерлерде егіншілік дами бастады. Егіншіліктің дамуының анағұрлым ірі көлемі Семей облысына тән болды. 1880 жылдан 1910 жыл аралығында Семей облысында егістік көлемі 9 есе, Жетісу облысында - 4,5 есе өсті. Қоныс аудару және жайылымдардың қысқару себептерінен басқа өлкеде егіншіліктің дамуына басқа да себептер болды, ол қолайлы табиғи жағдайлары бар аудандар еді.

ХІХ ғасырдың ортасында егін салуға анағұрлым дамыған аудандар Көкшетау, Көкпекті, Аягөз аудандары болды. Омбы облыстық әкімшілігі Сібір ведомствосы қазақтары арасында егіншілік пен отырықшылықтың қорытындысын жүргізген 1844 жылғы құжатта айтылған: «Қазақтар біртіндеп егін салуды ұлғайтуда. Бұл өнеркәсіпте өткен жылы Тарбағатай таулары маңында көшіп жүрген Аягөз және Көкпекті округтерінің қазақтары ерекше көзге түсті, астықтың артығынан олар селоларда тұратындарды нанмен жабдықтады, тіпті шепке дейін әкелді». Бұл мысал патша тарихшыларының қазақтар табиғатынан шаруашылықтың жаңа тәсіліне бейімделе алмайды, олар тек ескіше мал баға береді деген пікірлерінің қате екенін дәлелдейді.

Ертіс өңірі өлкесін статистикалық сипаттауда Көкпекті және Аягөз округінің қазақтарының еңбексүйгіштігі көрсетіліп: «бұл кәсіпкерлік (егін салу) орыстар мен қытайлардан үйреніп, олардан асып түсті, жиі болатын құрғақшылықта олар қолдан суарды».

Семей уезінің оңтүстігінде, Қарқаралының солтүстік бөлігінде, Павлодардың оңтүстік-батысында шабындықтың бір бөлігін қазақтар қыста қар тұрып қалатын төменгі жерлерде, ал жерді жақсы құнарлануы үшін жасанды түрде қар үйген.

Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарында астық жер өңдеу техникасымен, егудің өзіндік мерзімдерімен, тұқым сапасымен және маусымдық климаттық жағдайлармен байланысты болды.

ХХ ғасырдың басында тауар-ақша қатынастарының дамуымен жаңа ұн илейтін аудандар пайда болды, олар нанды басты нарықтық өнім ретінде шығарды. Өскемен мен Зайсан, Семей уезінің Белағаш болысы, Тоқырау, Шу өзендерінің Қарқаралы ауданының кейбір жерлері. Әсіресе Өскеменді Семей облысының нан шығарушы ауданы деп есептеуге болады, өйткені оның себебі тек халқының құрамының сипатында ғана емес, құнарлы және климаттық жағдайлары да болды.

Өскемен уезінде судың көптігімен және жердің сирек сапасымен және климатымен ерекшеленді. Сондықтан бұл уез егін салуға ең қолайлы аймақ болып табылды. Мұнда Семей уезінің Белағаш болысын есептемей, қазақ егіншілігінің орталығы орналасты. Щербина жинағының ІХ томында былай жазылған: «Өскемен уезінің 150101 десятина шаруашылығынан 9 жыл бұрын егістігі барлар 10488 немесе 69,5 пайыз болды, яғни бұған қатысты Өскемен уезі 94 пайыз қазақтар нан салатын Ақтөбеден кейін екінші орында». 1887 жылғы Семей облысының қарарының көшпелі және жартылай көшпелі халықтың егіншілікке қатысуы туралы мәліметтерінде Өскемен уезінің - 9165 шаңырақ (57,91 пайыз) біріншілігін көрсетеді. Одан кейін Зайсан уезі - 10038 шаңырақ (46,04 пайыз), Семей уезі - 5300 шаңырақ (20,33 пайыз), Қарқаралы уезі - 2824 шаңырақ (9,25 пайыз), Павлодар уезі - 598 шаңырақ (2,73 пайыз).

Семей уезінің кейбір аудандарында сатуға көбірек астық өндірілді. Семейде солтүстікке қарай Томск губерниясының шекарасында орналасқан Белағаш даласы қара топырағы қалың, тегіс жазық болды, бірақ су көздеріне кедей болды. Мұнда тіпті құдық қазуға болмайтын еді. Бұл жердің халқы қыста арнайы қоршап, қар жинап, оны көктем мен жазда қалың шөп қабатымен жапқан, соның арқасында адамдар өздері де тұтынып, малдарын және бау-бақшасын суарған.

Жеке мәліметтерге қарағанда Белағашта егін салумен Семей тұрғындарынан 960 отбасына дейін айналысқан. 12 мың десятинаға дейін жер жыртқан. Онда астықты 6 мың десятина, сұлыны 2 мыңға және тары 4 мың десятинаға дейін еккен. Әсіресе астықты жылдары 1 десятинадан Белағаш егіншілері 200-250 пұт жинаған. Белағаш даласында учаскілер ниет білдірушілердің бәріне жалға берілген. 1 десятинадан 40 тиынға, 1 жылда 20 сом. Бірнеше учаскілерді арендаға алуға берілді, бірақ 50 десятинадан төмен болмау керек болды. Усадьбалық шаруашылық құрылымдары жерлерде сол сияқты 1 десятинадан 1 сомнан, мал жайған үшін -1 десятинадан 20 тиыннан арендалық төлем алынды. Мұндай жағдайларға қарамастан Белағашта жерді пайдалануға арендаторлар көп болды.

Мұнда нарықтық экономика тез дамыды, қазақтар арасында 100-200 десятина нанға дейін септі, жүздеген қаз, күркетауық, үйрек, тауықтары бар құс аулалары болды, олар Семей базарларында сатылды. Астықтың мол шығуының және базардың жақындығының арқасында Белағаш ХІХ ғасырдың 60-70 жж. Ертіс өңірінде тауарлы егіншілік аудандарының біріне айналды.

ХХ ғасырдың басында көшпелі деп есептелген жеке аудандар мал шаруашылығының өнімдерімен бірге егіншілік өнімдерін сатты. Мал шаруашылығынан тауарлы астықты шаруашылыққа маңызды секірісті Ақмола облысы жасады. Тіпті егін салу ешқашан болмаған Ертістің топырақты өңіріндегі орналасқан Павлодар уезінің станицаларында тұрғындардың ¼ бөлігі жер жыртты, мұрағат құжаттарына қарағанда Павлодар уезінде нанның түсімі 1 десятинадан 100-ге дейін және одан да көп пұт алған 1891 жылы жақсы болды. Ертіс өңірінде тауарлы егіншілікке Сібір темір жолы мен Ертіс бойымен сауда пароходының дамуы маңызды тепкін болды.

Қырғыз далалық газетінің корреспондециясында әр жыл сайын қазақтар арасындағы егіншіліктің табыстар туралы мәліметтер көбейді. Павлодар уезінен: «Далалық қырғыздар егіншілікке күннен күнге үйренуде. 1 десятинадан 60-тан 120 пұт нанға дейін алынды. Егер құдай қаласа, егіншілік бізде сүйікті ісіміз болады және біздің өз нанымыз болады».

Бірақ қазақтарда өз диірмендерінің жоқ болуынан қазақтар жинаған нанын қалаларда көп бөлігін бидаймен сатты, орнына ұн сатып алынды. Семей облысының Зайсан уезінде жылқы мен түйеде жүруден басқа жол жылжу тәсілін білмеген қазақтар ешқандай кәсіп білмей, сол уақытта таза жайылымды мал шаруашылығымен қатар суармалы егіншілікпен да айналысқан. Олар өзеннің бойында күрделі ирригациялық жүйелерді тек бір күректің көмегімен ғана жүргізуді көршілері – қытайлар мен дүнгендерден үйренген», - деп көрсетті.

Тауар ақша қажеттілігінің таралуы ауылда тек кедейлер арасында ғана емес, сонымен бірге ауқатты малшылардың арасында егіншіліктің дамуын ынталандырды. Байлар анағұрлым білімді адамдар ретінде қазақ жерін пайдаланушыларды зерттеушілердің жазуынша, егіншіліктің бірінші инициаторлары болған. XIX ғасырдың 80-90 жылдарында тек аудандарда мал шаруашылығымен бірге тауарлы сипатталған егіншілік те бай шаруаларында маңызды рөл ойнады. Бай шаруалар мен байлар нанды базарда сатқан, ал қымбаттаған кезде ұсақ өндірушілерге қарызға берген. XIX ғасырдың соңында тауарлы егіншілік бір мың десятинаға дейін егін сепкен және нанмен саудаласқан ірі байлардың шаруаларда дамыды. Мысалы, орташа 21-ден 42 пұт нан шығарса, бай 300-ден 500 пұтқа дейін жеткізді. XX ғасырдың басынан бастап сатылатын нан көлемі одан сайын ұлғайды. 1910-1915 жж. мәлімметтер бойынша Аманжолов, Жексембай деген байлар жыл сайын бір мыңнан бес мыңға дейін пұт нан сатқан. Тауарлы егіншілікпен айналасқан бай шаруалары да жалдамалы еңбек пайдаланылды.
Кесте 13 - 1909 жылға жататын қазақ жер иеленуін жалдамалы еңбек пайдаланылған шаруалар проценті


Уездер

Жалдамалы еңбек пайдаланатын шаруалар проценті

Ақмола

26,7

Өскемен

17,0

Павлодар

14,5

Капиталистік қатынастардың ықпалымен қазақтар өз шаруашылығында жетілдірілген ауыл шаруашылық машиналар қолдана бастады. Ақмола облысын статистикалық зерттеу уақытында мысалға 1907-1909 жылдары Қазақстанда жалпы 6116 шөпшапқыш тіркелген тырмауыштар әдетте бірінші шаруалар «қосылып» сатып алынды, тіпті бүкіл ауыл болып та сатып алатын жағдайлар кездесті.

Ауыл шаруашылық машиналар әдетте байларға қарады. Көкшетау уезінде 500 бас малы бар әрбір ірі бай шаруаларына 11 құрылым мен 32 ауыл шарушылық құралдардан келді. Халықтың ауқатты бөлігі ауылшаруашылық құралдары сатып алды. Брянск зауытының, Гена, Сакка соқалары шабындық құралдардың 81,5 %-і қолөнершілердің өнімі, ал 18,5 % фабриканттармен шығарылды. Сібір мен Ертіс өңірінде кәсіпкерліктің дамуына үлкен қарқын берген. 1911 ж. Омбыда халықаралық сауда өнеркәсіптік және ауыл-шаруашылық көрініс болды. Жүздеген шетел және Ресей фирмалары өз өнімдерін көріністе көрсетті. Бұл көріністің маңызды жетістіктерінің бірі Ертіс өңірінде тракторлардың пайда болуы еді. Тракторларды Омбыда сатты: пармен жүретін «жұмысшы» фирмасы, ал жылумен жүретін «Халықаралық компания» тракторы қолдану 30-дан 45 %-ға дейін үнем берді.

1894 жылдан Семей облыстарында қазақтарға тұқым қоймалары қойылды. Ауыл шаруашылық машиналарды сатумен өлкеде қоныс аударушы басқармасының қазыналық қоймалары мен, сонымен бірге 600-дей жеке меншік қоймалар айналасты. Ауыл шаруашылық машиналар және құралдарды сату орталығы Ертіс өңірі үшін Омбы, Ақмола болды. 1907 ж. Ақмола облысында ірі қоймаларда 1265106 сомға егіншілік құралдар, машиналар, тұқымдар сатылды, ал 1908ж. барлық 13 қойманың бұл облыстағы сауда айналымы 1416077 сомға жетті. Әр түрлі 8298 соқа 208432 сомға, жинаушы машина 5713 683078 сомға, 2463 ұсақтаушы машина 378757 сомға сатылды. Омбыда ауыл шаруашылық құралдардың көптеген жеке меншік қоймалары мен фирмалары қызмет етті. 1910 ж. олар 1144969 сомға құрал сатты, оған қоса 4723 соқаны 92582 сомға, 1797 шөпшапқышты 248841 сомға, жылқыға тиетін тырмаларды 1673-ін 96210 сомға т.с.с. Сатылған құралдардың 1/3-і қазақ шаруаларының үлесіне тиді. 3 жылда (1910-1912 жж.) Ақмола және Семей облыстарының қазақ шаруалары 1101 және 98 құрал сатып алды. Ертіс өңірі темір соқаларды қолданудан бірінші орында болды. Егер Батыс Сібірде олардың саны 31,1 % құраса, Ертіс өңірінде - 81,7% болды. Жетілдірілген ауыл шаруашылық техниканы қолдану, нанға деген жоғарғы нарықтық сұраныс астық себудің одан әрі ұлғаюына әкелді. Егіншілік министрлігінің мәліметтері бойынша, 1911 ж. Далалық өлкеде 2392292 десятина жер себілді. Оның қазақ халқы 729 мың десятинаны септі. Семей облысы бойынша 1885 ж. қазақтар 12543 десятина, 1906 ж. - 106867 десятина яғни 818 есе көп септі.


Кесте 14 - Тауарлы өсімді себуі


Ауыл шаруашылық мәдениет

(пұт) себілді

десятина жер себілді

(пұт) жиналды

Ашық бидай

221

59

2360

Сұлы егу ұлғая бастады. Оған деген сұраныс көшпелі қазақтардың бір бөлігінің отырықшылануына байланысты, олардың малдары шетел қораға қарағанда қамалумен байланысты өсті. Семей болысының кейбір уездерінде (Өскемен, Зайсан) XX ғасырдың басында қазақтар шеткі орыс халқына сатуға арнайы сұлы өсірді.

Ертіс өңірінің халықтары егіншіліктің артығын әдетте жергілікті жерге, тек сирек жағдайларда ғана Ресей және шетел базарларына шығарды. Жақсы жол қатынасы болмағандықтан, нан жиі түрде өте төмен бағамен сатылды, себебі жол көлігінің нашар болуымен халық шетке шығару ісінде жергілікті бәсекелесе алмады. Тауарлы нанды өндіру жеріне алып сатарлар мен көшпенділер нанды арзанға сатып алу үшін келетін еді. Көлігі бар ауқатты халықтардың бөлігі тауар нанын астық алушы орталыққа: Семей, Павлодар, Омбыға шығарды. Бірақ жергілікті нарық тар болғаны соншалық, астықты жылдары нан нашар өткізілді. Несие мекемелерінің жоқ болу және аз болуынан нан сатып алу сатар өсімқорлардың қолдарында қалды. Олар кепілақы бере отырып, төмен бағаға келісімге тұрды, сондықтан ұсақ өңдірушілер көп жолғалтты. Себебі күзде базар бағасы алыпсатардың белгіленген бағасынан қатты айырмаланды. Одан басқа базар орындары болмаған жерлерде (таразылар болмағанда) егіншілер өлшемей нанды бере салды, ал бұл алып сатарларға пайдалы болды. Өскемен наны жақсы өтті.

Әсіресе Ақмола болыстарында шаруашылық тұтынушылықтан тауарлыққа айналды. Егістің дамуына бір уақытта 2-3 фактор әсер етті. Өз орнында өнім тұтынатын егіншілік халықтың өсуі; ішкі нарықтың өсуі және сыртқының кеңеюі. Барлық 3 факторлардың бір уақытта қимылының арқасында, егістік ауданы халықтың өсімін қуып жетті. Мұнда халық арифметикалық прогрессияда, ал өнім құралдары геометриялық прогрессия түрінде өсті.



Егістік ауданның өсуімен Қазақстанның кәсіпкерлік шаруаларда астықтың өсімі төмен күйінде қала берді. Онда мал шаруашылығы зор экономикалық табыс әкелді. Сондықтан іскер қазақтар қызметінің бірнеше түрін пайдаланды, бір уақытта тауарлы мал шаруашышылығымен, тауарлы егіншілік және саудамен айналысты. 1909 жылға Семей географиялық бөлімшесінің қызметі туралы есепте Семей облысын егіншілік аудан деп оның халқының 86 % -ң көшпенділер болып табылатыны жайлы қатар көрсетілген. Егіншіліктің аймақта таралуы табынның өсуімен қатар жүрді. Ертіс өңірінің экономикалық даму ерекшеліктері осы жағдай болды. Мұнда егіншілікті басты тұлғалар кәсіпкер кулактар болды. Кулак шаруалары фермерлік типтегі шаруашылық болып табылды. Фермерлік құрамы бойынша біртекті болған жоқ; ұсақ фермалардың арендаторлары, ұсақ, орташа және ірі фермалардың иегері. Егістік жерлердің көп бөлігі бай орыстарға қарады. Мықты фермерлерді құру мақсатында жеке меншікке жерлерді белсенді түрде беру П. Столыпиннің аграрлы реформасы (1905-1911 жж.) кезеңінде басталды. Бұл аграрлы саясаттың нәтижесінде, 4 толық емес жылда істелінген іс аз емес еді. Жердің әрбір отбасында орташа есеппен 250 пұт артық нан болды. Ресей сол уақытта ірі астық жабдықтаушы болды. (700 мың пұт сатты - бұл астықтың 1/5 бөлігі). И.Введенский «Егіншілік пен коорперация» деген мақаласында жазған еді. Батыс Европаның соңынан Ресей кесінді жеке шаруалар шаруашылығы капиталистик өндірістің қазіргі жағдайларында оның аяқталған формасын білдіретін ғылымға көрсетті. Ұсақ сөздік шаруа шаруашылығы ұсақ өңдірістің ең жетілген формасы. Мынадай нақыл сөз бұрыннан белгілі: «Адамға қара жерді берсе, ол оны бақшаға айналдырады; ал оны 10 жылдық келісім шарт бойынша бақша берсең, оны шөлге айналдырады». Жеке меншік негізінде өз шаруашылығын құру ұзақ перспективаға есептелген үрдіс, бірақ Ресейде қажетті уақыт минимумы болған жоқ. 1907 жылдан қоныс аудандардың өсуімен байланысты алыпсатарлық мақсатпен Батыс Сібірде жеке меншік жерлерді сатып алу басталды. Кәсіпкерлер бір десятина 10-20 сом сатып алып, одан соң бұл жерді шаруаларға бірнеше есе өсіріп сатты. 1911 ж. Омбыда, Семейде және Ақмола облыстарында жер сату туралы келісім шартты жүзеге асыратын шаруалар банкінің Сібір бөлімі ашылды. 1912 жылға қарай Ақмола облыстарында жеке меншіктерге орташа баға бір десятинаға 75-77 сом, Тоболда-35 тен 100 сомға дейін жетті. Ертіс арғы жағындағы «Ертіс» темір жол станциясы бар жерлерде жерге бағаның өсуі жүрді. 2-3 апта ішінде 1 десятина жердің құны 100-ден 2400 сомға дейін көтерілді. Ертіс өңірінің базарында тек бидай ғана емес, сонымен қатар бақшалар да сатылды. Әсіресе Ертіс өңірінде бақша өсірумен атақты болды. Бақшада қарбыз, қауын, күнбағыс тіпті қияр да өсірілді. 1 десятина 25 ширек тұқым, әрбір ширектен 30 фунт май алуға болды. Ертіс станцияларының қауын-қарбыздары өз үлкендігімен және тәттілігімен аты шықты (Семей уезіндегі Семиярск және Подпускная станициялары). Ең үлкен қарбыздар салмағы 20, ал қауын, 15 фунтқа дейін жетті. Қауын-қарбыздар зор көлемде Ертіс бойымен Омбы мен басқа қалаларға солмен ағызылды, одан әрі олар темір жол бойымен Батыс және Шығыс Европаның базарларына шығарылды.

Ақмола облыстарында көптеген кәсіпкерлер Сібір қазақ әскерлерінен және бұрынғы офицерлік учаскілерде арендаға алынған жерлерде бақша құруға талпынды. Бұл талпынғандардың ішінен Комиссаровтың бақшасын айтуға болады. 1907 ж. алғашқы өнім жиналып, 1908 жылы Комиссаровтың жемістері петербургтік жеміс көрінісінде көрсетіліп, үлкен күміс белгіге ие болды. Одан басқа Омбыда Конев, Батюшкиннің бақшаларын айтуға болады.

Осылайша, XIX ғасырдың екінші ширегінде тауар-ақша қатыстарының дамуымен тауарлы егіншілік те дамыды. Жетілген ауыл шаруашылық техниканы қолдану, сондай-ақ нанға деген жоғарғы нарық сұранысы егіншілікте кәсіпкерлікті ынталандырды. Жер жыртудың зор көлемі Қазақстанда, әсіресе байларда коммерциялық тауар сипатын алғанын көрсетті. Бірақ, егістік көлемінің өсуінде, Қазақстанда кәсіпкерлік шаруада астықтың шығуы төмен болды. Сондықтан көптеген іскер қазақтар бірнеше қызмет түрімен, бір уақытта тауарлы мал шаруашылығы, тауарлы егіншілік және шаруашылықпен, тауарлы егіншілік және саудамен айналасты.
Тексеруге арналған сұрақтар
1. XIX ғ. екінші жартысында– XX ғ. басында Ертіс өнірінде тауарлық жер кәсіпкерлігі қалай дамыды?

2. Ертіс өңіріндегі тауар жер иеленушіліктің ерекшеліктері қандай?

3. Ертіс өнірінің қандай аймақтарында жер шаруашылығы жоғарғы қарқынмен дамыды?

4. Қазақтар арасындағы жер өңдеу жетістіктерін куәләндіретін фактілері қандай?

5. Ертіс өңіріндегі нан өндіру саласынан аса дамыған аудандардын атаңыз.

6. Бақша шаруашылығы саласының дамуы туралы не айтуға болады?

7. Қазақ кәсіпкерлерінің шаруашылықтарында қандай ауыл шаруашылық машиналары қолданылды?
2.3 Ауыл шаруашылық өнімді қайта өңдеу саласындағы кәсіпкерлік
1 XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басында Ертіс өңірінде өнеркәсіптік кәсіпкерліктің ерекшеліктері.

2 Қазақ буржуазиясының өнеркәсіптік бизнесте қатысуы.

3 Өнеркәсіптік кәсіпкерліктің бір саласы - малмен, етпен және маймен өңдеу.

4 XX ғасырдың басында бірінші орынға егін шаруашылық шикізаттарын қайта өндеу өнеркәсібіне көшуі.


XIX ғасырдың екінші жартысында - XX ғасырдың басында Ертіс өңірінде өнеркәсіптік кәсіпкерлік туындайды. Жаңа бизнестің бастапқы кезеңінде «капиталисті» адамдардың көп емес бөлігі капиталды сауда-өсімқорлыққа емес, капитал сондай тез және жоғары табыс пайда табыстың тәуекел жолын таңдады. Эмпирикалық зерттеулер XIX ғасырдың екінші жартысында – XX ғасырдың басында өнеркәсіптік кәсіпкерліктің маңыздылығын ауыл шаруашалығымен байланысты деп көрсетті. Малмен, етпен және маймен, нанмен сатудың өсуі ауыл шаруашылық шикізатты өңдеуде әр түрлі өндірістердің пайда болуына жағдай жасады. Өндірістік кәсіпкерліктің бұл саласының үстемдік етуі XIX ғасырдың екінші жартысында - XX ғасырдың басында тән болды. Өлкенің өңделетін өнеркәсібі негізінен ауыл шаруашылық шикізатпен саудаласқан кәсіпкерлердің жинаған капиталының арқасында құрылды. Ауыл шаруашылық шикізат ресурстарының бар болуы, Ертіс өңірімен Алтай мен Батыс Сібір іргелес аудандарда өңдейтін өнеркәсіпті құруға қарқын берді. Өлкенің отарлық жағдайы капиталдың төмен ұйымдық құрамы бар өнеркәсіптің аграрлы сипатына жағдай жасады. Елдің өндірістік күштерінің жеке дара дамуына жағдай жасай алатын, машина жасаушы өнеркәсіпті құру ерекшілігінде отарлық елдің нақты индустриясы қолдауға ие болған жоқ, керісінше метрополиямен артқа шегіндірілді. Патшанің отарлық саясатының негізгі бағыты Қазақстаннан жергілікті шикізатты көп түрде шығару болды. Метрополияның капиталистері мұндағы дайын фабрикалық тауарлардың өндірісіне үлес қосуға қылық танытқан жоқ. Қазақстанның өнеркәсібінің алдындағы басты міндет отардан әкетілетін шикізатты өсіріп, оның бағасын түсіру болды. Жер қойнауларын өңдеу ресейлік және шетел капиталистерінің қолында болды, қазақ кәсіпкерлерінің мұнда келуге рұқсаты болған жоқ. Отандық кәсіпкерлердің қатысуы бағыты мен сипаты патша үкіметінің отарлық мақсаттарына бағынған тек өңдеуші өнеркәсіпте ғана байқалды. Ауыл шаруашылық шикізатты өндеу саласында өндірістік өнеркәсіптің дамуы өзінің тән сипаттары мен ерекшеліктері болды.

Революцияға дейінгі Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпкерлігін зерттеген бүкіл тарихшылар олардың қызметінің ұсақ көлемін көрсеткен. Мысалы, Петропавлда 1912 жылы мәліметтер бойынша 1168 адам жұмысшылары бар 117 кәсіпкерлер болды. Осы кәсіпкерлердің 451 жұмысшылары бар 23 кірпіш зауытын және 740 маусымды жұмысшылары бар 3 жүн жуатынды алып тастасақ, қалған 91 кәсіпкерлікке 477 адамнан немесе орташа есеппен бір кәсіпкерлікке 5 жұмысшыдан келген. Семей облысында жұмысшылар саны көп болды. XX ғасырдың басына қарай мұнда 5 мыңнан көп емес жұмысшылары бар 2 мың кәсіпорын болды.

Ұсақ өнеркәсіптің тән сипаттары сауда-өсімқорлық капиталға бағыну, қожайын мен жұмысшылар арасында патриахалды-феодалдық қатынастардың сақталуы болды. Қол еңбегі пайдаланылды. Зор қашықтың және жолдың болмауы, сату базарының тарлығы жеке меншік кәсіпорынның тұрақсыздығын тудырды. Жеке меншік кәсіпорындар қолдан қолға өтіп, жиі банкротқа ұшырады. Зауыттың өнеркәсіптің кең дамуына бөгет болған басты себептер ірі капиталдың жетіспеуі және өнеркәсіптік дамуда адамдардың техника жоғын былай қойғанда жалпы білімінің де жоқтығы еді. Мысалы, Семей қаласында Мусин, Муртазин, Мурсалимовтың тері зауытында бүкілі арнайы техникалық дайындығы жоқ қазақ жұмысшылары жұмыс істеді. Өңдейтін өнеркәсіп ерте кезеңдерде бірігу немесе орталықтандыру жолымен емес, алғашқы кәсіпкерліктерді кеңейтуге байланысты дамыды. Кейін, әсіресе XX ғасырдың басында акционерлік өнеркәсіптік кәсіпкерлік дами бастайды.

Күрделі сұрақ болып қазақ буржуазиясының өнеркәсіптік бизнесте қатысуын анықтау болып табылады. Мал өндірушілердің бір бөлігі өзінің өнеркәсіптік кәсіпорындарын құрды. Оларға Ысқақов, Усланов, Мумыджанов - май шайқау зауыты бар, Көкшетауда тері өңдеу зауыты бар - Кошмаров, ұн тартушы диірмен бар-хикинді жатқызуды болады. Қазақ байлары өнеркәсіпшілері отарлық әкімшіліктің тікелей қолдауын пайдаланған және өз қолдарында көптеген кәсіпорындарды шоғырландырған орыс капиталистерінің бәсекелестігіне төтеп бере алмайды. Өздерін ұйымдаспаған нарықтан және қорын сақтандыру үшін көптеген қазақ өндірушілері, өндірісті саудамен қатынастырып аралас бизнес жасады. Мысалы, Ақмола байы Узбеков тері саудасымен айналысса да, бірақ көтерме саудасы мануфактура және бакалейлік тауарлармен қатынасты. Қазақ өндірушілері жоғарғы деңгейдегі жұмыстармен айналысты.

Узбековтың өндірістік және де көптеген халықаралық буржуазияшылдардың жұмыстары қазақтардың ең жоғары беделдігін көрсетті. Сол уақытта орыс өңдірушілері өкімет тарапынан зауыт салып, жеңілдіктер алса, ал қазақ буржуазияшылдары арқа сүйерлерін іздеді. Тек өңдірістің бірнеше рет қана өңдірілуін өткізе отырып, қазақтар өздерінің өндірісінің экономикасы жағынан заңды түрде ғана сақтай алды.

Жұмысшылардың сандарына қарап кәсіпорындарда деңгейлерге бөлді, екіншіден 4-ке дейінгі жұмысшыларға 8-ші деңгей куәлігі берілді; 7-ші деңгейге 5-9 жұмысшы, 6-ші деңгейге 10-15, 5- ші деңгейге 15 - 50, 4- ші деңгейге 50-200, 3- ші деңгейге 200-500. Бастық ретіндегілер және өндіріс меңгерушілері, өз аттарына 1 кластық бұйрық алды. Ол бойынша 7- 8 ші деңгейге - 4 сом, 5- 6 ші деңгейге - 6 сом, 4 ші деңгейге - 20 сом, 3- ші деңгейге – 35 сом Салық заңы бойынша 1898 ж. өндіріс күшінің табысы біріншіден жұмыс күшінен және құрылғыларға байланысты еді. Жалпы орталық қайраткерлердің өндірістері қалалар және аймақтарында болды.

Кесте 15 - 1861 ж. Өскеменнің өндірістік зауыттарына статистика


Зауыт саны

Зауыт құрамы

Жұмысшылар саны

Жылына шыққан табыс

Тері

4

30

11500 сом

Май еріту

1

4

2000 сом

Сабын шығару

3

6

600 сом

Су диірмен

1

-

-

Зауыттың жетіспеуі және төлемінің төмендігі жергілікті халықтың алғырлығына байланысты. Өскеменде май шам шығару өндірісін алуға болушы еді, бірақ тұрғындардың біреуінде өндіріске мұны қолдамады. Ертіс айналасындағы қалалардың өндіріске дамыған, жеке 15 зауыт болды, онда 1848 жылы 26 сом тұратын сауда өндірісі жасалды. Оның ішінде тері зауыты - 3, иегері – 70 % жететін табысқа, май шам зауыты - 2 ол 50% табысқа, май еріту зауыты 50 % табысқа, сабын шығру зауыты – 4- 0 %-ға жетті.


Кесте 16 - XIX ғасырдың басындағы Омбының даму динамикасы


Жылдар

Өндірістің саны

Жұмысшылар саны

Өндіріс көлемі

1900 ж.

113

870

1181400сом

1911 ж.

182

-

3700мың сом

Келесі өндірістік орталыққа Семей өңірі болды. XIX ғ. 60 ж. Семей қаласында 5 тері, 4- сабын шығару, 4-май шам, 35-кірпіш, 4- су және 3-желді диірмен болды. Өңдірістің саны жылдан жылға ауысып отырды. Кейбір фабрикалар мен зауыттарға сұраныс аз болған соң жабылды. Бірақ товарға сұраныс бар өндірістер ашылды.

Семей облысында XIX - XX ғасырлар басындағы фабрика-зауыттарына талдау жасайтын болсақ, зауыт саны 1% артты. Мысалы 1887 ж. жалпы төлем саны 4149 сом, 1886 ж. салыстырғанда болды. Жұмысшылар саны жыл сайын 10-12 % қысқарып отырды. Бұл жаңа технология мен машина техникасының артуынан еді. Ең табысты шарап темекі және сыра зауыты еді. Бірақ мұнымен тек жоғары төлем көрсететін өндірісші ғана айналаса алды. Көбінесе буржуазия халық май еріту және тері өндірісін ашты. Тері Өскемен қаласында 67 % дейін жетті. Бұл істің көшбасшылары И.М. Абдышев және Жолдыбаев, бұлардың тауарлары тек Семей облысымен ғана шектелген жоқ, сонымен қоса Қытайға дейін жетті. 1895 ж. Зайсанда 1 шубалық, 2 терілік, 3 диірмен; Өскеменде- терілік, 2 май еріту, 4 сабын шығару, 5 май, 4 кірпіш , 1 диірмен зауыты; Павлодарда- 2 май еріту, 2 сабын, 2 кірпіш, 1 сыра

Семейдің өндірісті өнеркәсіптің қарқынды дамуына қарамастан саны мен сапа жағынан Ақмола облысының өндірістеріне жол берді.


Кесте 17 - Фабрика-зауыт өндірістерінің саны


Облыстар

Зауыт саны

Жұмысшылар саны




1904

1900

1904

1900

Семей

54

52

730

103

Ақмола

385

394

2550

2114

Тағы бір өндірістік даму жолына малшыларын жаңғырту еді. XIX ғ. 50-60 жж. сауда айналысының артуына байланысты қалалық және мал шаруашылық жұртшылықтың арасында малға қажетті өнім пайда болуын қарастыру қажет етті. Бұл зауыт категорияға май шығару, сабын шығару, тері, жүн жуу.


Кесте 18 - 1908-1914 жж. Ақмола және Семей облыстарындағы зауыттарының орташа жылдық санағы


Өндіріс түрі


Жылдық айналым (сом)

Жұмысшылар саны

Май еріту зауыты

3000

7

Май еріту зауыты

3750

11

Май еріту зауыты

3250

5

Май еріту зауыты

4500

16

Тері зауыты

2500

5

Тері зауыты

8000

-

Жүн жуу зауыты




5

Май шығару

3000

2

Бұл санақ жүйесіне қарағанда мал өсіру шаруашылығы өте төмен дамыды. Мал шаруашылығында өнім жасамдылығы өндірісте 1913 ж. 7,8 млн. сомға тең болды. Мал шаруашылық қоғамдығын айналасуының сферасы май дайындау болды. Май шығару өндірісі, сүт шаруашылығы сату-алуда болғанда, май шаруашылығы ұзақ тауар ұзақ өлке араласында болды.


Кесте 19 - Петропавл және Омбы уезінің май шығаруы


Жылдар

Петропавл уезінен

Омбы уезінен

1905 ж.

111088

497282

1906 ж.

118663

673455

1907 ж.

205023

829663

1908 ж.

180089

822904

Омбыдан шыққан майдың негізгі мөлшері, Өскемен, Бұхтарма, шығысында Зайсан, Семей және Павлодар уездеріне қарады. Май шығарудың негізгі орталығы Омбы 1900 ж. Омбыдан шекараға 224 мың пұт май шығарылды, ал 1904 ж. 450 пұт. Ең бірінші кездері май шығару бизнесі жергілікті нарықтарға шығарылса, ал кейін өсе ол шекараға да жетті. Жыл сайын Семей облысында 400 мың пұтқа жуық май шығарылды. Май бағасы Ертіс өңірінде 3 сом 20 тиыннан, пұтқа 6 сом болды. Нәтижесінде үлкен сұраныс 1910 жылы май бағасы 120 %-ке өсті. Ертіс өңірінде май саудасымен байлар арасында ерекше орын алды. Көп мал болғандықтан байларға май шығарумен айналысу тиімді болды.

XX ғасырда Ертіс өңірінде май шығару зауыты пайда болды, оның дамуы сүт машиналарынның келуіне әсер етті. Май шығару артельдік және меншіктік өндірістік болды. Көбінесе май шығарумен меншіктіктер қатынасқан еді. Меншіктік зауыттар қоғаммен келісім шарт құрды. Шарт 3-5 жылға созылды. Жеке меншіктің шарты бойынша басқа дара жеке адам басқа зауыт ашуға құқы болмады.

Қазақ ауылдарының ішінде май шығару артельдері пайда болды. Олар әр түрлі көлемде еді, кейбіреулері жылына 1-2 жүз пұт май шығарса, ал келесілері 100-180 пұт сүтпен, 5-9 пұт май шығарды. Өндірістің жоғарлығы жергілікті малдың көптігіне, олардың санына және қоректендіру сапасына содан май шығаруына байланысты болды. Артельдік май шығару жарты жылда 1 рет, ал бағасы 2 есе көтерілді, сол арқылы Ертіс өңірінің ең ірі май шығаруға айналды. Ақмола облысында май шығару артелінің саны 1907 ж. 271, 667 жанұя, оған 51886 артелінен қатысты. 1910 ж. Далалық өлкеден Ресейге, сырты шекараға 4 млн. пұт май шығарылды. Осы бағаға экспорттан Семейден Ертіс өңірі майы 400 мың пұтқа келді. «Қырғыз Далалық газетінің» хабарлауынша, май шығару динамикасы Семейлік Ертіс өңірінде келесі бейнеде қарастырылды: «1900 ж. Семей облысында 9 май шығару өндірісі, оның ішінде 2- Павлодарда, 7- Өскеменде болды». 1905ж. май шығару тауары 1,5 есеге көтерілді, 1900 ж. қарағанда. 1911 ж. облыста 21 май шығару өнеркәсібі есептелді, май шығару бағасы 78366 сомға жетті. Жалпы өнім 1913 ж. 447 мың сомға жетті.

Қазақ қоғамының дәстүрлі тері өнімі де өндірістік өнеркәсіпте дамуын жалғастырды. Тері өнеркәсіп зауыты жұмысы Семей облысында XIX ғасырдың 50 ж. пайда болды.
Кесте 20 - 1882 ж. тері зауыттары


Жергілікті

Өндіріс саны

Жылдық өнім

Баға (сом)

Көкпекті

1

1660

10000

Павлодар

1

500

1300

Семей

5

6728

45329

Өскемен

7

6317

35256

XX ғасырдың басында тері өнімінің өсуі тоқтатылмады. Жалпы санақпен алғанда Ертіс өңірінде тері өндірісі 162, мұнда 700 адам қызмет етіп, 1116 мың сом. Құрайтын тауар өндірді. 1905-1908ж. тері зауыты 3 жылда 3 есеге жоғарылады.

Мал шаруашылығының дамуына жүн жуу өнеркәсібі де байланысты. Шектелмелі монополия Семей нарығындағы, «Стукен и К» сауда үйі болды. 1913 ж. Семей Ертіс өңірінде 4 жүн жуу өндірісі болды. Жүн жуу көбінесе арықтардағы жақын жерлерде, жүн жуу оңай болуға арналған. Жуылған жүн Ресейдің нарығына, содан шекараларға өткізілді.

Қалаларда сонымен қатар сабын өндеу май еріту өндірісі болды. Сала мен сабын санағы жылына 80 нен 400-500 пұтқа жетті. 1900 ж. Семей қаласында 16 май еріту және сабын шығару зауыты болды. Ол өндірістердің кейбіреулерінің аттары сақталған: Исак Ягофаров, Юсуп Сейфуллин, Абдул Қадыр, ағайынды Аубакировтар, Якуп Каримов және т.б.

Бірінші орынды техникалық жер өнімдері алды, ол өнім 1913 жылы 30,3 млн. сом шығарды. Ақмола және Семей облыстарында жер өнімдері 46,8 %, жалпы өнім шығарды. Далалық аймақтың өндірісін көтерген ұн өнеркәсібі болды, XIX ғ.екінші жартысы – XX ғ. басында Ертіс өңірінің дамуының негізгісі болып саналды. Осы уақытқа дейін нан бөлігі Семейден басқа нан нарығына бидай түрінде өткізілді, өйткені диірмен қолдану мүмкіншіліктері болмады. Жергілікті халық бидай ұнына да риза болды. Жоғарғы бидай өндеу Ертіс өңірінде Павлодар, Омбы және Семей қалаларында болды.

1908 жылы Павлодар уезінде 242 ұсақ диірмен жұмыс атқарды. Мысал, Т. Нүрикеевтің диірмені жұмыс істеді, ол Ертістің оң жағасында орналасты. Ертіс өңірінен жергілікті нарықта ғана емес сонымен қатар Ресей Европа нарықтарында да болды. Ұн өнімінің артуымен қатар Семей облыстарында шарап және темекі өндірісі жоғары деңгейде еді. Бірінші шарап және темекі өнеркәсібі купец Поклеевскидің жолдауымен 1876 ж. салынды, оның шығыны 242070 сом. 50 тиынға жетті. Зауытта 67 жұмысшы жұмыс істеді, жұмыс қазаннан маусымға дейін жалғастырылды, оның пайдасы XIX ғасырдың екінші жартысында жарты млн-ға жетті. Орташа жұмысшы саны 140 адам еді. XIX ғ. аяғында Семей облысында 5 шарап зауыты болды. XX ғ. басында монопольдік операцияға ең ірісі Ресейге Томск-Семейлік акциздік бағыт болды. Осы уақытта ең тиімді шарап тауары еді. Көптеген шаруалар шарап сатумен өздері айналасты. Мысалы, Семей Ертіс өңірінде шарап сатумен Кривошейск, Шустов, Деров және т.б. айналысты.

Сонымен, Ертіс өңіріндегі өнеркәсіптік кәсіпкерліктің даму процесі ауыл шаруашылық азық –түліктерді қайта өндеу саласын қамтиды. Осы сала бүкіл өнеркәсіпте 72 % алып тұрды. Ауылшаруашылық шикізатты сауданы кеңейтумен арқылы қайта өңдеу саласындағы кәсіпкерлік жоғарғы деңгейде болды. Пайдалы деңгейіне сәйкес өнеркәсіптік салалар келесі орын алады: шарап шығару және шарап сату (40279 мың.руб), үн шығару (16081 мың. руб. 1913 ж. пайдасы), тері өндеу – (2662 мың. руб.), май және ірімшік жасау – (447 мың. руб.). Осы барлық салалар қалыптасу кезеңде болды және тек қана жергілікті қажеттілікті орындады. Қайта өндеу өнеркәсібінде сауда капиталының өкілдері қатысты. Бірақ ұлттық буржуазиясының көбі өнеркәсіпке емес, ауыл шаруашылыққа, саудаға капиталдарын жіберді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет