Xix ғғ. Қазақстанда Ресей әкімшілік-саяси жүйесінің енгізілуі


Шаңды жорық Алғышарттары



бет2/2
Дата12.12.2023
өлшемі5.29 Mb.
#486239
1   2
БӨЖ тарих Диляя

Шаңды жорық
Алғышарттары:
  • ЖОҢҒАР ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰЛАУЫ НӘТИЖЕСІНДЕ ЖАЙЫЛЫМ ЖЕРДІҢ БОС ҚАЛУЫ
  • 1770 Ж. ОРТАСЫНДА РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫ ҚАЛМАҚТАРҒА ҚАТЫСТЫ ЕЗГІСІНІҢ КҮШЕЮІ
  • ҚАЛМАҚТАРДЫҢ КӨРШІ МЕМЛЕКЕТТЕРІМЕН СОҒЫС ЖАҒДАЙЫНДА БОЛУЫ
  • ТӘУЕЛСІЗ ОЙРАТ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУДЫ АҢСАУ
  • ШЕРЕН МЕН ЛАМА ЛОУЗАНГ ДЖОЛЧИННІҢ ХАЛЫҚТЫ КӨШКЕ НАСИХАТТАУЫ

БАРЫСЫ:
  • 1770 ЖЫЛДЫҢ КҮЗІНДЕ ҚАЛМАҚТАРДЫҢ ҰЛЫ КӨШКЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРГІЗУІ
  • 1771 ЖЫЛЫ 5 ҚАҢТАРДА УБАШЫ ТАЙШЫНЫҢ 180 МЫҢ АДАММЕН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ БАҒЫТ АЛУЫ
  • ОРЫНБОР ГЕНЕРАЛ ГУБЕРНАТЫРЫНЫҢ НҰРАЛЫ ХАНҒА АЙТҚАН МӘЛІМДЕМЕСІ
  • Нұралының бұлай шабуыл жасауы, әрине, Ресей патшалығының оған: «Қалмақтар қару алып Қазақ жерін шабуға келе жатыр» деген мәлімдемесі еді.

Мұғалжар шайқасы
Алғашқы алапат қақтығыс 1771 жылдың 15 сәуірінде болады. Обашы қазақтардың жазықсыздан-жазықсыз соғыс бастағанына наразы болып: «Біз өз бетімізбен кетіп барамыз, қазақтарда шаруамыз жоқ, тиіспеңдер, аман-есен өтіп кетейік» деп Нұралыға хат жолдайды. Шерең мен Бамбар Абылай ханға хат жазыпты: «Еділ бойынан Шығысқа, Қытайға қарай ауып бара жатқан қалмақтарды қазақ жері арқылы аман өткіз, [ақысына] қалмақтың жүз жақсы қызын береміз» депті. Шерең мен Бамбар өзінің аймақтарын бастап, Обашының алдында 20 шақырымдай озып кетіп барады.
Мойынтыдағы шайқас
Қытай императоры Абылай сұлтанға хат жазып, «Астрахандағы қалмақтар бізге келе жатыр, олардың жүретін жолын ашып қой» деп талап етіпті-міс. 1771 жылы шілдеде болған Мойынтыдағы шайқастан соң «Шаңды жорық» деп аталатын оқиғалар тізбегінің ең соңғы қорытынды кезеңі өтті. А.Левшин: «Абылай сұлтан бірнеше рет шауып, жеңіске жетті»... немесе «Ералы да Абылайды күш қосып соғысуға шақырған еді, Абылай оған көмектескен де жоқ, қалмақтарды шабуылдауын тоқтатқан да жоқ» деп жазады. Бұл сөйлемдердегі ой қорытындыларының тиянағы осал, тіпті екі ұшты екендігін байқау қиын емес. Негізгі және маңызды сұрақты: «Сонда Абылай өзі бастап барып, Еділ қалмақтарының көшін шабуылдаған ба?»
Міне, торғауыттардың маңдайына жазылған қанды қырғын осылай басталған еді. Ілеге жеткенше үзілмейтін шапқыншылық пен қарақшылықтың осындай зобалаңы жасақты әскер күйінде емес, қатын-балаларымен, табын-табын малдарын айдап, жүгін артып келе жатқан қалмақтарға сор болатын». Оқиға болып жатқан жерге Абылай да келеді. Бірақ, құба қалмақ көшімен соғысу үшін емес. «Мойынты өзені бойында еру болған қалмақ көшін Нұралы ханның, Абылай ханның, Орыс сұлтан мен Әділ сұлтанның 50 мыңдық қалың қолы қоршап алды» делінген орыс деректерінде. Мойынты шайқасынан кейін Обашы мен оның қол астындағылары қоршауға алынады.Олардың Абылай алдында тізе бүгуінен басқа амалы қалмайды. Олар бодандыққа қабылдану туралы ұсыныстарын айтып, Абылайға құрмет-сый көрсете бастайды. Тұйыққа тірелген Обашы Абылай ханға елші жіберіп, хат жолдайды. «Сендерге бодан болайық, әкеле жатқан 1 мың тұтқынды сауғаға берейін, келіссөз жүргізейік» дейді.
"Шаңды жорықтың" тарихи маңыздылығы
-1771 жылы Әбілмәмбет хан қайтыс болған соң Абылайдың "Шаңды жорықтағы" белсенді қатысуы оның хан болып сайлануына алып келді.
-Қалмақтармен соғыста жеңуі арқасында Патша үкіметі 1782 жылы Жайық өзеніне көшіп жүруге рұқста берді.
-Қытай жеріне де еркін келуге рұқсат етілді.
-1771 жылы "Шаңды жорық" Евразиядағы ең ақырғы ірі көш болды.
-Ең маңыздысы 150 жылға созылған қазақ-қалмақ қақтығыстарының соңғы нүктесі қойылды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет