298
2.Иванов П.П. Очерк истории каракалпаков.
Материалы по истории
каракалпаков и каракалпаки. –Л.: 1935. – С. 35.
3.Мамбетов Камал. Этнографическая история каракалпаков. - Нукус:
Каракалпакстан. 1995.158-с.
4.Маличник И.В. Национальная культура и национальное сознание. –М.:
1998. –С. 5.
5.Кузнецова Т.В. Традиции народности в культуре постсоветской России.
–М.: Вестник МГУ, серия 7 философия. 2001. №2.
6. Искандаров Б. История формирования и развития среднеазиатской
философии и общественно-политической мысли. -Ташкент: Узбекистан. 109
с.
СЕЙДИГАЗИМОВА Р.А.
(ҚАРАҒАНДЫ, ҚАЗАҚСТАН)
РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ – ӨМІР ТАЛАБЫ
«Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен, баланың
сезімін оятып, әсершілдігін дамыту. Сезімді тәрбиелеу-яғни, баланы қоғамдық
мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық-қасиеттерден рахат, қуаныш
табуға баулу деген сөз.»
Сара Алпысқызы
Қазіргі қоғамның ең маңызды міндеттерінің бірі – жастарға рухани-
адамгершілік тәрбие болып табылады. Құнды қасиеттерге ие болу,рухани бай
адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу
өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен болғанда оны түзете
алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан
ізгілік,
мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді
сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль
атқарады. Бұл қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын міндет. Білімді,
жан- жақты қабілетті ұрпақ- ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Рухани-
адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендедің, ата
аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалынан, екінші жағынан-
тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен
қарым- қатынастарынан көрінеді.
Адамгершілік тақырыбы-мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік
қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға
тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің
қайнар бұлағы-халқында, отбасында,
олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті
тұрмыс- тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Адам баласы
қоғамда
өзінің
адамгершілік
қасиеттерімен,
қайырымдылығымен,
адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Жақсылық пен
жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттілік пен әділетсіздік, борыш
пен намыс,ар мен ождан адамның іс- әрекеті арқылы өлшенеді. Бұларды адам
299
бойында ерте жастан мінез- құлық ережесі етіп қалыптастыру тәрбиеге
байланысты. Осыны ұстанған қазақ халқы жастарды отбасында,
білім
ұйымдарында кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа,
қайырымдылық пен мейірімділікке тәрбиелеуде міндет етіп қойған. Бұл орайда
балалар үйіндегі тәрбие жұмысының қыр -сыры өте күрделі. Ондағы
тәрбиеленіп
жатқан
балалармен
жұмыс
істеу
асқан
төзімділікті,
шыдамдылықты,
жауапкершілікті
талап
етеді.
Тәрбиеленіп
жатқан
тәрбиеленушілердің мінез- құлықтары әр түрлі, олардың арасында ерке,
шолжаң, бұзықтар да кезеседі. Тәрбиеленуші балалардың психикасы нәзік.
Олар көбіне құбылмалы болып келеді. Тәрбиеші ең алдымен балалардың жеке
өзін сыйлауды, оған сергек және көңіл қойып қарауды,
мінез құлқын мезі
қылмайтындай бақылау жасауды көздейді. Ғұлама ойшылдарымыз: Жүсіп
Баласағұнның «Ізгілік ілімін», Қожа Ахмет Иассауидың «Хал ілімін», Абайдың
«Толық адам ілімін», Шәкәрімнің «Ар ілімін», тамыры терең халықтық
педагогиканы тәрбиеге негіз етіп алудамыз.
Ұлы ойшыл Ж. Баласағұн «Адамдардың жақсы қылықтары мен
қасиеттерін жетілдіре білсе, қоғамды да жақсартуға болады» деген. Жағымсыз
қасиеттен құтылу, тәрбиеленушілердің бойында адамгершілік, инабаттылық
қасиеттерді қалыптастыру мақсатында біздің мекемеде көптеген іс шаралар
өткізіледі. Бүгінгі таңда, тәрбиеленушілеріміздің азамат болып қалыптасуы
барысында біз олардың жаһанданудың теріс ықпалдарына қарсы тұруын
ескеуіміз қажет.Бұл жағдайда тәрбие жұмысының тиімділігі тәрбеші мен
мектептің өзара байланысынан көрінеді. Өскелең
ұрпаққа адамзат тарихында
ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан патриоттық тәрбиені, отаншылдықты,
сапалы білімді дарытуымыз керек. Ақиқатында, осынау мәселе еліміздің
тұтастығын, оны ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің өзі жастарды
отаншылдық, елжандылық, патриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді. Әрбір адам
өз Отанына деген деген мақтаныш сезімі, өз ұлтын терең сүю арқылы басқа
ұлттарды танып, құрметтеуге тиіс. Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен,
тілімізді, дінімізді, салт- дәстүрімізді жатқызсақ, тіл- қазақ болуымыз үшін, дін-
адам болуымыз үшін, салт дәстүр-ұлт болуымыз үшін қажет.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің
ең бастысы- өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ
тәрбиелеу. Көрнекті педагог В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт
бере білсек, ол бала мейірімді бола алады»,-дейді.Тәрбиші
ретінде менің
түйінім осыған сай келеді. Мысалы: өзім қызмет етіп отырған даму
мүмкіншіліктері шектеулі балалар үйінде тағдыр тәлкегін көрген балалар
тәрбиеленуде. Топта әлсіз, тік мінезді, шыдамсыз, тұйық,үрейлі, өзіне сенімсіз
балалармен жұмыс істеуге тура келеді. Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жас
және дербес ерекшеліктеріне байланысты болғандықтан мынандай тоғыз талап
қоямын: білу, үйрену, сүю, дос бола білу, еңбек ету, жаманшылықпен күресу,
көмек көрсету, арды сақтай білу, ойлау. Әрине бұл талаптарды орындаудың
өзінше қағидалары бар, кімді, қашан, не себепті деген сияқты. Басқа халықтар
сияқты қазақ елінің де бала тәрбисі жөнінде бұрыннан бергі жиып-терген мол
тәжрибесі бар. Ж.Аймауытов «Тәрбиешіге жетекші» еңбегінде «Тәрбиенің
300
негізгі мақсаты-мінезді түзеу, адамшылыққа қызмет ету, адал еңбек ете білуге
тәрбиелеу» деп жазады. Халқымыздың әдептілік, имандылық, мейірімділік,
қайырымдылық,
ізеттілік, қонақжайлылық қасиеттерін жас ұрпақтың бойына
сіңіру үшін әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын, салт- дәстүрін, әдеп-
ғұрыптарды терең білуімен қатар, рухани дүниесі бай, жаны таза адам болуы
керек. Демек, балаға жан- жақты терең білім беріп, оның жұрегіне
адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек,
ертеңгі азамат жеке
тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал
етері сөзсіз.
Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-
қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбилеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың,
тәрбиешінің де болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиетімді мақтан тұтам»,-депті
Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым, һәм ешкімнен
ештеңені қызғанбадым деген екен. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда,
олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға,
жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу-адамгершілік
тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін
сан алуан кедергілер болуы
мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке
тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды. Ақан серінің осы үш қасиетін бала
бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық.
Біз болашақта Қазақстан Республикасын өркениетті, бәсекеге қабілетті
50 елдің қатарына қосамыз деп үміт етіп отырған халықпыз. Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру
стратегиясында: «Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы
қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының
бірі. Бізге эконмикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін
осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деген болатын. Сондықтан сол елдердегі
бар жетістіктер бізде де болуы керек, өйткені жаңа XXI ғасыр - бәсеке ғасыры.
Оқыту мен тәрбиені ықпалдастырып қажымай еткен еңбек арқасында әлемдік
деңгейдегі дарынды да тәрбиелі тұлға шығатынына сеніміміз мол.
Достарыңызбен бөлісу: