Выводы. Таким образом, полученные данные сравнительного анализа
кирлианограмм пальцев рук у пациентов с патологией сосудов головы
коррелируют с результатами стандартных методов исследования и могут быть
использованы в практическом здравоохранении, как экспресс-анализ
нарушений функционального состояния мозгового кровообращения на
286
доклинической стадии заболевания с целью проведения своевременных
целевых обследований, профилактических и лечебных мероприятий.
Литература
1. Голубева Н.Г., Курик М.В. Основы биоэнергоинформационной
медицины. – К.: АДЕФ- Украина. Инст. экологии человека. – 2007. – 192 с.
2. Застосування експрес-методу Кірліан-графічної оцінки функціонального
стану організму людини для встановлення судинних порушень в області голови
та адаптації організму до них / Є.Л. Мачерет, О.П. Мінцер, Г.М. Чуприна, Л.А.
Пісоцька та ін. // Методичні рекомендації МОЗ України від 8.11.04 р. № 275,
Київ.— 2005. -- 10 с.
3. Кирлиан С.Д. Авт. свид. №106401, кл. 603В 41/00, 1949.
4. Мінцер О.П., Пісоцька Л.А., Глухова Н.В. Спосіб визначення порушень
енерго-інформаційного гомеостазу людини / Патент України на корисну модель
№100867 дата подання заявки 6.04.2016, опублік. 25.10.2016 р. Бюл. №20.
5. Порошин А.В., Постулаты здоровья или введение в голографическую
теорию медицины / Одесса: Два слони, 1998. - 192 с.
6. Ричард Гербер. Вибрационная медицина / М. : София, Гелиос, 2001. –
592 с.
7. Mandel P. Energetishe Terminalpunkt–Diagnos.-FRG, ESSEN.-1983.-190 р.
8. Эл. ресурс: https://zn.ua/UKRAINE/zabolevaemost-mozgovym-insultom-v-
ukraine-sostavlyaet-8 29 окт. 2018 г.
РЫСБЕКОВА А.
(АСТАНА, ҚАЗАҚСТАН)
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МИССИОНЕРЛІК АҒЫМДАР
Миссионерлік (лат - міндет, орындалуы тиіс тапсырма) діни ұйымдардың
ілімдерін таратуға арналған діни және саяси қызмет. Миссионерлік
ұйымдардың шоқындыру саясаты Азия және Африка халықтарына бағытталып,
мақсатты түрде орындалып келеді. Миссиoнерлік ұйымдарға бірқатар елдердің
мемлекеттік ұйымдары, қайырымдылық қорлары, қаржылық топтар
материалды тұрғыдан көмектесіп, бірігіп жұмыс атқарады. Миссионерлер
баратын елдің географиялық ерекшеліктерін, сол елдің халқының мінез-
құлқын, қандай дін ұстанатындығын, сол елдің тарихын, тілін, әдет-ғұрпын,
салт-дәстүрін және жалпы психологиясын біліп барады.
Әдетте миссонерлік топтардың қармауына өмірден қажып, одан үмітін
үзгендер, жеке басы және отбасындағы қиындықтарға шыдай алмағандар,
рухани ізденісте жүргендер, тұлға болып пісіп жетілмегендер (әсіресе жастар)
түсіп жатады. Миссионерлердің нағыз мақсаты белгілі бір ұлтты (әсіресе халық
саны аз мемлекеттер) ассимилицияға ұшыратып, оны құрдымға кетіру екенін
байқаймыз.
Қазақстан жеріне миссонерлік топтар ең алғаш V-VI ғасырларда келе
бастаған. Әсіресе IX-X ғасырларда Ұлы Жібек бойымен бірге христиан
287
миссионерлері ілесіп келген. Кейбір археологиялық деректерде Қазақстан
жеріндегі Тараз бен Сырдария бойында шіркеулер болғандығы айтылады.
Кейіннен X-XI ғасырларда исламизация процессі жүргеннен кейін шіркеулер
орнын мешіттер басқан. Қазақ хандығы толықтай Ресей империясының
отаршылдығына кіргеннен кейін қазақ халқын шоқындыру арқылы
орыстандыру саясаты айқын жүріп жатты. Кейіннен КСРО құрылғаннан кейін
1917-1991 жылдар арасында дін қызметкерлерін жаппай қуғындау жүрді.
Шіркеулер және діни ғибадат үйлері жабылды. Соңғы кезең Тәуелсіз Қазақстан
кезеңі. Жаңадан ғана тәуелсіздігімізді алып жатқан уақытта еліміздің
тұрмыстық қиыншылығын пайдаланып қаржылай көмек көрсету арқылы
көптеген дін ағымдары мен секталар адамдарды өз сенімдеріне кіргізіп жатты.
Олардың саны жыл сайын артып келеді. Қазіргі таңда миссионерлік
ағымдардың ішінде ең көбі және ауқымдысы протестанттық ағымдардың
қауымдары саналады. Оларға «Агапе», «Жаңа өмір», «Новое небо», «Благая
весть», т.б бар. ұйымдары жатады.
«Кришна санасы» қоғамы елімізде әрекет етіп отырған жаңа ұйымдардың
бірі. Негізін салушы - Свами Прабхупада (1896-1977). Бұл діни ағым жастар
арасында кең таралып келе жатыр. Кришнайттерге қарсы Алматыда жер дауы
болған болатын. Осы діни бірлестік қырық жеті га жерді заңсыз иеленген. 1989
жылы Алматының суретшілер дайындайтын училищесінің студенттерінің
арасында Ташкенттен келген екі суретші Кришна Санасы туралы лекциялар
ұйымдастырып, вайшнавизмнің идеяларын тарата бастайды. Бұл идеяны қазақ
жастары тез қабылдап, 1990 жылы Алматыда «Кришна Санасы» қоғамы
орталығы ашылады. 1996 жылы бұл діни ұйым тіркеуден өтеді. Содан бері
Қазақстанда бірнеше храмдары мен орталықтары жұмыс жасайды. Кришнаитер
түр, нәсіл, ұлт, Отан, патриотизм деген ұғымдарды жоққа шығарады. Ойткені
біз бәріміз құдай алдында теңбіз деген ұстанымдары бар. «Кришна Санасы»
қоғамы азаматтарымыз бен азаматшаларымыздың Отанға, ұлтқа деген
сүйіспеншілігін жояды деген үрейіміз жоқ емес.
Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде де жұмыстарын жақсы атқарып келе
жатқан «Иегова куәгерлері» әлемнің барлық тілдерінде өз үгіт насихаттарын
жүргізіп келуде. Дүниежүзінде 8,3 миллион ұстанушылар бар бұл ұйымның XX
ғасырдың 60 жылдарында Қостанайда 50 адамдай «Иегова куәгерлері» болған.
1990 жылға дейін Иегова куәгерлері заңсыз әрекет етіп келді, тек 1992 жылы
ғана тіркеуден өтеді. 1997 жылы Орта Азияның көптеген мемлекеттерінде
Иегова куәгерлерінің діни орталықтары тіркеуден өтеді. Иегова куәгерлерінің
корпорациясы Есік қаласында орналасқан. Біз жақсы білетін jw.org, tv.jw.org,
wol.jw.org сайттары өз жұмысын бірнеше жылдар бойы атқарып келеді. Айына
әлемнің 120 тілінде миллиондаған кітаптар мен кітапшалар шығарылады.
Алайда бұл ұйым әлемнің бірнеше елдерінде тыйым салынған ұйымдардың
қатарына кіреді. Атап айтсақ, Қытай, Солтүстік Корея, Түркіменстан, Сауд
Арабиясы, Иран, Ирак және Ресей мемлекеттері. Қазақстанда олардың
филиалдарының саны 60-қа жеткен. Иегово куәгерлеріне қатысты мәселелер
қазіргі таңда да өзекті болып келеді. Мысалға ала кетсек, 2017 жылы анасы осы
ағым ұстанушысы болғандықтан баласына жедел түрде қан құю керек болғанда
288
бас тартқан оқиғаны еске аламыз. Олардың іліміне сенетін болсақ, әскерге
барудан да бас тарту керек. Бұл ағым Қазақстандағы жұмыс істеп келе жатқан
ең күшті ағымдардың бірі деп айта аламыз.
Тағы
бір көп таралған ұйым «елуіншілер» . Республикамызда
елуіншілердің 53 қауымы бар. Еліміздегі барлық ағымдар сияқты елуіншілер де
өз қатарына жаңа адамдарды толықтыруға тырысады. Елуіншілер өздерін
христиан дінің православие, католицизм және протестантизмнен кейінгі
төртінші бағытымыз деп санайды. 2015 жылдың соңында 216 елуіншілер
қауымы тіркеуден өткен. Деректерге сүйенсек, 2001 жылы елуіншілердің саны
38 мыңға жеткен. Бұл өте үрейлі статистика деп есептесек те болады.
«Жетінші күш адвентистері» адвентистердің ішіндегі ең ықпалдысы болып
келеді. Негізін қалаған Уильям Миллер Исаның 1843-1844 жылдары қайтадан
тіріліп келіп, әлемде 1000 жылдық патшалық құрады деген идеясын айтқан.
Қазақстанда Жетінші күн адвентистері ХХ ғасырдың басында пайда бола
бастады. 1902 жылы алғашқы адвентистік ұйымдар Өскеменде, Семейде,
Ақмола, Қостанай облыстарында пайда бола бастады. 2002 жылы Қазақстанда
Жетінші күн адвентистері өздерінің жүз жылдығын атап өткен. Қазіргі кезде
елімізде 72 шіркеу тіркелген. 5000 ға жуық мүшелері бар. Шіркеу қарттар үйі
мен ауруханалардағы сырқaт адамдарға көмек беру, психикалық күйзеліс
жағдайындағы адамдарға қамқорлық білдіру принципі бойынша әлеуетпен
жұмыс жасайды. Жетінші күн адвентистері тарихта ең қауіпті секталардың
бестігіне кіреді. 1993 жылы АҚШ-та адвентист Дэвид Кореш өзімен бірге
ұйымның мүшелерін жарып жіберген. Нәтижесінде 100 адам қайтыс болған.
«Соңғы күн әулиелерінің Иисус Христос шіркеуі» (мормондар) да
Қазақстанда өз қызметтерін жүргізуде. Қазақстанға алғашқы мормондық
миссионерлер Рассел және Маргарет Бэкустер 1997 жылы келген. Бастапқыда
олар ілімдерін өз пәтерлерінде тарата бастайды. Кейін қатары көбейе бастаған
соң ресми түрде тіркеліп, діни қауымдастыққа айналады. Шіркеу Қазақстанда
2000 жылы 16 желтоқсанда ресми тіркелді. Шіркеудің алғашқы филиалы 2001
жылдың 29 шілдесінде Алматы қаласында ашылған. Мормондар сырттай
ұлтына, дініне, сеніміне қарамастан өз қатарларына қайтыс болып кеткен
адамдарды да қосады.
«Жаңа апостолдық шіркеу» Қазақстанда неміс миссонерлерінің
жұмысының нәтижесінде 1991 жылы пайда болды. 2010 жылдары
республикада жаңа апостолдық шіркеудің 2500 қауым мұшесі бар 46 бірлестік
тіркелген. Бұл шіркеу ұйымы елімізде белсенді жұмыс жүргізіп келеді.
Олардың ілімі бойынша Иса жер бетіне оралып әлемде өз патшалығын құрады.
Мың жыл патшалық құрғаннан кейін Иса қиямет қайымды болдырады. Онда
алғашқы тірілуге қатыспағандар, яғни жаңа апостолдардан басқасының бәрі
жауапқа тартылады. Әр түрлі діни іс-шаралар, семинарлар, конференция және
қауым мейрамдарын өткізіп тұрады. Жаңа апостол шіркеуінің әрбір мүшесі
шіркеу қажеттіліктеріне өз кірісінің 10 пайызын беруі тиіс. Шіркеу
мүшелерінің арасында ауқатты адамдар көп.
«Сәләфилік ағым» Қазақстанда мықты және көп таралған діни ұйым.
Сәләфилік ағым бұрынғы КСРО елдеріне 1990 жылдары кіре бастады.
289
Республика аумағына діни түсініктегі әдебиеттердің таралуы, араб елдерінде
оқып жатқан студенттер арқылы жүзеге асты. Сәләфилер еліміздің барлық
аймақтарында таралған. Сәләфилер ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрді,
жоралғыларды мойындамайды. Өлілерге құран бағыштауды, қарт кісілердің
батасын алуды, келіннің иіліп сәлем беруін, молаға зиярат етуді бұрыс деп
санайды. Исламның бекітілген төрт мәзбабын мойындамайды. Зайырлы
Қазақстан Республикасын «кәпір ел» деп санайды. Өздерін шариғат
заңдарымен жүрміз деп санайды. Сәләфилік ағым қазақ халқының ертеден келе
жатқан салт-дәстүріне жат ағым. Қазіргі таңда Сәләфилік елімізде өршіп тұрған
ағымдардың басты қатарында.
«Ахмадия ағымы» ХІХ ғасырдың соңында Үндістанда пайда болған.
Ахмадия жамағаты Мырза Ғулам Ахмед Қадияни ілімдерінің негізінде
құрылған. Оның айтуы бойынша Алла оны Мәсіх әрі Мағди етіп тағайындаған.
Ғулам Ахмедтің әкесі Мырза Ғулам Мұртаза Үндістандағы беделді ағылшын
үкіметінің адамы еді. Ғұлам Ахмед Үндістанда ағылшындардың орнығуына
көмектескен әкесінің қызметін мақтанышпен айтып отыратын болған екен.
Ахмадия ағымы 1994 жылы Пәкістандық миссионерлердің ықпалымен Әділет
министрлігінде тіркеледі. Қазіргі таңда рсепубликада ахмадиялердің жүзден аса
сенушісі бар деп есептеледі. Ахмадия ағымының бұрынғы басшысы Музаффар
Ахмад Пәкістанға үлкен көлемде заңсыз қаржы аудару арқылы Қаржы
полициясының назарына түсіп, елден қашып кеткен.
Біз жоғарыда Қазақстандағы ең өзекті және ықпалды ағымдарды ғана
көрсеттік. Жалпы алғанда олардың саны өте көп. Қазіргі кезде Қазақстандағы
діни ахуал күрделі деп айтсақ та болады. Қазіргі Қазақстанда 18 конфессияға
тиесілі 3600 діни бірлестіктер жұмыс жасайды. Оның 3464-і культтік
ғимараттар, 2550-і мешіт, 294 православ және 109 католик шіркеуі, 495-i
протестант ғибадатханалары, 7-I иудейлік синагога, 2-i буддистік ғибадатхана
және 7-i «Кришна Санасы» және Бахаилер дұға үйлеріне тиесілі.
Қазақстандағы
миссионерлік
ағымдардың
елімізде
көпшілігі
алаңдатарлық жағдай. Біз бұл миссионерлік ұйымдардың етегінен еріп кете
бермей, олардың саяси мақсаттарын да көре білуіміз керек. Әр түрлі секталарға,
миссионерлік топтардың, ағымдар мен қауымдардың жетегінде кетпеу үшін
еліміздің әр азаматында қорғаныс қабықшасы болуы керек. Мұндай
миссионерлік топтардың қармағына көбінесе жастар түсіп жатады. Жастар
біздің болашағымыз, үмітіміз, елімізді дамытып, Отанымыздың бірлігін, елдің
тізгінін ұстайтын болғандықтан, мектеп табалдырығынан бастап оқушылардың
діни сауатын аша бастауымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |