«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»


ӘЛІПБЕКА.З., ҚОЙШИЕВ Қ.Е., ТАСТЫБАЙ Н



Pdf көрінісі
бет130/169
Дата28.03.2023
өлшемі4.46 Mb.
#471286
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   169
thesis141891

ӘЛІПБЕКА.З., ҚОЙШИЕВ Қ.Е., ТАСТЫБАЙ Н. 
(ШЫМКЕНТ, ҚАЗАҚСТАН) 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ ТАНЫМДЫҚ 
БЕЛСЕНДІЛІК МӘСЕЛЕСІ 
Бүгінгі күні мектептің басты талаптарының бірі – оқушылардың танымдық 
іс-әрекеті арқылы жан-жақты дамыған шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке 
тұлға ретінде қалыптастыру болып табылады. 
Оқушылардың танымдық іс-әрекеті – танымдық қызығушылық пен 
қажеттілікті туғызуға бағытталған оқу әрекетінің түрі болып саналады. 
Танымдық іс-әрекеттің қалыптасуы негізінде оқушылардың ой өрісі толысып, 
белсенді ойлау әрекеті мен шығармашылық ойлау үдерісін дамытумен қатар, 
оқушылардың кәсіби мәдениеті мен ізденімпаздығы дамиды. Оқушылардың 
танымдық іс-әрекетін қалыптастыру қоғам сұранысына жауап бере алатын 
ғылыми-техникалық үдеріс міндеттерін оңтайлы шеше білетін, халықтың 
рухани құндылықтарын дамыта алатын қоғам мүшелерін қалыптастыруға 
мүмкіндік береді. 
Білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі – таным теориясы, 
оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып 
табылады. Бұл теория білім беру және оқытуды арнайы ұйымдастырылатын іс-
әрекет ретінде қарастырады. Білім беру және оқыту теориясының оқушыларды 
оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі – танымдық белсенділік пен саналылық. 
Бұл талаптың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткенді 
жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған 
білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге 
ұмтылысынан көрінеді. Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға 
мүмкіндік беретін ақыл-ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске 
аспайды. Оқушылардың белсенділік танымдық іс-әрекетінің көздейтін мүддесі 
– білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі 
негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі – оқушылардың алған 
білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады. 
Осыдан келіп, оқыту барысында оқушының іс-әрекетінде танымдық 
белсенділікті қалыптастыру талабы туындайды. 
Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік 
қалыптасады. Танымдық белсенділік – оқушының оқуға, білуге деген ынта-
ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап 
тұрған жаңа материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы
алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып, бақылау тәжірибе жасау 
сияқты жұмыстар жасауы қажет. Өйткені өтілген материалдарды саналы 
қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде 


332 
белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық 
кезеңінде орын алуы қажет. Сабақ барысында оқушының бойында танымдық 
белсенділік пайда болса, оқушылардың ақыл-ой қабілеттерінің мынадай 
элементтері дамиды: зеректілік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі 
т.б. Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту және қалыптастыру 
мәселесіне зерттеушілер, педагогтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері 
арналған. 
Мектептің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңғы қатарлы 
педагогикалық ой өкілдерінің танымдық әрекетке қатысты, әсіресе, танымдық 
белсенділікті дамыту идеяларын зерттеу және талдау негізінде төрт бағытты 
бөліп көрсетуге болады. 
Әлеуметтік-педагогикалық бағыт ежелгі дәуірден бастау алады. Оның 
көрнекті өкілдеріне ежелгі грек оқымыстылары: Сократ, Платон, Аристотель 
баланың белсенді және өз бетімен білім алуының маңыздылығын, өз бетімен 
білім алудағы жетістіктері өзін- өзі тәрбиелеуде маңызды екендігін, жан- жақты 
жетілудің әрі обьекті, әрі субьекті екендігін жан-жақты негіздеген. Олардың 
пікірінше, белсенді ойлау адамның заттық, тәжірибелік іс- әрекетінің 
алғышарты болып табылады және ойлай отырып оқушы іздену арқылы өз 
бетімен білім алады.Өзіндік іс-әрекеті нәтижесінде балада қанағаттану, қуаныш 
сезімі оянып, білімді игеруде белсенділігі артады деген пікірде болды. 
Бұл пікірлер көптеген ғасырлар бойы педагогтардың талдау нысанасы 
болып келді. Ол Мишель Монтень, Томас Мор, Томаззо Компанелла 
еңбектерінде жалғасын тапты. Енді баланы өз бетінше әрекет ететін, саналы, 
ойлы, сыншыл азамат тәрбиелеу талабы туындады. Ол үшін жаңа білімді 
игеруде өз бетінше жұмыс жасап, өзі таным жолына бет бұрып, таным өрісінің 
жаңа шеңберіне жету жолын дұрыс таңдап алуы қажет болды [1]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет