333
мұғалімнің ролін ескере отырып, ол оқушының белсенділігін дамыту
мақсатында ұйымдастырылған дербес бақылау мен тәжірибе өткізу,
көрнекіліктер дайындау сияқты жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.
К.Д.Ушинскийдің пікірін П.Ф.Каптерев одан әрі дамытты, оның пікірінше,
сабақта мұғалім бағыттаушы ғана, ал оқушының білімді игеруі өзіндік ішкі
мүмкіндіктеріне байланыстылығын атап көрсетті. Бұл бағытта П.Ф.Каптерев,
Ы.Алтынсариннің және т.б. педагогикалық ойларын жатқызуға болады.
П.Ф.Каптерев оқушының оқу танымдық белсенділігін арттыратын әдіс-
тәсілдерді көрсетіп көптеген эксперименттер жүргізді.
Жаңашыл педагогикалық бағыт. Қоғам дамуының тарихи жаңа кезеңі
қоғамның барлық саласындағы уақыт тудырған күрделі
өзгерістермен
айқындалады. Қоғамдағы оқу ағарту, білім беру саласындағы өзгерістер жеке
тұлғаны қалыптастыруға , оқу үрдісінде тиімді әдіс- тәсілдерді іздестіруге,
баланың шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік
пен салауатты өмір салтын берік ұстануға бағытталады. Оқытудың жаңа
технологиясы (инновация, танымдық белсенділікті дамыту, модуль жүйесі,
саралап, көп деңгейлік негізде, мультимедия жүйесін қолдану т.б) озат
зерттеушілер, жаңашыл педагогтар идеясы орта мектеп жағдайындағы білім
берудің қызметіне жаңаша сипат әкелді.
Танымдық іс-әрекет,
танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаздық
мәселелері
жөнінде
оқу-
әдістемелік,
психологиялық-педагогикалық
әдебиеттерге ғылыми зерттеулерге шолу жасау барысында танылған жаңашыл
педагогикалық бағытты бөліп көрсетуге болады.
Ю.К.Бабанский білім беруді оңтайландыру жүйесін ұсынса, М.А.Данилов
пен Б.П.Есипов оқушының танымдық міндеттерін шешуде танымдық
белсенділікті қалыптастыратын оқыту әдістерінің дидактикалық тұрғыдағы
классификациясын жасады [2].
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын танымдық әрекетін
дамытуда проблемалық оқытудың маңызын В.И.Зазвязинский, М.И.Махмутов,
Ж.Б.Қоянбаев, А.А.Бейсенбаева атап көрсеткен [19,20,21,22].
Оқушының оқу-танымдық әрекетін, танымдық белсенділігін арттырудың
тиімді қүралдарының бірі – оқушының өзіндік, өздігінен білім алу әрекеті
жайлы Т.С.Сабыров, М.А.Құдайқұлов, Р.С.Омарованың еңбектері маңызды.
Оқушылардың оқыту мәселесін жетілдіру жөнінде А.Н.Ильясова, Н.Д.Хмель,
С.А.Ұзақбаева, О.С.Сыздықова, Р.Н.Төлеубекова және т.б. еңбектерін ерекше
атап өтуге болады [3].
Танымдық әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті.
Ол
танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті
орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Танымдық белсенділікті бір ғана
белгімен көрсетуге болмайтын ұғым, оның алуан қырлы сипатын айқын
көреміз.
Белсенділік адамның әрекетке қатынасын өз бетінше әрекет етуге дайын
болудан, ұмтылыстан, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды
таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.
Танымдық белсенділіктің үш дәрежесі бар:
334
Бірінші дәреже – жаңғыртушы белсенділік – шәкірттің материалды
жадылап, қайта жаңғыртуға, оны үлгі бойынша қолдануға,
меңгеруге
ұмтылысымен сипатталады. Белсенділіктің бірінші дәрежесіне тән көрсеткіш –
оқушының бойында білімін тереңдетуге деген ұмтылыстың болмауы
Екінші дәреже – түсіндіруші белсенділік – оқушының оқығанын
зерделеуге, оны өзіне белгілі ұғымдармен байланыстыруға, білімін жаңа
жағдайларда пайдалану жолдарын меңгеруге ұмтылысынан көрінеді. Екінші
дәрежеге тән көрсеткіш оқушының бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге
ұмтылуынан, қиындыққа тап болғанда оны жеңудің жолдарын қарастыруынан
байқалатын үлкен дербестігі.
Үшінші дәреже – белсенділіктің шығармашылық дәрежесі – оқушының
тапсырманы шешудің тың жолдарын іздестіруге деген ұмтылысымен
сипатталады. Бұл дәреженің ерекшелігі – мақсатқа жетудегі табандылық,
танымдық ынтаның негіздері мен әр алуандылығы.
Сонымен, оқудағы белсенділік – оқушының
іс-қимыл жағдайы ғана емес,
осы іс-қимылдың сапасы, онда оқушының қызмет мазмұны мен сипатына
қатынасымен, өзінің рухани-ерік, күш-жігерін оқу-танымдық мақсаттарға
жетуге жұмылдыруға деген ұмтылысымен айқындалатын тұлғасы көрінеді [4].
Дербестік әрекетке өздігінен икемделудің сапалық көрінісімен; мотивті
және белсенді қылықтың оқушыға тән арнаулы нысандары мен тәсілдерін
синтездеумен; өмір шындығының белгілі бір жақтарына оқушының тұрлаулы,
мінез-құлықта тиянақталған қатынасымен сипатталатын жүйелі білім алу
ретінде қарастырылады.
Танымдық белсенділік туралы анықтамаларға талдау жасай отырып,
оқушылардың танымдық белсенділік белгілерінің жүйелері анықталды. Оған
үш белгі тән
- оқу-танымдық әрекеттің қоғамдағы маңыздылық бағыты;
- оқу-танымдық әрекеттің интеллектуалдық сипаты;
- оқу танымдық әрекеттің реттеушілік сипаты.
Танымдық белсенділік компоненттерінің құрамын былайша қарастыруға
болады:
- мотивтік-операциялық;
- еріктік;
- бағалау-нәтижелік [5].
Сонымен, танымдық белсенділік пен жалпы танымдық іс-әрекет
проблемасына арналған көптеген еңбектерді талдай отырып, келесі қорытынды
жасауға болады:
Белсенділік – жеке тұлғаның алуан қырлы болмыс-бітімі болып табылады,
ол сезімталдық, танымдық және еріктік үрдіс нәтижесі, танымдық мотив пен
өзбеттілік әрекет тәсілдерінің жиынтығы, танымға деген тұрақты құлшыныс
болып табылатын танымдық әрекетке бейімделуімен сипатталады.
Балалардың танымдық әрекетін белсендіру, оны тиімді басқару және
дамыту, әдістемелік, ұйымдастырушылық және психологиялық тұрғыдан
қамтамасыз ету күрделі педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтік
міндет болып саналады [6].
335
Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен
тығыз байланысты. Танымдық әрекеттің белгілі бір ғылым саласы мен
таңдаулы қатынасы, танымдық әрекеті, оларға қатысу және қатысушылармен
танымдық қарым-қатынасы маңызды келеді. Сонымен бірге адамның барлық
жоғары таным процестерінің өзінің даму деңгейінен белсенділендіруге
танымдық белсенділік тұлғаның шындықты қайта
құру әрекеті нәтижесінде
ұдайы ізденіске жетелейді. Балалардың жеке тұлғасында танымдық
белсенділігінің дамуы 5-6 жас аралығында қарқынды келеді. Бұл әсіресе
баланың логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін табуға
ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы, танымдық ойындар арқылы оқу
әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: