364
Теңіз көлі «Тірі көлдер» деп аталатын әлемнің ерекше көлдер жүйесіне еніп,
2007 жылы Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау Ассоциациясының
бастамасымен Қорғалжын мемлекеттік қорығы халықаралық дәрежедегі
маңызды орнитологиялық аумақтар тізіміне енгізілді. 2008
жылдың
маусымында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы ЮНЕСКО-ның әлемдік
мұралары тізімінеОрталық Азиядағы алғашқы нысандардың бірі болып
енгізілді. [9]
Қорықтың биоалуандығы ерекше. Ол 443 өсімдіктер флора өкілдерінен
тұрады. Қазақстанның Қызыл Кітабына өсімдіктердің 5 түрі енгізілген:
Tulipa
schrenkii Rgl. (Шренк қызғалдағы),
Túlipa pátens (солғын қызғалдақ),
Adonis
wolgensis (жанаргүл),
Pulsatilla flavescens(сарғылт құндызшөп),
Pulsatílla pátens
(солғын құндызшөп).
Қорық аумағындақұстардың 354 түрін кездестіруге болады.Қазақстанның
Қызыл кітабына құстардың 41 түрі, ал Халықаралық табиғатты қорғау және
табиғат ресурстары ұйымында 26 түрі енгізілген.
Осы құстардың арқасында
қорық халықаралық маңызға ие болды. Қорғалжын фаунасы жартылай шөл
дала және дала аймақтарына тән. Мұнда сүтқоректілердің 41 түрі, бауырымен
жорғалаушылардың 6 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, балықтың 15 түрі бар.
Қорғалжындағы жалпы аумағы 260 мың гектарды құрайтын өзендер жүйесі
бүкіл Орта Азиядағы құстардың ең маңызды сулы-батпақты мекені болып
табылады. Қорғалжындағы өзендер жүйесі қызғылт қоқиқаз (фламинго) және
жоғалуға айналған өзге де сирек құстардың әлем бойынша солтүстіктегі ең
шалғай мекені. [1]
Қорықтағы
бар
экомаршруттар.
Қазіргі
уақытта
қорықтағы
экомаршруттарды Қорғалжын ауданының туризм жөніндегі ақпараттық-
ресурстық орталығы ұсынған.
№1 Экомаршрут "Аққу" - оқу-танымдық, автомобильді,
маусымдық,
топтық 20 адамға дейін,бір күндік маршрут. Жаяу маршруттың пункттері: 1)
Қорғалжын ауылы-Нұра өзені (мазар Қаныкей)-сол. Шолақ-Есей көл жағалауы-
1Пост-Қорғалжын ауылы. Маршруттың ұзындығы 90 км, ұзақтығы 7 сағат.
Соқпақтың жұмыс істеу мерзімі мамыр-қазан айлары.
№ 2 Экомаршрут " Фламинго " Қорғалжын мемлекеттік табиғи
қорығының ғимаратында орналасқан визит-орталықтан басталады. Оқу-ағарту,
автомобиль, бір күндік маршрут. Қатты жауын-шашын кезінде экомаршрут
жолдары өте қиын. Экомаршрут пункттері: Қорғалжын а. – Нұра өз. (мазар
Қаныкей) - солт.Шолақ көлі жағалауы-Шубасор көлі -Есей көлі- Кенді көлі-
Саумалкөл көлі-Қорғалжын ауылы. Ұзындығы 150 км, ұзақтығы 6-8 сағат.
№ 3 Экомаршрут "Ақбөкен" - туристік- экскурсиялық,
оқу- танымдық,
автомобильді, маусымдық, топтық маршрут. Ұзындығы 220 км, ұзақтығы 9
сағат. Маршруттың қызмет ету мерзімі: маусым айынан қазан айына
дейін.Топтағы ең көп адам саны: 20 адамға дейін, рекреациялық жүктеме
нормаларына сәйкес. Маршрут: Қорғалжын ауылы - Нұра өз. (Қаныкей мазары)
– Саумалкөл көлі-Абай ауылы-Назаров бөгеті-Сымтас шатқалы- Теңізсолтүстік
жағалауы-Қорғалжын ауылы.[6]
365
Бұл маршруттар көбіне фаунаға назар аудара отырып жасалған. Бұдан
бөлек Есей , Көкай, Біртабан көлдері флорасымен ерекшеленеді. Есей көлінің
жағалауында
Nitraria schoberi (Шобердің ақтікенінің)
шар тәрізді бұталары
өседі. Одан бөлек
Tulipa schrenkii Rgl. (Шренк қызғалдағы) мен
Достарыңызбен бөлісу: