368
Осындай жаңалықтардың бірі – кәсіпорынның
тәжірибелік қызметінде
қаржылық талдаудың автоматтандырылған компьютерлік бағдарламаларды
жаппай енгізу мен тарату.
Қазіргі таңда шаруашылық субъектілердің қаржылық талдауына арналған
әртүрлі мамандандырлыған бағдарламалар бар. Бұл бағдарламалар басқару
шешімдер
жинағы
мен
есептілік-аналитикалық
ақпарат
көлемімен
ерекшеленеді [9].
Қазіргі кезде Ресей әдебиетінде әртүрлі компьютерлік бағдарламаларды
қолдану негізінде жүргізілетін қаржылық талдау мен модельдеу бойынша
басылымдар пайда болды.
Осылайша, А.Гладкий, К.Н.Петров оқу-әдістемелік нұсқауларында бизнес
жоспарлау үрдісін Project Expert, Microsoft Project, Microsoft Power Point, Инэк-
Аналитик, Comfar бағдарламаларының көмегімен сипаттайды [10], [11].
Н.Б.Культин, П.В.Поляков, С.А.Коробов, А.В.Крутова, Л.Д.Шапиро
өздерінің басылымдарында бизнес жоспарлау процесінің мәнін «Project Expert»
бағдарламасын пайдалана отырып толықтай ашады [12], [13], [14], [15].
В.С.Алиев
пен
Д.В.Чистов
бойынша,
инвестициялық
жобалау
компьютерлік бағдарламалық жүйелері қызмет атқаратын және әлі құрылмаған
жаңа кәсіпорынның қаржылық үлгісін қалыптастыруға арналған. Олар
кәсіпорынның қызметін әртүрлі ішкі және сыртқы факторларды есепке ала
отырып, модельдеуге мүмкіндік береді [16], [17], [18].
Осындай бағдарламаларға кәсіпорын қызметі мен макроэкономикалық
орта үлгісін құруды қамтамасыз ететін көпсалалы «Project Expert» жатады.
Оның көмегімен жобалардың орындалуына оперативті бақылау жүзеге асады,
қаржылық жоспардың іске асуына әсер ететін
сыртқы факторлар зерттеледі,
компанияларды қаржыландыру схемалары жасалады және бизнес-жоспарлар
құрылады [19].
Ең жетілдірілген өнім – кәсіпорын қызметі нәтижелерінің және қаржылық
жағдайының кешенді талдау құралы «Audit Expert» [19].
Негізгі жұмыс істеу принципі бастапқы ақпаратты ХҚЕС талаптарына
сәйкес келетін аналитикалық кестелерге айналдыру болып табылады [19].
«Audit Expert» кәсіпорын активтері мен пассивтерінің құрылымына
алдын-ала бағалау жүргізуге ықпал етеді.Алынған нәтижелер негізінде
пайдаланушы кәсіпорынның қаржылық талдауының барлық стандартты
көрсеткіштерін есептей алады [19].
Алайда, бұл бағдарламаның елеулі кемшілігі - оның көбінесе ірі
корпоративті құрылымдарға қолжетімді болатын құны.
Сонымен қатар,
техникалық жағынан, әр қолданушы оны өз жұмыс орнында тікелей орната
алмайды.
Бүгінгі күні Ғаламтор пайдаланушыларға жұмыс орындарында үлкен
қаржылық салымдарды талап етпей, көптеген мүмкіндіктермен қамтамасыз
етеді.
Берілген мақалада Ресейдің ең танымал бағдарламасының бірі
Финансовый Экономический Анализ (ФинЭкАнализ) мүмкіндіктерімен
таныстыру көзделеді.
369
Project Expert пен ФинЭкАнализ бағдарламаларының білім алушылардың
тәжірибелік дағдыларына ықпал етуіне байланысты,
олар Семей қаласының
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Қаржы» кафедрасында
енгізілді
әрі
«Қаржылық
менеджмент»,
«Жобаларды
талдау»,
«Инвестицияларды қаржыландыру мен несиелеу», «Бизнес жоспарлау»,
«Инвестициялық талдау» және «Жобаларды басқару» пәндерінен дәріс пен
тәжірибе сабақтарында әрдайым пайдаланылады.
Бірақ,
білім
алушылардың
оларды
қабылдау
көлеміне
қарай
салыстырғанда, «ФинЭкАнализ» бағдарламасы пайдалануға оңай және сатып
алуға, орнатуға, үйренуге шектен тыс шығындарды қажет етпейді. Бағасы
бойынша кәсіпкерлік қызметпен енді айналыса бастағандар мен жоғары оқу
орындары мен колледж студенттеріне де тиімді.
Бұл бағдарламаның таптырмайтын артықшылығы –
оқу процесінде
пайдалану қарапайымдылығы. Сонымен бірге бағдарлама экономикалық
мамандықтар бакалаврлары мен магистранттары арасында курстық және
қорытынды жұмыстарын жазу кезінде үлкен сұранысқа ие.
Осы бағдарламаны пайдалану тәжірибесі студенттердің жоғарыда аталған
пәндерге қызығушылық танытуларын және оқу үлгерімі нәтижелері мен
дипломдық жұмыстар мен магистрлық диссертацияларды орындау сапасының
жоғарылауын көрсетті.
ФинЭкАнализ– шаруашылық субъектілерінің шаруашылық қызметтерінің
басқару және қаржылық-экономикалық кешенді талдауының кәсіби
автоматтандырылған жүйесі.
Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты –шаруашылық
субъекті қаржылық
талдауын жетілдіру.
ФинЭкАнализ қаржылық талдауы ұйымның басқару және қаржылық-
экономикалық талдауын автоматтандыруға қажетті жинақ болып табылады. Ол
шаруашылық субъектілерінің қаржылық жағдайын талдауы мен экспресс-
талдауын және мерзімдік мониторинг жүргізуге, болжамды баланс құруға,
қаржылық оқиғалардың дамуын үлгілеуге, аналитикалық жазбаларды жасауға
және компания дамуының стратегия, санация бағдарламаларын әзірлеуге
мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: