«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»



Pdf көрінісі
бет148/169
Дата28.03.2023
өлшемі4.46 Mb.
#471286
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   169
thesis141891

Batrachiumsp.(су сарғалдағын) тамашалауға болады. 
Tulipa schrenkii Rgl.селекциялық қордың резервтік материалы ретінде
үлкен маңызы бар. Бұл түр гүлінің ірі мөлшерлері және әралуан – ақ 
жәнесарыдан ашық –қызыл және қою қызылға дейін ашық бояуымен 
ажырайды. Дәл осы түр XVI ғасырда Голландияда шығарылған қызғалдақтың 
алғашқы мәдени сұрыптарының негізін салушы болып табылады.1873 жылы 
Қазақстанға сапарының бірінде танымал биолог Александр Иванович Шренк 
осы жаңа, таңғажайып әдемі, өте нәзік өсімдікті байқаған. Атақты биологтың 
құрметіне өсімдікті Tulipa schrenkii Rgl., яғни, Шренк қызғалдағы - деп атаған. 
Шобер (Schober) Готтлоб (1670, Лейпциг – 1739, Мәскеу), дәрігер, орыс 
бальнеологиясының негізін қалаушылардың бірі, медицина ғылымдарының 
докторы, саяхатшы Nitraria (ақтікен) өсімдіктің түрін ашқан. Карл Линней 
өсімдікті Nitraria schoberi (Шобер ақтікені) деп Шобердің құрметіне атаған. 
Nitraria schoberi (Шобер ақтікені) - галофит, биіктігі 1-1,5 метр, бұтақтары тік 
және сәл иілген бұта болып өседі. Өзінің биологиялық ерекшеліктеріне 
байланысты табиғи құмбекіткіш, тұзды батпақта, тұщы жерасты сулары жақын 
тұзды құмдарда, тау бөктері алқаптарында өседі. Үлкен қаумдастықтарды 
құрап, құм ұйындыларына жақсы төзеді. Құрғақшылыққа төзімді 
болғандықтаншөл және шөлейт аудандарда орман түзу құрылысында 
қызығушылық тудырып келеді.Аталған ақтікендер тұқымдасының өсімдіктері 
органикалық 
қышқылдарға, 
фитостеролдарға, 
полиқанықпаған 
май 
қышқылдарына, 
алколоидты 
және 
флавоноидты 
қосылыстарға 
бай. 
Ақтікендердің жер үсті бөліктерін және тұқымдарын тұрақсыз жүрек соғысын 
түзетуде, гипертония, диспепсия, өкпе ауруларын, тұмауды емдеуде және 
дәстүрлі халық емінде қолданады. Қышқылды-тәтті дәмді жемістері жеуге 
жарамды, шырын, джем, кәмпит, т.б. жасауға және тағамдық бояғыш зат 
ретінде қолданылады. Жемістерінің тағамдық құндылығы құрамындағы 
қанттардың, 
протеиндердің, 
амин 
қышқылдарының, 
витаминдердің, 
пектиндердің, минералды элементтердің болуымен негізделген[11]. 
Batrachiumsp. (батрахиумдар немесе су сарғалдағы) - бір мезгілде тек 
қана түгелдей суға батқан немесе өзгермелі және су астындағы жапырақтары 
бар су өсімдіктері. Олардың өте өзгермелі жапырақтары бар, гүлдері жалғыз, 
өте әдемі, судың беткі қабатын жапқанда үздіксіз гүл немесе гүлді кілемше 
сияқты көрінеді. 
Осындай флора ерекшеліктеріне назар аудара отырып, Қорғалжын 
қорығында ғылыми тұрғыдан қарастырылған жаңа экологиялық маршруттар 
зерттелінуде.
Қорытындылай келе, Қорғалжын қорығындағы экомаршруттар Қазақстан 
үшін аса маңызды табиғи орындарды сақтауға, шетел азаматтарына барлық 
әсемдікті көрсетуге мүмкіндік береді. Жасалынып жатқан экомаршруттар 


366 
қызықтылығымен қатар ғылыми тұрғыдан танымдық маршруттар ретінде 
қарастырылады. 
Әдебиеттер тізімі: 
1. Летопись 
природы за 1986-1995 гг. – пгт. Кургальджино, 
Кургальджинский Государственный заповедник, 1996. 
2. «Туризм, экскурсии, обмены: современная практика» В.А. Квартальнов 
М., «Наука» 1993 г. 
3. Кошкин А.В., Федулин А.Е., Некоторые особенности орнитофауны 
Тениз-Коргалжынского региона (Центральный Казахстан) в 2016 году // 
Рус. орнитол. журн. 25 (1374): 4725-4728. 
4. Кошкин А.В.,Новое 
в 
орнитофауне 
коргалжынского 
заповедника//Русский 
орнитологический 
журнал (Санкт-
Петербург) .2003. С 1175-1177 
5. Салихов Т.К, Ынтымак А, Салихова Т.С., Комплексная экологическая 
оценка территории Коргалжынского государственного природного 
заповедника //Индивидуальный предприниматель Кузьмин Сергей 
Владимирович (Казань). 2016. С 506-515 
6. http://korgalzap.kz 
7. Глобально значимые водно-болотные угодья Казахстана. Том 2. Тениз-
Коргалжынская система озер. - Астана, 2007. – 350 с. 
8. Сидорова Т.В. Коргалжинский государственный природный заповедник // 
Заповедники Средней Азии и Казахстана. – Алматы: Tethys, 2006. - С. 48-
71.
9. Номинация «Степи и озера Северного Казахстана» для включения в 
Список Всемирного культурного и природного наследия ЮНЕСКО, 2001.
10. Отчет по теме «Проведение комплексного обследования территории 
Государственного природного резервата "Алтын Дала" за 2009 год». // 
Казахстанская ассоциация сохранения биоразнообразия (АСБК). - 
Алматы, 2009. 
11. LeventÜstünes. Pharmacological Activity of The Extracts of NitrariaSchoberi 
(Zygophyllaceae) // J. Fac. Pharm. – Ankara: 1988. - №18(1). - P. 74-86. 
Ғылымы жетекші:б.ғ.к, доцент Жаманғара Айжан Қашағанқызы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


367 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет