Пайдаланған әдебиеттер
1.
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс
пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 5
қазан.
144
2.
Тайжанов С.Дене тәрбиесі. - Алматы : Рауан, 2000.-159 б.
3.
Төтенаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары.-Алматы: Қайнар, 1994.-
170 б.
ЖАҚАН М.Н.
(ҚАРАҒАНДЫ, ҚАЗАҚСТАН)
ЖУРНАЛИСТІК БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТЕОРИЯ МЕН ПРАКТИКА
ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ
Қазіргі таңда журналистика факультеті керек пе, жалпы, журналист болу
үшін арнайы оқу оқыған дұрыс па деген тақырып жиі қозғалуда. Бұл
сұрақтардың туындауына не себеп? Басты себеп – журналистика мамандығын
бітіргендердің әлсіздігі. Түлек дап-дайын, бүгін салсаң, бүгін жұмыс істеп
кететіндей болмайды. Қазірде елімізде журналист дайындайтын жоғарғы оқу
орындары көп. Дегенмен, олардың бәрінде білікті мамандар мен сапалы
техника бар деген сөз емес.
Журналистиканы университет қабырғасында оқытудың маңызы неде?
Журналистика тек хабарлама берумен шектелмейді. Жасанды интеллект
дамыған заманда мұндай жұмысты роботтың өзі де атқара алады. Экран
алдында суфлердегі мәтінді оқитын дикторлар да журналистиканың үздік
көрінісі емес. Нағыз журналист елде және жаһанда болып жатқан оқиғаларды
оқырман мен көрерменге мәселенің мәнін ашып, халыққа мәлім де беймәлім
өзекті тақырыптарды көтереді. Ондай мамандар сөз бостандығы мен
журналистік этиканың арасалмағын, журналистика жанрларын, ақпараттың рас-
өтірігін тексеру жолдарын біліп, мазмұнды әрі ұғынықты мәтін жаза алуы
қажет. Осының бәрін меңгеріп, журналистиканы концептуалды деңгейде
оқыған адам ғана журналистиканы дамыта алады. Ал өзге саладан келген
мамандардың көбі шаблоннан шыға алмай, журналистикаға төнген заманауи
қауіп-қатерлерді жоя алмай, саланы дамытуға қауқарсыз келеді. Сондықтан,
осы тұрғыда сапалы, кәсіби журналистерді дайындап шығу мәселесі
туындайды. [3]
Кеңестер Одағы кезінде журналистика мен әдебиет саласында білім беру
филология (тіл және әдебиет) факультеттерінде дайындалған. Журналистика
факультеті оқытушыларының ғылыми атағы филология саласы бойынша
қорғалған, алайда бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы академиялық
және кәсіби тәжірибелері аз. Басқа да елдердегі секілді университтер мен
медиаиндустриялар арасындағы түсініспеушіліктер де кездеседі. Білім және
ғылым министрлігінің талабы бойынша оқытушылардың ғылыми атағының
болуы және ғылыми зерттеулер бағдарламасының белсенді жүргізілуі маңызды
болса, өндіріс немесе БАҚ өкілдері болашақ журналистердің тәжірибелік
дағдыларының болуы, материал жазуды меңгеруі және компьютерлік,
мультимедиялық сауаттылығына ерекше наза аударады.
145
Жаңа медиа технологиялар журналист пен журналистік білімге жаңа леп,
жаңа түсінік, жаңа көзқарас әкелгені сөзсіз. Журналистерге қойылатын
талаптар да өзгеріп, болашақ журналистерді де оқыту үрдісінің де
жаңашаланып жатқаны сөзсіз. Қазіргі таңда басқа мамандық салалары сияқты
журналистердің де білуге тиіс білімдері мен дағдыларының да еңейіп жатқаны
сөзсіз. Журналистер жұмысына қажетті ақпараттады, жинау дағдысы, мақала
жазу қабілеті, аналитикалық дағдылары, жаңашылдығына қоса, күнделікті
өзгеріп отырған жаңа ақпараттық тенологияларды білу, орынды қолдану,
біліктілігін көтерудің мүмкіндіктерін жіберіп алмаулары керек.
Журналистің шеберлігі туралы айтқанда, шеберліктің негізінде жатқан
журналистің дүниетанымы, көзқарастары, азаматтық ұстанымы, әлеуметтік
белсенділігі екенін ескеруіміз керек. Әр сөзі арқылы журналист халықтың ойын
айтып қана қоймайды, сонымен бірге оны қалыптастырады. Ал журналистік
шеберлікті қалыптастыру университеттік білімнен бастау алатыны айтпасақ та
болады.
Дүниежүзінде қалыптасқан журналистік білім мен тренингтің бес үлгісіне
(моделіне) тоқталып өтейік:
1.
Еуропалық кәсіби модель. Әдетте бұл жартыжылдық немесе
біржылдық практикалық курстары бар дипломдық бағдарлама. Негізінде бұл
курстарда ақпаратты жинау, өңдеу және редакциялау дағдыларын
қалыптастырады, сонымен бірге заңнамалық құжаттармен және кәсіби әдеп
талаптарымен таныстырады.
2.
Журналистика саласындағы университеттік бакалавр дәрежесі. Бұл
үлгі (модель) Америка Құрама Штаттары мен басқа елдерде, оның ішінде
бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде кеңінен қолданылады.
3.
Басқа пәндер бойынша университеттік дәреже алатын түлектердің
журналистік дағдыларын қалыптастыратын қысқа мерзімді курстар.
4.
Магистр дәрежесіне арналған бағдарламаның екі түрі. Біріншісі,
журналистік білімі немесе тәжірибесі жоқ мамандардың дағдыларын
қалыптастыруға арналған курстар. Екіншісі, тәжірибелі журналистерге
арналған: журналистиканың әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдениет
тақырыптарын қамтитын, медиа мен онымен тығыз байланысты әсерлердің
теория тұрғысындағы түсінігін беріп, академиялық зерттеулер жүргізу
дағдыларына үйретеді.
5.
Жұмыс істеп жүрген журналистерге арналған медиа немесе басқа да
ұйымдардың өткізетін қықса мерзімді курстар, семинарлар, тренингтер.
Қазақстанда журналистика саласына мамандар даярлауда жоғарыда
көрсетілген үлгілердің екіншісі мен бесіншісі көбінесе қолданылады.
Мамандар даярлаудың қай үлгісі қолданылса да, оқытудың қалыптасқан
негізгі бағыттарының өзгеріссіз қалатынында сөз жоқ. Осы уақытқа дейін
қалыптасып келген оқытудың үш негізгі бағыты бар:
1.
Вербалды коммуникация:
-әңгімелесу
-дәріс
-талқылау
146
2. Ақпаратты көрнекілік арқылы көрсету:
-презентация
-көрсетілім жасау (демонстрация)
-моделдеу
3. қажет дағдыларды жаттықтыру:
-құжаттарды дайындау, құрастыру.
-компьютермен жұмыс істеу
-кеңседе жұмыс істеу [1, 30 б.]
Оқытудың қандай түрі болса да, осы бағыттардың біріне жатады. Яғни,
жұмыс барысында тілдесу, көрсету, практикалық жаттығу элементтері
қамтылады. Әрине, бәрін бірлікте қолдануға да мүмкіндіктер бар. Оқытудың ең
жиі қолданылатын түрі дәріс оқу. Бірақ қазіргі сандық қоғамда «бірден көпке»
ұстанымын басшылыққа алатын күнделікті дәріс оқудан гөрі, дәрісті
студенттермен диалог түрінде өткізу дүниежүзінде кең қолдануда. Бір
қарағанда жүйесіз, тәртіп сақталмай өтетін дәріс сияқты болып көрінуі мүмкін,
бірақ басынан аяғына дейін ойластырылған, жоспарланған дәріс қызықты да
есте қаларлықтай өтетіні сөзсіз.
Оқытушы дәріс барысында журналистика саласындағы белсенді, танымал
ерекше адамдармен кездесу өткізіп, осы салада болып жатқан жаңалықтарды,
күнделікті өзгерістерді қамтып отыруы тиіс.
Журналистік білім беруде жұмысты ұйымдастыру барысында мыналарды
ескерген артық болмайды:
- Студенттерге курстың онлайн нұсқаулықтарын ұсыну тиімді, бірақ
студенттер оны оқитындай жағдай жасау керек немесе талап кою керек.
Сондықтан бастапқы кезеңде ондай нұсқаулықтарды сабак барысында немесе
өз бетінше тапсырмаларды пайдалану керек.
- Студенттер орындаған тапсырмаларын онлайн жариялау керек, бұл оны
тек қана ұстаздың тексеруі үшін емес, сонымен бірге курстастары және басқа да
оқырмандардың пікір қалдырып, ой бөлісуіне алып келеді, сондай-ақ, жұмысты
жақсарту тұрғысынан көп кеңестер алады.
- Студенттерге өздеріне ұнайтын тақырыпқа жазуға тапсырма берумен
қатар, өздеріне ұнамайтын тақырыптарға да жазба жазу керек деген
тапсырмалар беру керек.
- Студенттер аудиомен, фотомен, видеомен де жұмыс істеп үйренуі керек.
Репортаж жасауды үйретудің бірден-бір мүмкіндігі ол өңделмеген
аудиорепортаждар жасаумен айналысу дағдыларын қалыптастыру.
- Болашақ журналистер HTML мен СSS туралы білуі керек, сондықтан
жылдан жылға осы туралы мәліметтерді көбірек беріліп, вебсайттарды қолдану,
жасау, т.с.с. дағдылары қалыптасып отыратынында дау жоқ.
Қазіргі таңда онлайн газет, интернеттегі радио, вебтелекөрсетілімдер,
онлайн теледидар сияқты ақпаратты таратудың жаңа формалары шығып жатыр.
Осылармен қоса жаңа терминдер мен түсініктер қалыптасып жатыр, оларды
студенттерге дер кезінде ұсыну өте маңызды. Мысалы, «Конвергентті
журналистика». Конвергенция – бұл бірыңғай мазмұнды әр түрлі құралдармен
147
(мәтін, дыбыс, видео) және коммуникацияның әр түрлі арналары (баспасөз,
радио, интернет, телекөрсетілім) арқылы тарату. Баспасөздегі монополоияға
қарсы күрес үнемі үлкен конгломераторлардың құрылуымен параллельді жүріп
жатады. Бір қолда газет, кітап, теле және радио бағдарламаларын біріктіретін
конгломераторларға қарсы күреспен қатар жүреді. [2, 47 б.]
Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған материалдарды дайындауға
қажет технологиялар кез келген шығармашылық ойды жүзеге асыруға
мүмкіндік береді, сондықтан қазіргі таңда «конвергентті редакциялар»
қарқынды даму үстінде.
Журналистік білімнің алдында тұрған жаңа мақсат, ол білікті
конвергентті журналисті дайындап шығу. Сондықтан болашақ мамандарды
дайындауда ескеретін нәрселер өте көп, солардың ішіне мына талаптар да
кіреді:
- Компьютерде жұмыс істей алу
- Жаңалық материалдарын онлайн ресурстар үшін өңдей алу
- Аудио материал дайындай алу
- Видео-репортажды түсіре білу
- Аудио және видеоматериалдарды интернетке жүктей алу
- Фотосуреттерді түсіру, сонымен қатар оларды интернетке жүктеу
- Интернеттегі іздеу жүйелерімен жұмыс істей алу, оны тиімді пайдалану
- SMS-хабарлама түрінде жаңалықтарды жасай білу
- Жұмысқа қажет компьютерлік бағдарламаларды қолдана алу
- Wi-Fi арқылы бірден басылымға, нөмірге және сайтқа ақпарат бере алу
- Блог жүргізе білу
- Сапалы мәліметтер мен дәлелдерді жинақтау
- Кез-келген уақытта байланыста болу
Бұл талаптар жылдан жылға кеңейіп, нақтыланып, өзгеріп отыратыны
уақыт және әлемде орын алып жатқан өзгерістермен тығыз байланысты болып
отыр.
Өзім білім алып жатқан Қарағанды мемлекеттік университетінің
журналистика кафедрасы 1993 жылы ашылған болатын. Мұнда теория мен
тәжірибе тепе-теңдігі сақталған деп нық сеніммен айта аламын. Біріншіден, бұл
жерде БАҚ саласындағы тәжірибесі мол білікті мамандар қызмет етеді.
Студенттер қандай да болмасын мамандыққа байланысты шараларға, белгілі
журналистермен кездесулерге қатысуға міндеттелген. Сонымен қатар, қара
шаңырағымызда ай сайын «Жастар әлемі» газетінде студенттердің мақалалары
жарыққа шығады. Бұдан бөлек, оқу телевизиясы қызмет атқарады. Жылдан
жылға мұндағы теникалар, студия, монтаж, дыбыс жазу құрылғылары даму
үстінде. Студенттер тәжірибе жүзінде оқу орнында болып жатқан түрлі
шараларды, жаңалықтарды эфирге шығарып, белгілі тұлғалардан сұхбат алып
жатады. Олар дайындаған телевизиялық өнім кейін университетіміздің барлық
факультеттерінде теледидар арқылы көрермен назарына ұсынылады. Сондай-
ақ, бір жыл бұрын ғана тұсауы кесілген «Studentmedia» сайты біздің
оқытушылар мен студенттердің бастамасымен іске асқан болатын. Бұл сайтта
10-нан астам түрлі тақырыптағы рубрикалар бойынша мақалалар жарияланып
148
тұрады. Осындай тәжірибенің нәтижесінде біздің түлектер үнемі сұранысқа ие.
Қазіргі таңда олардың 80%-ы еліміздің ең мықты деген түрлі БАҚ –да қызмет
етеді. Егер студенттер тек теориямен шектелсе, қанағаттанарлық нәтижеге қол
жеткізеді деп оламаймын.
Қорытындылай келе, кәсіби журналист дайындап шығу үшін теория
мен тәжірибе тепе-теңдігін қатаң ұстану қажет екендігін түсіндік. Себебі, дәл
осы салада жалғыз теория емес, практика да маңызды рөлді атқарады. Бірақ бұл
кейбірі айтып жүргендей, журналистикаға теория қажет емес дегенді
білдірмейді. Мысалы, әлемдік деңгейде журналистика мектептері әлі дүркіреп
тұр және оларға оқуға түсудің талаптары өзге мамандықтарға қарағанда өте
жоғары. АҚШ-тағы журналистика мектептерінің оқытушылық құрамын
қарайтын болсаңыз, профессорларының көпшілігі New York Times, Washington
Post секілді газеттерге тұрақты мақала жазып, редактор жұмысын қатар алып
жүреді. Олардың қатарында әлемге әйгілі Пулицер премиясын жеңіп алғандар
да аз емес екендігін байқаймыз. [3]
Достарыңызбен бөлісу: |