Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері
7
атмосфера газдарының жəне табиғи сулардың геохимиясына
негіз қалады. Геохимия үшін Д. И. Менделеевтің 1869 жылы
ашқан периодтық заңының маңыздылығы өте жоғары болды.
Бұл
ғұлама
химик
ғалымның
еңбектерінде
бірқатар
геохимиялық тұжырымдамалар орын алады.
ХIХ ғасырдың 80-жылдары
жер қыртысының орташа
құрамын анықтаумен Вашингтондағы америкалық геологиялық
комитеттегі химиялық зертхананың жетекшісі Ф. У. Кларк
жүйелі түрде
айналысқан. 1882 жылы Америкалық геологиялық
комитеттің химигі Ф. У. Кларк үлкен
фактілік материалдар
негізінде жер қыртысындағы негізгі 30-40 химиялық
элементтердің таралуы жайлы нақты сандық мəліметтер берді.
Геохимия
ғылымы
1908-1911
жылдары
Мəскеу
университетінің минералогия кафедрасында дүниеге келген. Бұл
кафедраны 1891 жылдан В. И. Вернадский басқарған.
Минералогияны
ғалым
жер
қыртысының
химиялық
қосылыстары деп түсінген, сондықтан ол минералдардың дəл
химиялық талдауларына көп көңіл бөлген. Вернадский
минералдармен таужыныстардағы элементтердің санын анықтау
үшін спектрлік талдауды кеңінен қолданған.
Сонымен геохимияны минералогиядан пайда болған ғылым
деп айтуға да болады. Оның
ғылым ретінде қалыптасуына
ХХ ғасырдың басында жарық көрген атом туралы жаңалықтар,
яғни оның шынымен де ақиқат күрделі жүйе туралы көзқарастар
өз үлесін тигізді. Көне замандағы ғалымдардың керемет
геохимиялық тұжырымдарының орнына ХVIII жəне XIX ғ.ғ.
Вернадскийдің еңбектерінде ғылымға толық анықтама беріліп,
оның зерттеу мəселелері анықталды.
Геохимия ғылымы бойынша ең алғаш дəрістер
курсын
А. Л. Шанявский атындағы Мəскеу университетінде 1912 жылы
Вернадскийдің дарынды шəкірті, геохимия ғимаратын салуға
атсалысқан А. Е. Ферсман оқыған. Кейіннен осы дəрістер
жинағы баспадан шығарылған.
А. Е. Ферсманның ХХ
ғ. 20-жылдарында
Қола түбегіндегі
геохимиялық зерттеулері тек қана танымал теориялық
нəтижелермен шектелмей, сонымен қатар апатит кенорындарын
жəне басқа шикізат кенорындарының ашылуына септігін тигізді.