Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын


 ПАЙДАЛЫ ҚАЗБА КЕНОРЫНДАРЫН



Pdf көрінісі
бет53/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

10. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБА КЕНОРЫНДАРЫН
ГЕОХИМИЯЛЫҚ ІЗДЕУ ƏДІСТЕРІ 
 
Геохимиялық жұмыстар барлық геологиялық барлау 
жұмыстарының ажырамас бөлігі болып табылады. Геологиялық 
барлау жұмыстары бұл ұзақ мерзімді жəне тоқтаусыз процесс. Ол 
геологиялық карта түсіру жұмыстарынан басталып, кенорындарды 
іздеу жəне оларды барлаумен аяқталады. 
Геологиялық барлау жұмыстарының сатылары – бұл
пайдалы қазба кенорындарын іздеу мен барлаудың мəселелерін 
шешудегі жүйелі сатылар. 
Жалпы геологиялық барлау жұмыстары келесі сатылармен 
сатышаларға бөлінеді: 
1- саты. Жер қойнауын аймақтық геологиялық зерттеулер
ол келесі сатышаларды кіріктіреді: 
1) 1- сатыша. Жинақталған жəне шолулық ұсақ масштабты 
геологиялық картаға түсіру жұмыстары (масштабы 1:500000 
жəне одан да ұсақ); 
2) 2 - сатыша. Орта масштабты геологиялық картаға түсіру 
жұмыстары (масштабы 1:200 000); 
3) 3 - сатыша. Ірі масштабты геологиялық картаға түсіру 
жұмыстары (масштабы 1:50 000). 
2 - саты. Іздеу жұмыстары. 
3 - саты. Іздеу-бағалау жұмыстары. 
4 - саты. Геологиялық барлау 
5 - саты. Игерімдік барлау.
Геологиялық барлау жұмыстарының сатылары пайдалы 
қазба кенорындарын іздеу мен барлаудың мəселелерінің жүйелі 
түрде шешілуін қамтамасыз етеді. 
Жер 
ойнауын айма ты геологиялы зерттеулер жер 
қойнауын мемлекеттік зерттеудің негізі болып келеді жəне кешенді 
геологиялық ақпараттарды алу мақсатында жүргізіліп, елдің 
аумағын жүйелі геологиялық зерттеудің жəне жер қойнауындағы 
пайдалы қазбаларды болжаудың іргелі негізін құрайды. 
Іздеу ж%мыстары перспективті бөлікшелерді жəне кен 
көздерін анықтау жəне контурлау үшін, болжамдық ресурстарды 
бағалау, алдын ала геологиялық-экономикалық баға беру жəне 


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
137 
алдағы болатын геологиялық барлау жұмыстарын негіздеу 
мақсатында жүргізіледі. 
Іздеу-бағалау 
ж%мыстары 
іздеу жұмыстары кезінде 
анықталған жəне оң бағаланған пайдалы қазба көздерінде 
жүргізіледі жəне минералогиялық-петрографикалық, геофизикалық 
жəне геохимиялық зерттеулермен бірге жүргізіледі.
Геологиялы барлау ж%мыстары іздеу-бағалау жұмыстары 
нəтижесінде оң қорытынды алған нысандарда жүргізіледі. 
Геологиялық барлау сенімді мəліметтерді алу үшін жəне 
кенорындардың өнеркəсіптік маңызын негізді бағалау мақсатында 
жүргізіледі. Бұл сатының жұмыстары геологиялық немесе тау-кен 
бөлінісі ауқымында жүзеге асады. 
Игерімдік барлау кенорынды өнеркəсіптік игерудің өне 
бойында жүргізіледі. Игерімдік барлау сатысы кезінде кенорын-
дардың қапталдарын жəне терең горизонттарын қайталап барлау 
мəселелері шешіледі. Осы сатыда арнайы барлау тау-кен 
қазылымдарын қазу жəне бұрғылау ұңғымаларын бұрғылау 
жұмыстары жүргізіледі. 
Осы жоғарыда келтірілген нұсқаумен сəйкес геологиялық 
барлау жұмыстарымен қоса жүргізілетін литогеохимиялық іздеу 
жұмыстарының түрлері мен масштабтары геологиялық барлау 
жұмыстарының сатыларына сай болуы керек (10.1 - кесте). 
10.1-кесте
Геологиялық барлау жұмыстарының сатылары жəне
олармен қоса жүргізілетін геохимиялық жұмыстардың
түрлері мен масштабтары 
Сатылар 
Геохимиялық жұмыстардың 
түрлері мен масштабтары 
Қорлардың 
категориялары 



1- саты. Жер ойнауын айма ты геологиялы зерттеулер 
1- сатыша. Жинақталған 
жəне шолулық ұсақ 
масштабты геологиялық 
картаға түсіру жұмыстары 
(масштабы 1:500000 жəне 
одан да ұсақ) 
Масштабы 1: 500 000 жəне одан 
ұсақ болатын шашырау ағындары 
бойынша аймақтық геохимиялық 
түсірулер 


Я. К. Аршамов 
 
138 
10.1-кестенің жалғасы 



2- сатыша. Орта 
масштабты геологиялық 
картаға түсіру 
жұмыстары
(масштабы 1:200 000); 
Қайта түзілген ореолдар жəне 
шашырау ағындары бойынша орта 
масштабты (1: 200 000) 
литогеохимиялық түсірулер жəне 
іздеу жұмыстары, үстемеленген 
қайта түзілген ореолдар бойынша 
іздеу жұмыстары, масштабы
1: 200 000 тереңдікті 
литогеохимиялық іздеулер
Р
3
– Р

3-сатыша. Ірі масштабты 
геологиялық картаға 
түсіру жұмыстары 
(масштабы 1:50 000). 
Қайта түзілген ореолдар жəне 
шашырау ағындары бойынша ірі 
масштабты (1: 200 000) жербетілік 
литогеохимиялық іздеу жұмыстары, 
масштабы 1: 100 000 тереңдікті 
литогеохимиялық іздеулер 
Р
2
– Р
1
2- саты. Іздеу 
ж%мыстары. 
Қайта түзілген ореолдар жəне 
шашырау ағындары бойынша 
жербетілік іздеу литогеохимиялық 
түсірулер (1: 200 000 – 1: 25 000), 
сирек – алғашқы ореолдар бойынша 
(1:10 000) жербетілік іздеу 
литогеохимиялық түсірулер жəне 
масштабтан тыс жеке профильдер 
бойынша литогеохимиялық 
түсірулер, тереңдікті 
литогеохимиялық түсірулер
(1: 100 000 – 1: 25 000) 
Р
2
– С
2
3- саты. Іздеу-бағалау 
ж%мыстары 
Р
1
– С
1
4- саты. Геологиялы
барлау 
Тау қазылымдар жəне ұңғыма 
керндері бойынша рудаларды жəне 
руда сыйыстырушы 
таужыныстарды сынамалау арқылы 
1: 10 000 – 1:200 масштабтарда 
литогеохимиялық зерттеулер 
С
2
– (В+А) 
5- саты. Игерімдік 
барлау 
С
1
– (В+А) 


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
139 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет