Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


Бөкей хан Барақ хан ұлы баяндаңыз



бет33/50
Дата02.10.2023
өлшемі109.14 Kb.
#479578
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50
яссауи окулары сурак жауап 2

68. Бөкей хан Барақ хан ұлы баяндаңыз Бөкей Барақұлы шамамен 1737 жылы дүниеге келген қазақ сұлтаны, ханы. Барақ ханның баласы, Тұрсын ханның немересі. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының бірі Əлихан Бөкейхановтың төртінші атасы болып келеді. 1749 жылы Бөкей әкесінің тапсыруымен өзінің төлеңгіттерімен бірге Түркістан аймағынан Солтүстік – Шығыс Қазақстан өңіріне қоныс аударып, қаракесектің бигелді аталығына сұлтан болып сайланды (Исмурзин, 2006: 42). XVIII ғасырдың 50-жылдарының басында Коряков бекінісі (қазіргі Павлодар қаласы) маңын қоныстанып, Орта жүз қазақтарының жоңғар басқыншыларына қарсы шайқасына қатысты. Бөкей XVIII ғасырдың 80–90-жылдарында Ресейден Орта Азияға бағытталған сауда керуендерінің қазақ даласы арқылы өтуіне, сауда жолы торабын Петропавлдан Ямышев бекінісіне ауыстыруға атсалысты. Осы мақсатта Бөкей 1785 жылы атақты би Сарыбағыш Атаке батыр басшылығымен Ресейде болған бірінші қырғыз елшілігіне белсенді түрде қолдау көрсетті. 1786 жылдың 2 тамызы мен 1787 жылдың қаңтары аралығында Бөкейдің тапсыруымен құрамында баласы Батыр сұлтан, 2 старшын мен 2 төлеңгіті бар қазақ өкілдігі XVIII ғасырдың 90-жылдарының басында Ташкент билеушісі Жүнісқожамен тығыз қарым-қатынаста болып, одан 1740–1750 жылдары әкесі Барақ ханның иелігінде болған Иқан қонысын қайтарып алады. Осыдан кейін Түркістан өңірі Бұхар хандығының қол астына өткенге дейін Бөкейдің қысқы ордасы болды. Бөкей 1816 жылы Орта жүздегі қаракесек, төртуыл руларына Уәли ханмен бірге билік жүргізді. 1817 жылы маусымда Коряков бекінісінен 180 шақырым жердегі Жайылма өзенінің бойында хан болып жарияланды (Ерофеева, 1997: 133). 1819 жылға дейін билік құрып, Түркістанға жерленеді (Қазақ хандары, 2015: 176).
69. Әликен хан Қарабас сұлтан ұлы баяндаңыз: (Әликен хан) Қарабас сұлтанның кіші ұлы Көшек ханның шөбересі Əликен (Əлиакбар, Шалекен) хан – Қоқан хандығына қарсы Қазақстанның оңтүстігінде барынша шиеленісті сипат алған 1853–1861 жылдардағы көтерілісте Түркістан төңірегіндегі ру-тайпалардың батырлары мен билерінің, рубасы ақсақалдарының ұйғарымымен сайланған қазақ хандарының бірі. Туған жылы белгісіз, қайтыс болған жылы 1859 жылдан кейін. Билік құрған уақыты 1858 жылдың мамыр айы – шамамен 1859–1860 жылдар аралығы (Ерофеева, 1997: 95). Әликен-Әліакбар хан Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек ханның тоғызыншы ұлы Жәдіктен тарайтын әулетке жатады. Әліакбар ханның әкесі ХVIII ғасырдың соңғы ширегінде қоңырат тайпаларын басқарған Қарабас Мұхаммед сұлтан. А.Г.Оловинцов пен Г.Ж.Табулдин шежіресі бойынша Ондан сұлтан – Көшек сұлтан – Тұрсын хан – Көшек (Қосмамбет) хан – Сынқай сұлтан – Қарабас сұлтаннан Тоғай хан мен Әліақбар (Әликен) хан Атақты ақын Майлықожаның мәліметі бойынша «Әліакбар інісі Тоғай ханмен атасы бір, анасы басқа болған» (Сұлтанқожаұлы, 2010: 203). Әліақбар қазақ халқы үшін қиындығы мол XIX ғасырда өмір сүрді. Әликен басқарған әскер қоқан әскерлерімен бірнеше мәрте соғысып, 1858 жылы Түркістан қаласын қоқандықтардан азат етуге әрекет жасайды. Жаңа сайланған хан өзінің туған ағасы Тоғайдың Түркістанда хан болғанын, қаланы 35 жыл бұрын қоқандықтар басып алып оның ағасынан тартып алғанын алға тартып, Түркістан қаласын қазақтарға қайтаруды талап етеді. Алайда қаланы тіке басып алуға Түркістан ішінде қазақтың белгілі азаматтарын аманатқа алу да кедергі етті. Қоқандықтар Қожа Ахмет Ясауи басына зиярат жасауға келген қоңыраттың билері Қоныс датқа мен Ақсақ датқаны, Ұлы жүзден келген Қарақұл датқаны, қыпшақтың Тубақабыл атты жақсыларын аманат ретінде ұстап отырды. Әликен басқарған көтерілісшілер 15 мамырда қала бекіністеріне шабуыл жасады. Алайда қоқандықтар әскери тұрғыдан басым болды. Зеңбіректерден от шашып, көтерілісшілерді атқылап отырды. Қазақ әскері бір айдай Түркістанды қоршап тұрды, бірақ оны басып ала алмады. 3 маусым күні Мырза Нияз басшылығымен Түркістандағы қоқан әскері қазақтарды жарып өтуге әрекет етеді. Алайда қоқандықтар үлкен шығынға ұшырайды. Кейбір мәліметтерге қарағанда қоқандықтар жағынан 500–800-ге дейін адам шығын болады. 1858 жыл 20 маусымдағы орыс хабарламасында «хан конградский с своим ополчением и стоит еще под стенами Туркестана», яғни «қоңырат ханы» Әликен әлі де Түркістанды қоршап тұр деген хабар кездеседі (Қазақ хандары, 2015: 224, 209). Әликеннің Қоқан хандығы мен Ресей отаршылығына қарсы Бұхар хандығымен одақ құру мақсатында келіссөздер жүргізуі оның қайраткерлігін танытады. Өкінішке орай, Әликеннің кейінгі өмірі тарихшыларға беймәлім болып отыр. Кейбір тарихшылар ол бір-екі жылда дүние салды деп санайды. Қалай дегенде оның есімі 1859 жылдан кейінгі тарихи құжаттарда кездеспейді. Әликен хронологиялық тұрғыдан алып қарағанда қазақ тайпаларының сайлаған ең соңғы ханы болып тұр. Мүрдесі Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерленген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет