Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


Бөгенбай батырдың «сөресі» туралы айтыңыз



бет36/50
Дата02.10.2023
өлшемі109.14 Kb.
#479578
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   50
яссауи окулары сурак жауап 2

75. Бөгенбай батырдың «сөресі» туралы айтыңыз «Қазақтың қамал қорғаны» атанған атақты батыр, қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресін ұйымдастырушылардың бірегейі — Қанжығалы Бөгенбай батыр 95 жастан асқан шағында дүниеден өтеді. «Мәйітін Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи мешітіне жерлеу үшін батырдың денесін таза арулап, былғарыға орап, қыс бойы сөреге қойып сақтаған. Абылай ханның жарлығы бойынша 1778 жылы көктемде баласы Тұраналы мен қанжығалы Айтбай Аткелтірұлы бастаған елдің игі жақсылары батырдың сүйегін нарға теңдеп, Түркістанға жеткізіп, Қожа Ахмет Ясауи мешітіне жерлеген. Бөгенбай батырдың денесі сөреге қойылған жер бүгінге дейін Ереймен өңірінде «Бөгенбай сөресі» деп аталады. 
76. Кесенеде жерленген Жәпек батыр туралы айтыңыз ЖӘПЕК батыр (т.ж. шам. 1711 – қ. ж. белгісіз) қыт. дерек. Япек, орыс дерект. Джапек. Құдайберлі Жәпек батыр, Орта жүздің арғын тайпасының атығай–қарауыл руының бас батыры, Абылай ханның сенімді серігі, әрі оның таңдаулы әскерінің қолбасшысы. Бөгенбай, Малайсары, Қабанбай батырлармен және қарауыл Қанай бимен жолдас, үзеңгілес болған. Бәсентиін Малайсары батырдың қарындасы Кежекке үйленген. Одан бес жауынгер батыр ұлдары: Сейтен, Жауқай, Жортушы, Жарты, Сарықазақ туған. Бәйбішесінен жалғыз ұлы – Қарасай батыр туған. 1741 ж. «екінші ақтабан шұбырынды» кезінде Абылай ханмен бірге жоңғар қонтайшысы Қалдан Серенде тұтқында болған. Абылай хан босатылғанда Ж. баласы Сарықазақ аманатқа берілген. Ж. б. Абылай ханның Түркістанды азат ету жорығына (1745) қатынасқан және Абылайдың жоңғарлармен жүргізген Шаған соғысында жоңғар ноянының бірін жекпе-жекте өлтірген. Ерлігіне риза болған Абылай жоңғар ноянының қызы Шағанды әйелдікке берген. Шежіре дерегі бойынша Ж.б. қыс мезгілінде Ертіс бойындағы басентиндерге қайыншылап барған кезінде қайтыс болған. Сүйегі сол кездегі атақтьы адамдарға қатысты дәстүрге байланысты Қожа Ахмет кесенесі түбіне жерлеген.
77. Кесенеде жерленген Шекті Тілеу батыр Айтұлы туралы айтыңыз XVII ғасырда өмір сүрген, 1681-1684 жылдары астанамыз Түркістандығана емес, күллі қазақ Ордасын қорғаған Сайрам соғысының қаһарманы. Тілеудің арғы атасы – Едіге. Едіге тарихи деректерде «Дешті Қыпшақәміршісі, Татараия императоры, Алтын Орда билеушісі» ал, халық санасында «Ел қамын жеген Ер Едіге» атанған ұлы бабаның ұрпағы. Тілеу Айтұлы ел билеген атақты би, ойшыл дана, өз заманының озық саясаткері болған. 1684 жылы Сайрам соғысында ұлтының болашағы жолында шәйіт болған. Тілеу атамызды Тәуекел баһадүр хан, Салқам Жәңгір жатқан қасиетті Қожа Ахмет Яссауи дүрбесіне жерлеген.
Ноғай ұлысының билеушісі Мұсаның ұрпағы, Мөңке бидің әкесі. Күлтөбеде Тәукені хан сайлауға, Сопы Әзизді(шын аты-жөні Әжіқожа Жәдікұлы Мүсірәлі, сопы, діндар, Керейт руынан) пір сайлауға қатысқан (сөйлеп, ұсыныс жасаған). Тілеудің Есіркеміс, Алдаберді, Жолдыаяқ, Жақсымбет, Мөңке есімді балалары болған. 1681-84 жж. жоңғарлармен болған Сайрам соғысына 17 мың қол жинап, қасына баласы Жолдыаяқ, інісі Қалдыбай батырларды ертіп барып, соғысқан. 1684 ж. Сайрам қаласын қорғаудағы шешуші ұрыста өзі де, баласы Жолдыаяқ та опат болды. Екеуінің сүйегі Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне жерленген. Есімдері кесенедегі ескерткіш тақтада жазулы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет