Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлттық салт-дәстүрлер жайлы не айтылған?



бет45/50
Дата02.10.2023
өлшемі109.14 Kb.
#479578
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
яссауи окулары сурак жауап 2

95. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлттық салт-дәстүрлер жайлы не айтылған? Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қазіргі кезеңдегі әлемдік жаһандану жағдайында заман ағымына икемделуді, жаңа дәуірдің озық үлгілерін бойымызға сіңіруді, ұлттық кодымызды сақтауды міндеттеді. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев: «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. …Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдыретімен маңызды. …Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын», – деп жазды.
96. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы туған жер туралы баяндаңыз «Туған жер» бағдарламасының басты мақсаты – қазақстандықтардың бойында Отан алдындағы перзенттік парызын түсінетін, өзінің өскен өлкесіне, ауылына, қаласына, оның тарихы мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарауға үндейтін шынайы патриотизмді қалыптастыру.
«Туған жер» бағдарламасы айқындалған мақсатты жүзеге асыруға бағытталған 4 кіші бағдарламадан тұрады.

  1. «Тәрбие және білім», бұл – қазақстандық патриотизм үлгісінде жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу;

  2. «Атамекен», бұл – қазақстандықтардың кіші Отаны алдындағы жауапкершілігін күшейте отырып, олардың азаматтық белсенділігін арттыру;

  3. «Рухани Қазына», бұл – туған аймақтың тарихы мен мәдениетіне, салт-дәстүріне қызығушылықты ояту, құрметтеуге баулу;

  4. «Ақпарат толқыны», бұл – Бағдарлама туралы халықты ақпараттандыру, азаматтардың жүзеге асырылып жатқан жобаларды қоғамдық бақылау жасауы үшін ақпараттық инфрақұрылым жасақтау;

«Туған жер» деген кезде әрбір азаматтың, әрбір адамның жүрегінде тулаған шабыт пен сезім ұялайтыны анық. Себебі адам өзінің туған жерінің төлі. Сол даланың, сол жердің сол мекеннің меншігі. Туған жерге деген сезім мен махаббаттың өлшеміне шектеу болмайды. Ол шексіз, осы бір ерекше шексіз патриоттық сезімді әрбір азамат пен жастардың бойына етене сіңіп, қандарына дарыту үшін, сөздің ұғымын кең мағынасында түсіну үшін, Тұңғыш президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында орындалу керек міндеттердің ішіне «Туған жер» бағдарламасын ұсынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет