Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


Иқан қаласы туралы әңгімелеңіз



бет16/50
Дата02.10.2023
өлшемі109.14 Kb.
#479578
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50
яссауи окулары сурак жауап 2

40. Иқан қаласы туралы әңгімелеңіз: Иқан – орта ғасырлардан сақталған екі ескерткіш орнының ортақ атауы.Бірінші Иқан Түркістан облысы, Түркістан қаласының Иқан ауылының ортасында орналасқан.[1] 10 – 15 ғасырларды қамтиды. Төбеге айналып кеткен Иқанның негізі қашан қаланғаны жөнінде нақты дерек жоқ. Хафиз Тыныш өзінің “Абдулланама” атты еңбегінде Бұхар ханы Абдулла 1582 ж. Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы жорық жасаған кезде Иқанға тоқтап өткенін жазады. 18 ғасырда өмір сүрген белгілі тарихшы П.И. Рычков “Орынбор губерниясының топографиясы” деген еңбегінде Иқанда 300-ге жуық үй болғанын және оның тұрғындары егін шаруашылығымен айналысқанын келтірген. Орта ғасырларда Иқан Түркістан өлкесінің қалалары қатарында едәуір рөл атқарған. Қазіргі сақталған төбе орны трапециялы болып келген, биіктігі 6 – 7 м. Көлемі 300х225 м. Оңтүстік-шығыс бөлігінде цитадель қалдығы (50х50), сондай-ақ, құрылымы бойынша әр түрлі ғимараттардың да сұлбасы көрінеді. Қаланың жоспарына қарағанда қақпасы солтүстік-батысына орналасқан бірнеше мұнаралы болған. Сол арқылы қаланы бақылап, қорғап отырған. Қаланың көп жері жаңа құрылыстар салғанда жойылып кеткен.Екінші Иқан Иқан ауылының шетіне орналасқан. 4 – 5 ғасырларды қамтиды. Жергілікті халық “Шана асар” деп те атап кеткен. Төбеге айналған қала орнының жоспары үшбұрыш түрінде 180х110 м аумақты алып жатыр. Ал қазіргі сақталуы бойынша биіктігі 1 – 1,5 м қамалмен қоршалған. Қаланың ортасында аумағы 40х40 м болып келген цитадель орны бар. Ол да мұнаралы қабырғамен қоршалған. Қаланың орнында басқа да ғимараттардың болғандығы байқалады


41. Сури қаласы туралы не білесіз? Түркістан ежелгі атауы???
42. Укаша ата туралы қандай аңыз-әфсана білесіз? Үкаша ата Пайғамбарымыздың с.ғ.с. сахабаларының бірі болған. Яғни, Пайғамбарымыздың замандасы болып, оның көзі тірі кезінде бірге ислам дінін қабылдаған жандардың бірі. Пайғамбарымызбен бір жорықтан келе жатып, Үкаша ата мүбәрак қолын сүймек болып Пайғамбардың түйесіне жақындай түскенде оның қамшысы Үкаша атаның иығына тиеді, осы жерде неге бұлай болғанын ешқайсысы түсінбейді, сұрамайды да, сонымен қалады. Уақыт өте келе, хәл үстінде жатырған Мұхаммед Пайғамбар бүкіл сахабаларын жинап, "менің кімде өтелмей қалған ақысы бар, кімге берешекпін, айтыңыздар" дейді. Содан сахабалардың бірі "Сіз менен бір дирхем алғансыз, соны қайтарсаңыз" дейді, қарыз қайтарылады. Сәлден соң Үкаша ата орнынан тұрып: "Уа, қасиетті Пайғамбар, есіңізде болса бірге жорықтан келе жатып, сіздің қамшыңыз менің иығыма тиген еді, соның ақысын алсам" деймін деп үн қатады. Қалған сахабалар Үкаша атаның жағасынан алып: "Пайғамбарымызға осындай сөз айтып, кек алатын сен кімсің, Пайғамбарға қарсы келетіндей қандай дәрежеге жеттің?" деп ортаға салады. Дау ушықпау үшін сахабалардың бірі "Пайғамбар ақысын мен қайтарамын, қанша керек, менде байлықта, дүниеде бар" дейді. Үкаша ата "маған байлық та, дүние де керек емес" дегенде, екінші сахаба тұрып: "Пайғамбарды бір дүре ұрғанша мені жүз дүре ұр, мен өтеймін орнына" дейді, Үкаша ата оған да келіспейді. Болмаған соң Пайғамбар: "Сіздер түсінбедіңіздер, ол менімен достасқысы келеді, кел қасыма" деп жанына шақырады. Үкаша ата сол иығыма тиген қамшыны маған берсеңіз деп өтініш білдіреді, Пайғамбар қамшының алдыртады. Мен иығыма қамшы тигенде менің иығым ашық болған дейді, Пайғамбар иіліп, иығын ашқанда онда мөр болады, мөрде Алладан хақ ешкім жоқ, Пайғамбар оның елшісі деген арабша жазу тұрады. Үкаша ата мөрді сүйіп, "мені кешіріңіз, мен осыны көру үшін сізді мәжбүрлегенмін" дейді. Сол жерде екеуі де бір-бірін кешіріп, достасады. Сахабалардың басын қосқан осы жиында Пайғамбарымыз қалған сахабаларына былай айтады: "Егер кімде кім о дүниеде менің жанымда болып, көріскісі келсе, осы өмірде Үкаша сахабаның ризашылығын алсын" деп түйіндейді, сол сәттен бастап барлық сахабалар Үкаша атаны пір тұтып, дәріптейді.Кейін Пайғамбар қайтыс болған соң сахабалар жан-жаққа тарай бастайды, Үкаша ата Орталық Азия, яғни Қазақстанды бетке алып, Қаратаудың етегіне бұлақтың маңына отбасымен жайғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет