Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


Сауран кәріздері туралы айтыңыз



бет42/50
Дата02.10.2023
өлшемі109.14 Kb.
#479578
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50
яссауи окулары сурак жауап 2

88. Сауран кәріздері туралы айтыңызСауран шаһардың маңынан табылған әлемде сирек кездесетін суландыру жүйесі, яғни кәріздер тарихта ерекше орын алады. Ежелгі қала маңайында 300-ден аса көне кәріз құрылыстары болған. Сауран шаһардың маңынан табылған әлемде сирек кездесетін суландыру жүйесі, яғни кәріздер тарихта ерекше орын алады. Ежелгі қала маңайында 300-ден аса көне кәріз құрылыстары болған. Солардың ішіндегі ең кіші дегеннің өзі 500-700 метрге болса, үлкендері 8-10 шақырымға жеткен. Кәріздер дегеніміз – құдықтар арқылы бір-бірімен жер асты жалғасатын су немесе су құбырлары.
89. Шауғар-Шойтөбе қаласы туралы баяндаңыз: Түркістан қаласының оңтүстігінде 7 шақырым жерде орналасқан. Координаттары: 43˚14.451΄, 068˚17.622΄. Теңіз деңгейінен биіктігі 220м. Шойтөбе қазіргі ғалымдардың зерттеуінде Шауғар-Шавгар-Шафигар есімді ерте ортағасырлық Шауғар өлкесінің астанасы болған қала орны. Төбе 400х275м көлемінде батыстан шығысқа қарай созылып жатыр. Ең биік жері шығыс жағы, биіктігі 5м. Цитаделі шахарістанның шығыс бөлігінде орналасқан көлемі 170х150м. Шахарістанның солтүстік және солтүстік-шығыс жақтарында құрылыс алаңдары жанасып жатыр. Бұл қаланың рабады. Қалашықтың рабадымен қосқандағы жалпы ауданы 8,1га, цитаделі – 2,7га. 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (К.А.Ақышев), 1986ж Қазақ ССР Ғылым академиясының ескерткіштер шежіресінің эскпедициясы (К.М.Байпақов) зерттеулер жүргізген. 1990 жылы цитаделінде (Ерзакович Л.Б.) жетекшілігімен жүргізілген зерттеулер барысында 700м2 археологиялық қазба орны ашылды. 1996 жылы ТАЭ (Е.А.Смағұлов, М.Қ.Тұяқбаев) ескерткішті зерттеуді бастады. 1996-1997жж. цитаделі мен шахарістанына стратиграфиялық шурфтар түсірілді. 1994 жылғы «Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштер шежіресінің» Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жинағына № 604 санды нөмірімен енгізіліп мемлекет қарауына алынған. Жалпы жер көлемі 15,2 га.
90. Түркістан қаласының төрт қақпасын атаңызТарихта киелі Түркістан қаласының 4 қақпасы жайлы айтылады. Сол 4 қақпаның бірі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен 620 метр қашықтықта орналасқан «Жеті ата» қақпасы. Әзірет Сұлтан тарихи-мәдени қорық-музейінің экскурсоводы Қарлығаш Нұрахметова «Жеті ата» қақпасына жасаған видеоэкскурсиясына біз де қатысып, қызық деректер білдік.
Қарлығаш Нұрахметова Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің артқы бөлігінде орналасқан «Жеті ата» қапасына кіре берістегі Баб араб көпірінен бастап таныстырып, бұл қақпаның атауының себебін де түсіндірді.
– Ортағасырлық қалалардың көбіне екі қорғаны болатын болған. Атап айтсақ, Цитадель қорғаны және Шахирстан қорғаны. Цитадель қорғаны қаланың орталығын қоршайтын ішкі қабырғаларынан тұрса, Шахирстан қорғаны қаланың сыртқы бөлігін қоршайтын негізгі қорған. Шахирстан қорғанының аумағы – 88 гектар. Және ішкі цитадель қорғанының аумағы 30 гектардан асады. Біз айтып отырған Шахирстан қорғанының қақпаларының бірі – «Жеті ата» қақпасы. Жалпы Шахирстан қорғаны бойында 4 қақпа болған. Сол себепті де тарихи деректерде «Түркістанды 4 қақпалы Түркістан» деп те атаған. «Жеті ата» қақпасының қазіргі көрінісінен бұрын қазба жұмыстары негізінде археологтар 15-ғасырға тиеслі кіші бөлігін тапқан. Ертеректе осы қақпа арқылы Хорезм, Бұхара, Самарханд керуендері қалаға кірген екен. «Жеті ата» қақпасы 1928-32 жылдарға дейін сақталып келген. 2009 жылы қайта қалпына келтірілген. Қазіргі бейнесі сол қайта қалпына келтірілген түрі. Қақпа атауын естігендердің барлығын «Жеті ата» атауы қызықтырары сөзсіз. Оның себебін тарихшылар осы жерге Қожа Ахмет Ясауидің бір мазарға жерленген жеті шәкіртінің бейітінің орналасуымен байланыстырады. Қақпадан кірген кезде оң жағында Баб Араб мешіті орналасқан. Сонымен қатар екі күмбезден тұратын екі мазар басы бар. Ол екі мазардың бірі Баб Арабқа арналса екіншісі Үндемес әулиеге арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет