«Єкімшілік ќ±ќыќ» пєні дєрісіне арналѓан



бет28/73
Дата03.01.2022
өлшемі0.59 Mb.
#451983
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   73
П н Мемлекет ж не ы теориясыны негіздері п нінен 1 та ырып

Қосымша əдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ə. Қазақстанның болашағы оның идеялық бірлігінде. Алматы. 1993.

2. Нурпеисов Е.К. Психология правомерного поведения. Алма-Ата. Наука (КазССР). 1984

3. Сартаев С.С. Дар мен ар алдындағы сөз. Алматы. 2001.

4. Сартаев С.С. Некоторые вопросы истории и теории правового государства // Известия Академии наук Казахской ССР. Серия общественных наук. 1989. № 5

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің оқу-әдістемелік кешені

Мамандығ0201000

Пән: Мемлекет және құқық теориясының негіздері

пәнінен

7ТАҚЫРЫП Саяси жүйе және мемлекет

Түйінді сөздер: мемлекет,құқық, заң.

Негізгі сұрақтар: Қоғамның саяси жүйесі түсінігі, ұғымы. Саяси жүйенің субъектілері.

Саяси жүйе жəне мемлекет. Қоғамның саяси жүйесі – саяси, əлеуметтік, заңға тəн идеологиялық, рухани нормалардың, тарихи дəстүрлерге, нақтылы қоғамнын саяси режимінің бағдарламаларына тəуелді саяси институттардың, қозғалыстарды тəртіптелген тұтас жиынтығы. Нақтылы қоғамның саяси жүйесі онын ұлттық, таптық жаратылысымен, əлеуметтік құрылысымен, басқару тұрпатымен (республика, монархия), мемлекеттік құрылымымен (федерация, біртұтас), саяси режимінің сипатымен (демократиялық, демократияға қарсы, тоталитарлық), саяси өмірдің ұлттық дəстүрлерімен т.с.с. жағдайлармен анықталады Саяси жүйеге жатқызылатын қоғамдық құбылыстардың ерекше белгілері болады. Оңдай белгілерге мыналар жатады: 1) саяси жүйе бөлігінің ұйымдық сипаты болуы кажет; 2) кез келген қоғамдык бірлестік, ұйым саяси жүйенің болмысы бола алмайды. Саяси жүйеге жату үшін оның алдына қойған мақсатының саяси мазмұны болуы шарт; 3) Саяси ұйымның саяси сипаты оның бағдарламасында анықталады. Саяси жүйені зерттеу, тану үшін ерекше тəсілдер қолданылады. Конституциялық тəсілді қолдану арқылы саяси жүйе бөліктерінің ұйымдық ерекшеліктері айқындалады. Мысалы, мемлекеттің механизмінің болуы оның басқа саяси жүйе бөліктерінен ерекше екенін байқатады. Функционалдық (қызмет бағытына байланысты) тəсілді қолдану арқылы саяси ұйымның табиғи сипаты анықталады. Реттеу рөлін зерттеу арқылы саяси ұйымның қоғамдық қатынастарды қалыптастырып, дамытудағы кызметі көрсетіледі. Идеологиялық тəсілді қолдана отырып саяси ұйымның нақтылы қандай таптар, əлеуметтік топтар, ұлттар үшін қызмет атқаратынын анықтауға болады. Коммуникативтік тəсілді қолдану аркылы саяси ұйымның саяси жүйеге жататын басқа үйымдармен қарым-қатынасының дəрежесін, деңгейін, көлемін, мазмұнын түсінуге болады. Саяси жүйе дегеніміз саяси билікті жəне азамат пен мемлекеттің өзара байланысын ұйымдастырушы, сонымен бірге өздері өзара əрекеттесуде болатын нормалар мен идеялардың осыларға негізделген саяси институттардың, мекемелер мен əрекеттердің жиынтығы. Осы аталып отырған көп қалыпты қүрылымның негізгі тағайыны адамдардың саясаттағы əрекеттерінің бірлігін, тұтастығын қамтамасыз ету болып табылады. Əдебиеттерде саяси жүйе төрт тараптың диалектикалық ынтымағы (бірлігі) деп атап көрсетіледі: 1.Институционалдық (мемлекет, саяси партиялар, əлеуметтік- экономикалық жəне басқалай да үйымдар) Осылардың бəрі жиынтық түрінде коғамның саяси үйымын құрайды.

2. Реттеуші (күқық, саяси нормалар мен дəстүрлер, имандылық нормаларының кейбіреулері жəне т.б.).

3. Қызметтік (функционалдык) саяси режимнің негізін құрайтын саяси іс-əрекет əдістері.

4. Идеологиялық (ең алдымен осы қоғамда ұстемдік кұрған саяси сана). Осындай тəсілді негізге ала отырып саяси жүйе құрамының негізгі кұрамдас бөліктерін ажыратып көрсеткенде саяси жəне құқықтық нормаларды, саяси құрылымды, саяси іс-əрекетті, саяси сананы жөне саяси мəдениетті атауға болады.

1. Саяси жəне құқықтық нормалар - бұларға мінез-кұлықтың калыптасып болған немесе анықталып белгіленген, саяси катынастарды реттеудің тəсілдері, бар жəне əрекет үстіндегі конституциялар, кодекстер, заңдар, партиялардың жарғылары мен бағдарламалары, саяси үрдістер мен рəсімдер жатады.

2. Саяси құрылым - бұларға саяси жəне мемлекеттік ұйымдар, институттар, мекемелер мен олардың араларындағы қатынастар жатады.

3. Саяси іс-əрекет - бұған адамдардың қоғамдағы саяси биліктің қызмет етуін қамтамасыз етуге, өзгертіп кайта құруға жəне қоғамдағы саяси билікті жүзеге асыру жүйесін корғауға бағытталған əртүрлі əрекеттері жатады.

4. Саяси сана мен саяси мəдениет - мұндағы ескерілетіні саяси билік механизмінің іс-əрекетін көрсететің руханият көріністерінің көп түрлілігі жəне олардың саяси қатынастар аясында адамдардың жүріс-тұрысын бағыттап отыратындығы түсініледі.

Саяси мəдениет - саяси билік мүшелері қабылдаған жəне өздерінің іс- əрекеттері мен қатынастарында пайдаланатын саяси идеялардан, рəміздерден, нанымдардан тұратын құндылықтар жүйесі. Қоғамның саяси жүйесі - белгілі саяси қызметтерді атқарып, оларды жүзеге асыратын мемлекеттік жəне мемлекеттік емес институттар жүйесі. Мемлекет, партиялар, кəсіподақтар жəне қоғамдық болмыста іс түйіні билікті күшпен тартып алулармен, одан ажырап қалмау жəне пайдалану əрекеттерімен байланысты ұйымдар мен қозғалыстар жоғарыда аталған институттарға жатады. Саяси жүйе ішкі-сыртқы саясатты жүргізуді камтамасыз етеді, əлеуметтік топтарды калыптастырады, олардың мүдделерін білдіреді жəне оларды қорғайды. Саяси жүйенің сипаты əлеуметтік ортамен тығыз байланыста болады, өйткені өзі содан туындап, соған қызмет етеді. Қоғамның саяси жүйесінің негізгі субъектілері ретінде мемлекет, партиялар жəне қоғамдық қозғалыстар ең алдыңғы қатарға шығады. Мемлекет - саяси жүйеде бастауыш рөл атқарады, өйткені, онын өзіне ғана тəн ерекше белгілері болады: біріншіден - қоғамды интеграциялауға (біріктіруге) қабілетінің болуы, бұл қабілет коғамда болатын əлеуметтік өзгешеліктерге, мүдделер тартысы дегенге қарамастан өз ықпалымен əсер етеді; екіншіден - мемлекет - билік органы. Ол белсенді түрде коғамдық қатынастарды ұйымдастыру ережелерін, белгіленген нормаларды сақтағаны (бұзғаны) немесе бұзғаны үшін санкцияларды, көтермелеу мен жаза қолдануларды жүзеге асырады; үшіншіден - қоғамда онын құқық шығармашылық кызметі болады; төртіншіден - мемлекеттік биліктің көпшілікке тəндігі, жалпылық істерді басқарудың кəсібилендірілуі, мемлекеттік органдарға, олардын қызметкерлеріне өкілеттіктерді ерікті немесе еріксіз беру, басқа адамдарға сол өкілеттіктерді басқаруға беру; бесіншіден - саяси кеңістік шегінің ерекшелігі (өзгешелігі) мен оның айқындығы.

Мемлекеттің географиялық шегі болады; оның билігі жүретін аумағы, езінің азаматтарын мемлекет мүшелерін қамтитын -заңдық ықпалы болады. Осы зандық ықпал бойынша мемлекет алдында əлгі мүшелерінің заң бекіткен міндеттері, құқыктары болады, олар алым салықтар төлейді жəне тағы сондайлар. Басқаша айтқанда, мемлекеттің зандық ықпалы бойынша оның органдарының бар болуы мен əрекет етуіне материалдық мүмкіндіктер тудырылады, камтамасыз етіледі. Саяси жүйеде мемлекеттің алатын орны ерекше. Мемлекет барша елдің ресми өкілі болып саналады, себебі ол қоғамды қандай да болсын ерекше бөліктерге бөлмей қоғамның, халыктың мүддесін қанағаттандыру үшін қызмет атқарады. Мемлекеттің тарихи даму барысында қалыптасқан, тек оның өзіне ғана тəн құрылымы бар. Мемлекет өз қызметін атқару үшін ерекше ұйымдардан тұрады: ол мемлекет органдары. Саяси жүйенің басқа бөліктерінің мұндай құрылымы болмайды. Мұны - мемлекеттің механизмі дейді. Осы механизм арқылы мемлекет өзінің сан алуан, түрлі бағыттағы қызметін атқарады. Мемлекет тек қоғамның ішінде ғана емес, басқа мемлекеттермен қарым-қатынас, алыс-берістер жасауға байланысты да қызмет атқарады. Тек мемлекетке ғана азаматтық деген құбылыс тəн, сондықтан азаматтық -мемлекет пен адамдардың арасындағы тұрақты саяси-құқықтық байланыс болып саналады. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекет органдары ғана қабылдай алады, олар қоғамдық қатынастарды ресми түрде реттейтіндіктен, барлық қоғам мүшелерінің іс-əрекетін, мінез- құлқын жолға салған құрал болып саналады. Мемлекет саяси жүйенің негізгі құрамды бөлігі болғандықтан саяси жүйенің құрамына өзінің ерекше əсерін тигізеді. Мемлекеттің əлеуметтік- саяси табиғатына, ондағы орнатылған саяси режимге байланысты қоғамның саяси жүйесінің құрылымдық ерекшеліктері болады. Егер мемлекетте фашистік, тоталитарлық саяси режим орын алса, ондай қоғамның саяси жүйесінін өрісі де тар болады. Ондай мемлекеттерде саяси партиялардың, қозғалыстардың қалыптасып, қызмет істеуіне шек қойылады немесе мүлдем тыйым салынады. Саяси жүйенің негізгі субъектісі болып табылатындар саяси партиялар да жатады. Саяси болмыстын кез келген түрдегі өзгешеліктерінде партияларды қажетті компонент (бөлік) ететіні саяси партиялардың қоғамдағы тағайыны болып табылады. Бұл тағайындарға кіретіндер:

- бүкіл əлеуметтік тұтастықтың ортақ мүддесі денгейіндегі əртүрлі əлеуметтік топтар мен бірліктердің мүдделерін білдіретін өкілдер қызметін

жүзеге асыруы жатады;

- саяси қатынастар аясына жататын əлеуметтік топтарды интеграциялау (біріктіру) ісін белсенді жүргізуде жатады;

- партия ішіндегі қарама-қайшылыктарды жою да кіреді.

Партиялардың өздерінің бағдарламалары, мақсаттар жүйесі болады, оларды белсенді түрде насихаттайды, қорғайды; азды-көпті тарамдалған ұйымдық құрылымы болады, өздерінің мүшелеріне белгілі міндеттер жүктейді жəне де олардың жүріс-тұрыстарының нормаларын қалыптастырады. Сондықтан да олар қоғамның саяси өмір болмысының ұтымды болуына, ұйымшылдық деңгейінің жоғарылауына қуатты қозғаушы күш ретінде қызмет етеді.

Партиялар өз сипаттары бойынша:

- таптық болуы мүмкін, яғни əлеуметтік топтардык мүдделерін білдіретін, мұндай əлеуметтік топтар өндірістік қатынастар құрылымында алатын орнына қарай шаруалар, жұмысшылар, кəсіпкерлер болып айырмалануы мүмкін;

- ұлттық, діни болулары мүмкін, олар қайсыбір этникалық топтың немесе конфессияның айрықша мүдделерін білдіріп, олардын мемлекетте басымдылыққа ие болуын өздеріне мақсат ретінде қоятын болуы да мүмкін (мысалы, Исламнын өрлеу партиясы, орыс халқының Одағы жəне т.с.с);

- өз алдына белгілі проблемаларды шешу мəселесін қойған партиялар да болуы мүмкін. Мұндай партиялар ең өзекті маңызды, жедел түрде шешімі табылуға тиісті əлеуметтік мəселелерді қозғап, өздерінің бағдарламалары мен іс-əрекеттерін соларды шешуге бағыттайды (бұларға экономикалық партия бейбітшілік немесе қарусыздандыру партиясы, жер реформасын жүргізу партиясы жəне т.с.с);

- мемлекеттік-патриоттық партия, мұндай партия халыктың əлеуметтік топтары мен топтамалары өкілдерін мемлекеттің тұтастығын, ондағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге жұмылдыратын істерге бағыттайды;

- аты елге танымал, яғни əйгілі есімді саясаткер айналасына топталып қалыптасқан жəне оны қолдаушы топ ретінде əрекет ететін партия; Қозғалыстар – мұндай "ұйымды" əдетте қатар түрде орталықтандырылған ұйым деуге болмайды, сондай-ақ мұнда жазылып белгіленген мүшелікте жок, бағдарлама мен доктринаны мақсат пен саяси мақсаттар жүйесі алмастырған болып келеді. Қозғалыстың мақсатын қолдайтын кез келген адам оның қаты-сушысы бола алады. Əркімнің өзінің қозғалысқа қатысуы немесе оның іс- қимылдарына қолдау көрсету нысандарын тандаудың түрлері көп. Осы заманғы жағдайда саяси белсенділіктің дамуы партияларға қарағанда адамдар қозғалыстарды жоғары бағалайтыны байқалады, олай болатыны партияларда (іріктеу) таңдап алу жүйесі, міндеттемелер мен тəртіп мəселелері жолға қойылған болып келеді. Көптеген саяси проблемалар қозғалыстар белсенділігінің есебінен шешіліп жататынын қарап айтқан жөн (мысалы, экологиялық проблемалар, бейбітшілік үшін күрес, қоғамды демократияландыру үшін күрестерді ұйымдастыру). Қазақстан Республикасында “Невада – Семей”, “Арал теңізді сақтаймыз”,деген қозғалыстар орын алуда.Олардың ролі өте маңызды, себебі осы ұйымдар келесі мəселелер шешу үшін қалыптасқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет