«Єкімшілік ќ±ќыќ» пєні дєрісіне арналѓан


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің оқу-әдістемелік кешені



бет31/73
Дата03.01.2022
өлшемі0.59 Mb.
#451983
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   73
П н Мемлекет ж не ы теориясыны негіздері п нінен 1 та ырып

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің оқу-әдістемелік кешені

Мамандығ0201000

Пән: Мемлекет және құқық теориясының негіздері

пәнінен

8ТАҚЫРЫП Құқық теориясы. Құқықтың түсінігі, мәні және функциясы. Әлеуметтік нормалар жүйесі және құқық.
Түйінді сөздер: мемлекет,құқық, заң.

Негізгі сұрақтар: Құқықтың анықтамасы, оның белгілері. Құқықты түсіну жолдары. Құқықтың мəні. Құқықтың қызметтері. Құқықтың принциптері (қағидаттары). Құқықтың əлеуметтік нормалар жүйесіндегі орны.

Құқықтың анықтамасы, оның белгілері "Құқық" терминінің көптеген мəні бар, ол заң ғылымында, күнделікт өмірде жəне қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, əрбір адамның құқықтың мəні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз. Заң ғылымында "құкық" термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, "құқық"- ресми турде танылған жеке жəне заңды тулғалардың заңға сүйене отырып, əрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кəсіпкерлікпен шұғылдану құкығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда "құқық" түсінігі субъективтік (тұлғалық) мағынада колданылады. Субъективтік (тұлғалық) құқық-тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері. Мұндай мүмкіндіктер құқықтық қатынастарға қатысатын тұлғалардың мінез-құлқының шегін анықтайды. Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Демек, құқықтық қатынасқа қатысушыларда құқықпен қатар құқықтық міндеттер де туындайды. Басқаша айтқанда, тұлғаларда құқықпен бірге құқыктық міндет те болады. Мысалы, əр азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол құқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу орнының ішкі тəртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті. Заңды тұлға кəсіпкерлікпен шұғылданып, заңдық негізде мүлікке ие болуға хақылы. Ол мүлікті өз игілігі үшін пайдаланады. Сонымен қатар, өз мүлкін пайдаланғанда қоғамнын, басқа адамдардың мүдделеріне зиян келтірмеуі керек. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: "Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс" (6-бап). Айтылғаннан шығатын қорытынды: құқықсыз міндет болмайды, міндетсіз құқық болмайды. Бұл жағдай əлеуметтік əділеттікті баянды етеді. Субъективтік (тұлғалык) құқықтық міндет - құқықтық мүмкіндік берілген құқық тұлғасының занды мүддесін (талабын) орындату үшін басқа құқық тұлғасына жүктелген міндет. Бұл міндет құқықтық қатынастарға қатысу нəтижесінде жүзеге асырылып, мемлекеттің мəжбүрлеуі арқылы (міндетті орындамаған жағдайда) қамтамасыз етіледі. Екіншіден, "құқық" дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы құқық жеке нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады. Мысалы, Қазақстанның құқығы туралы Конституция былай дейді: "Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сəйкес зандардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердін, Республиканың халықаралық шарттык жəне өзге де міндеттемелерінін, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің жəне Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады" (4-бап). Үшіншіден, "құқық" термині оку пəнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық пəндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық кұқық, əкімшілік құқық, еңбек кұқығы, отбасы құқығы, азаматтык құқық, қылмыстық құқық, қаржылық құқық, т.б. Құқық саласы - өзара туыстас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мысалы, азаматтық құқық - мүліктік жəне мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқыктық нормалардың жиынтығы. Қылмыстық құқық – қылмыс жасауға, жазалауға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Тертіншіден, "құқық" термині тұлғалық құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған байланысты "құқық жүйесі" деген түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қадзақстанның, құққық жүйесі қалыптасуда. Құқық пəндерін окып, құқықтың мəнін терең түсінген адам оның түрлі жағдайда мағынасы əр түрлі болатынын да анықтай алады. Мұның өзі құқықтың өте күрделі əлеуметтік құбылыс екендігінін белгісі. Құкықтың түрлі түсінігінің болуы - оның əлеуметтік мəнінің де əр түрлі болуының негізі. Егер құқықты тұлғалармен байланыстырса, тұлғалардың мемлекетте, қоғамда құқықтық мəртебесі қандай екенін анықтау, түсіну қажеттігі туады. Азаматтарға сан килы құқықтар мен бостандықтар берілсе, оларды жүзеге асыру мүмкіндігі жасалса, онда қоғамда шынайы теңдік орнатылған болып есептеледі. Ал, объективтік құқық туралы сөз болғанда, мемлекетте қалыптасқан заңдар жүйесі əлеуметтік тұрғыдан сипатталады. Əрине, кұқық туралы зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып, бір текті болады деп айтуға болмайды. Негізінен, құқкықты таптық жəне жалпы əлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ғылымда кен орын алып келді. Маркстік ілім құқықты, оған байланысты құбылыстарды тек таптық тұрғыдан ғана зерттейді. Бұл ілім бойынша құқық - үстем таптың саяси құралы, тек соның жоғын жоқтап, мүддесін қорғайды. Ал өркениеттік тұрғыдағы ілім бойынша құқық қоғамдағы барлық адамдардың еркін білдіріп, олардың мүдделерін корғайтын құрал болып саналады. Қандай ілім болса да құқықтың əлеуметтік мəні бар екенін теріске шығармайды. Бірақ маркстік ілім құққықтың əлеуметтік мəнін өте тар тұрғыдан түсіндіруге тырысады. Əрине, құл иеленушілік дəуірде құқық ашықтан-ашық тек құл иеленушілердің мүдделерін қорғап, құлдарды сөйлейтін мүлікке теңегені белгілі. Бірақ бұл көзқарасты барлық қоғамдарға, түрлі сатыдағы мемлекеттерге телуге болмайды. Құқық тек үстем таптың еркін білдіретін болса, ондай қоғамда үздіксіз тап тартысы орын алып, ақырында ол құлдырап жойылады. Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осыңдай жалпы əлеуметтік тұрғыдан қарау шындыққа сай келеді десек, қателеспейміз. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдарды талдайтын болсақ, олардың қандай да болсын əлеуметтік топтарды кемсітетінін немесе белгілі бір топқа артықшылық жасайтынын таба алмаймыз. Демек, Қазақстан заңдары барлық əлеуметтік топтардың еркін білдіріп, олардың заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған. Кұқықтың жалпы əлеуметтік мəнін мойындай отырып, оған мынадай анықтама беруге болады.

Құқық (объективтік тұрғыдан қарағанда) - адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Енді, құқықтың негізгі белгілерін қарастырайық. Жүйелілігі. Құқық – бірнеше бөліктен тұратын жүйелі құрылыс. Оның бір бөлігі – табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табиғатына байланысты əлеуметтік-құқықтық талаптармен анықталады. Мысалы, адамның өмірі, денсаулығы табиғи құбылыстар. Оларды сақтауға, қорғауға, қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық нормалар табиғи құкыққа жатады. Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: “Əркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ” (15-бап). Құқықтық жүйенін екінші бөлігі – мемлекеттегі қолданылатын барлық заңдардың жиынтығы. Құқықтық жүйенің үшінші бөлігі – субъективтік (түлғалық) құқықтар. Осы айтылған бөліктер бірімен-бірі табиғи түрде байланысты, бірінсіз басқаларын түсінуге, жүзеге асыруға болмайды. Мысалы, тек əр адамның өмір сүруге құқығы бар деп жарияланса, оның жүзеге асырылуы қамтамасыз етілмесе, адамның өз өмірін сақтауға, корғауға мүмкіндігі болмаса, аталған құқық қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Адам өзіне қажетті рухани жəне мүліктік игілікті пайдалану үшін өзі белсенді əрекет жасауы керек. Адамның əлеуметтік- құқықық талаптарының мағынасы – оны мемлекеттің тануы, қорғауы, қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі. Нормативтік сипаты – құкықтың негізгі белгілерінің бірі. Құқық қағидалардан, ережелерден, рəсімдерден тұрады. Қағида – тұлғалардың мінез-құлықтары туралы ереже. Былайша айтқанда, қоғамдык катынасқа қатысушылар өз іс əрекеттерін, мінезін белгілі ережеде көрсетілген қалыпқа (кисынға) бейімдеулері қажет. Сондықтан құқықтың нормалары – тұлғалардың іс-əрекетінің, мінез-құлқының үлгісі. Мысалы, əркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға жəне қай дінге жататынын өзі анықтауға жəне оны көрсету-көрсетпеуге хақылы (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 19-бап). Тұлғалардың мінез-құлқын анықтау арқылы құқық нормалары қоғамдық қатынастарды қажетті арнаға бағыттап, жолға салады, реттейді, жөндейді, ұйымдастырады, тұрақтандырады, бассыздықтан қорғайды. Формалды анықтылық – құқықтың тағы да бір маңызды белгісі. Ол құқықтың мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді. Құкықты, оны құратын заңдарды, басқа да нормативтік актілерді жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет. Мемлекет органдардан тұрады, демек, мемлекет органдары заңдарды жасайды. Заң - ережелер жиынтығы. Олар жай ережелер емес, мемлекет атымен жасалатын болғандықтан ресми сипаты бар ережелер. Əрбір ереже, кағида тұлғалардың мінез-құлқы туралы заң шығарушының ойын анықтап, түсінікті түрде тұжырымдайды. Қағидада артық сөз болмауы керек, оның əрбір сөзінің əлеуметтік мəні болады, себебі ол коғамдық қатынасқа қатысатын тұлғалардың мінез-құлқын анықтау арқылы олардың тағдырына əсер етеді. Құкықтың енді бір белгісі -мемлекеттің күшіне сүйенуі. Егер мемлекет құқық қағидаларының жүзеге асырылуына, дұрыс қолданылуын қамтамасыз етпесе, олар тек қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Мемлекет, оның органдары тұлғалардың құққықтарын жүзеге асыруға жəрдемдеседі, жағдай жасайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституцияс бойынша елімізде азаматтарды тұрғын үймен камтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Занда көрсетілген категориядағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сəйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға беріледі (25-бап). Егер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кол сұғылса, мемлекет оларды қорғайды. Заңды бұзғандар құқықтық жауапқа тартылады, мүмкіндігінше бұзылған құқық орнына келтіріледі. Құқықтың тағы бір белгісі – адамдардың еркін білдіруі. Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік биліктін бірден-бір бастауы – халық деп жазылған. Халық билікті тікелей республикалық референдум жəне еркін сайлау арқьшы жүзеге асырады, сондай-ак өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді (3-бап). Сонымен, халык зандарды өзі тікелей қабылдай алады. Мұңдай жағдайда заң тікелей халыктың еркін паш етеді. Оған мысал, 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан халқы Конституцияны референдум арқылы кабылдады. Конституция 77- құқықтың өзегі, ұйтқысы. Олай болса, Қазақстанда қалыптасып келе жатқан құқық бүкіл көп ұлтты халықтың еркін білдіреді, ойын жүзеге асырады десек, ешбір асыра сілтеу болмаиды. Халыктың ойын, еркін мемлекет органдары да тиісті нормативті актілер қабылдау арқылы жүзеге асырады. Халық Президентті сайлайды. Халық атынан əрекет жасап, Президент өз өкілеттігінің шеңберінде нормативті актілер - заң күші бар жарлықтар, жай нормативті жарлықтар, қаулылар қабылдайды. Президенттің нормативті актілері Қазақстан құқығын қалыптастыратын бастау болып есептеледі. Құқықты құратын нормалар тек бір адамның немесе əлеуметтік топтың еркін білдіріп, мүддесін ғана қорғамайды. Ол – халық үшін қызмет істейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет