«Єкімшілік ќ±ќыќ» пєні дєрісіне арналѓан


Нормативтік актілердің күші



бет42/73
Дата03.01.2022
өлшемі0.59 Mb.
#451983
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   73
П н Мемлекет ж не ы теориясыны негіздері п нінен 1 та ырып

Нормативтік актілердің күші.

Нормативтік актілер əрекет етудің уақыттық, кеңістіктік жəне субъектілік шектеріне ие:

1. Нормативтік актілердің уақыттағы күші олардың күшіне енген сəтінен бастап қүшін жоғалтқан сəтіне дейін таралады. Актілер не оларды қабылдаған сəттен бастап, не нормативтік актінің өзінде немесе оның күшіне енуі туралы арнайы актіде көрсетілген уақыттан бастап, немесе оларды жариялаған сəттен бастап белгілі бір мерзім өткеннен кейін күшіне енеді. Актілер оларды қабылдауда көрсетілген əрекет ету уақыты өткеннен

кейін,не олардың орнына жаңа акт қабылданған жағдайда, не нақты бір органның осы актінің күшін жою туралы тікелей нұсқауы негізінде өз күштерін жояды.

Нормативтік актілердің уақыттағы күшіне байланысты жалпы ережелердің ішінде екі ерекше ереже бар:

а) заңның кері күші–жаңадан қабылданған нормативтік актінің өз күшін бұл акт заңды күшіне енгенге дейінгі қатынастарға таратуы. Жалпы ереже бойынша, заңның кері күші болмайды, алайда, заңның кері күшті иеленуі екі жағдайда мүмкін: егер заңның өзінде бұл аталып өтсе немесе заң жауапкершілікті жеңілдетсе немесе жойса;

ə)жаңа заңдағы арнайы көрсету бойынша өз күшін жойған заңның жекелеген мəселелерге қатысты күшін сақтап қалуы.

2. Нормативтік актілердің кеңістіктегі күші олар таралатын аумақпен анықталады. Мемлекеттің аумағы ретінде мемлекеттік шекаралар ішіндегі оның құрғақ жəне су кеңістігі, олардың үстіндегі ауа кеңістігі, жер қойнаулары, сонымен қатар, шетелдердегі елшілік өкілдіктердің аумақтары, ашық теңіздегі əскери жəне сауда кемелері, мемлекеттің аумағынан тыс жерлерде ұшып жүрген ұшақтар танылады. Бұл мəселені қарастыру кезінде мынаны ескерген жөн: заңның белгілі бір кеңістікке немесе тұлғаларға таралмау тəртібі эксаумақтық деп аталады.

3. Заңның тұлғалар шеңбері бойынша күші нормативтік талаптардың белгілі бір актінің əрекет ету аумағындағы барлық тұлғаларға таралуын білдіреді. Алайда, бұл ережеден де ауытқушылықтар бар:

а) мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары, елшілік жəне консулдық өкілдіктердің қызметкерлері эксаумақтық құқығына ие жəне оларға қылмыстық заңнаманы жəне əкімшілік құқықбұзушылықтар туралы заңнаманы бұзғандығы үшін жауапкершілік жəне мемлекеттік мəжбүрлеу шаралары қолданылмайды;

ə) кейбір нормативтік актілер, мысалы, қылмыстық жауапкершілікті көздейтін актілер, азаматтарға, олардың қай жерде жүргеніне жəне олардың шетелдік заңнама нормаларына сəйкес жазаны өтегеніне қарамастан, таралады;

б) мемлекет аумағында өмір сүруші шетелдік тұлғалар мен азаматтығы жоқ тұлғалар құқықтар мен міндеттердің кең шеңберін пайдаланатынына қарамастан, кейбір жағдайларда құқықтар мен міндеттерді иелене алмайды. Мысалы, олар қарулы күштер қатарында борышын өтемейді, мемлекеттік билік органдарына сайлана алмайды жəне сайлауғақатыса алмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет