Құқықтық жəне қоғамдық тəртіп
Қоғам тəртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, өмір сүре алады. Қоғамда тəртіп болмаса, ол құлдырайды, қирайды, оның келешегі болмайды Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тəртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Қоғамдағы тəртіп түрлі əлеуметтік нормалардың, былайша айтқанда, адамдардың мінез-құлқын реттейтін қағидалардың өсерімен яғни күшімен орнатылады. Əлеуметтік нормалардың ең негізгісі, алғашқы пайда болғаны əдет- ғұрып, дəстүр қағидалары. Əр халықта олар ежелден-ақ қалыптасқан. Қазақ халқы əдеттерінің заң түрінде күші болған, "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы", "Тəуке ханның Жеті жарғысы" – бұлар негізінен əдеттік заңдардың жинақтары. Осындай əдеттердің күшімен қоғамда тəртіп орнатылған.
Əлеуметтік нормалардың маңызды түрі - əдептік нормалар. Əдептік нормалардың құқықтық сипаты болмайды. Олар адамға құқық бермейді, міндет жүктемейді. Олар адамның ар-ұятын, намысын қалыптастырып, солар арқылы қоғамдық тəртіп орнатуға ұйтқы балады. Əдептік нормалар құқықтық нормаларға түрткі, негіз балып отырады. Құқықтық нормалардың басым көпшілігі əдептік нормалардан нəр алады, соларға арқа сүйейді. Неғұрлым құқықтық нормаларға əдептік нормалар арқау болса, соғұрлым заңдардың əділеттік, адамгершілік мəні жоғары балады. Құқықтық нормаларды қолдану нəтижесінде қоғамда құқықтық тəртіп орнығады. Демек, құқықтық тəртіп дегеніміз құқықтық нормаларды жүзеге асыру нəтижесінде қалыптасатын қоғамдық тəртіп.
Достарыңызбен бөлісу: |