«Єкімшілік ќ±ќыќ» пєні дєрісіне арналѓан


Құқықтық сана жəнк құқықтық мəдениет



бет65/73
Дата03.01.2022
өлшемі0.59 Mb.
#451983
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   73
П н Мемлекет ж не ы теориясыны негіздері п нінен 1 та ырып

Құқықтық сана жəнк құқықтық мəдениет

Құқықтық сана — Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарына жəне қалаулы құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға құқық сезімдерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі. Құқықтық сана коғамдық сананың жеке бір саласы болып табылады. Ол құқықтық болмысты заң білімдері, құқықты бағалау жəне оны жүзеге асыру практикасы, құқықтық мақсаттар, құндылық бағдары түрінде бейнелейді. Осы аталған бес бейне (заң білімдері; құқықты бағалау жəне оны жүзеге асыру практикасы; құқықтық мақсаттар; құндылық бағдары (əрине бұлар құқықтық сананы бейнелейтіндер) заңдық мəні бар жағдайлар туындағанда адамдардың жүріс-тұрыстарын реттейді. Басқаша айтқанда құқықтық сана дегеніміз адамдардың, əлеуметтік бірліктердің коғамда бар жəне олардың тілек-ықыластарына сай келетін құқыққа қатыстылықтарын білдіретін көзқарастарының, идеяларының, түсініктері мен сана-сезімдерінің жиынтығы. Құқықтық сананың функциялары:

а) танымдық;

б) бағалау;

в) реттеу.

Құқықтық сананың танымдық функциясына – құқықтық сана арқылы өмірдегі болмысты тану жүріп жатқандығы жатады; Құқықтық сананың бағалау функциясына құқықтық сананың көмегі арқылы заңды маңызы бар өмірдегі нақты болмыстық жағдайларға баға берілетіндігі жатады.

Құқықтық бағалау қатынастарының негізгі төрт түрін атан көрсетуге болады:

- құқыққа жəне заңдарға қатысты (оның қағидаттарына, нормаларына, институттарына);

- маңайындағылардың құқықтық жүріс-тұрыстарына қатысты (қылмыстылыққа, қылмыстарға, қылмыскерлерге);

- құқық қорғау органдарына қатысты;

- өзінің құқықтық жүріс-тұрысына қатысты (өзін өзі бағалауға).

Құқықтық сананың реттеу функциясы дəлелдер жүйесі, бағалаулықтар бағдарлары, құқықтық мақсаттар арқылы жүзеге асырылады. Бұлар жүріс- тұрысты ерекше реттеуші түрінде оларды сот реттеуі арқылы қалыптастырудың ерекше механизмдері бар.

Мұндағы айрықша рөлді құқықтық мақсат орындайды. Ал құқықтық мақсат — субьектілердің заңды немесе құқыққа қарсы жүріс-тұрыстарға бару-бармауға бейімділігі. Ал, мұндай бейімділіктің құқық субъектісінің бойында қалыптасуы бірсыпыра əлеуметтік жəне психофизиологиялық себептерге байланысты болады. Құқықтық сананың құрылымы негізгі екі элементтен: құқықтық психология жəне құқықтық идеологиялардан тұрады. Құқықтық психология - сана-сезім, күшті сезім (эмоция), əсерленушілік (қуану-ренжу, қайғыру, уайымдау, ашулану-разы болу, ауан, көңіл күйі (шаттық, сергектік, шадымандық жөне т.б.), дағды, стереотип түрлерінде көрінеді. Ал осы аталғандар адамдарда болатын мəн-жайлар көрсеткіштері қоғам болмысында бар заң нормалары мен оларды жүзеге асыру практикасымен (іс тəжірибелерімен) байланысты пайда болады. Құқықты жете түсінудің бұл ең "таралған" түрі. Құқықты жете түсінудің мұндай түрі азды-көпті дəрежеде заң элементтерінің қатысуымен пайда болған барлық қоғамдық қатынастарға төн. Құқықтық идеология дегеніміз заңдық идеялардың, теориялардың, көзқарастардың жиынтығы. Бұл жиынтыққа кіргендер - концептуалдық жəне жүйеге келтірілген түрде объективті құқықтық шындықты көрсетеді жөне оның бағасын береді. Құқықтық идеология құқыққа тұтас əлеуметтік институт ретінде мақсаттылық қағидасы бойынша ғылыми немесе философиялық мəн беру арқылы сипатталады. Идеология аясынан жөне идеология арқылы бəрінен бұрын əлеуметтік топтар мен таптардың, халықтар мен мемлекеттердің жəне əлемдік бірлестіктердің мұқтаждықтары мен мүдделері көрініс табады. Гегельдің құқық философиясы, мемлекет жəне құқықтың табиғи- құқықтық, позитивистік маркстік доктринасы (ғылымы), осы заманғы көптеген құқықтық сана концепциялары (көзқарастары, тұжырымдамалары) құқық арқылы болмысты түсіну тəсілі ретінде құқықтық идеологияның қызмет атқарғандығына мысал бола алады.

Бүгінгі күнге құқықтық мемлекет доктринасы (ғылымы) көптеген мемлекеттер (оның ішінде Қазақстан Республикасы да бар) дамуының идеологиялық негізі болып табылады. Саяси-құқыктық идеологиясыз осы заманғы өркениетті қоғамның болуы мүмкін емес. Сонымен, жоғары идеологиялық құжаттар бола алатындар мысалына АҚШ Конституциясын, ГФР Конституциясын, француздардың 1789-ы жылғы Адам жəне азамат құқықтары Декларациясын жатқызуға болады. Аталған құжаттар батыс елдері демократиясы мен құқықтар жүйесінің идеологиялық тұғыры болып табылады.

Сонымен, ұлттық-құқықтық идеология - қоғамның ең маңызды мəдени- құқықтық құндылықтарын сипаттайды, бұлар болса əлемнің өркениетті халықтарының құрамына (семьясына) кіру үшін берілген өзінше бір "рұқсат құжат".

Құқықтық сананың түрлері:

1. Субъектілері бойынша:

- дербес (жеке);

- топтамалық;

- қоғамдық.

2. Құқықтық қызмет деңгейінің жоғары-төмендігі бойынша:

- əдеттегі үйреншікті-эмпирикалық) құқықтық сана - адамдардың құқық жөніндегі жаппай көпшілік түсінігі;

- кəсіби құқықтық сана – кəсіпқой-заңгерлер араларында қалыптасатын құқықтық ұғымдар, түсініктер, идеялар, сенімдер, дəстүрлер, стереотиптер;

- ғылыми-құқықтық сана - құқықты жүйелі түрде теория бойынша игергендігін білдіретін идеялар, концепциялар, көзқарастар;

Құқықтық мемлекеттің ең маңызды белгісі - халықтың құқықтық мəдениетінің, құқық қорғаушылары мен басқа да лауазымды тұлғалардың кəсіби мəдениетінің болуы. Бұл белгі құқықтық мемлекетті құрудың міндетті шарты.

Құқықтық мəдениет — қоғамның құқықтық болмысының сапалық күйі. Бұл күй құқықтық актілердің, құқықтық жəне құқық қолданушылық қызметтің қаншалықты деңгейде екендігін білдіреді. Осы сапалық күй тұлғаның құқықтық санасын, құқықтық дамуын, оның жүріс-тұрыс еркіндігі дəрежесін, мемлекет пен тұлғаның өзара жауаптылығы деңгейін де білдіреді. Жəне де бұл күй қоғам дамуына жəне қоғамның тіршілік ету жағдайларына ықпал жасап қолдау көрсетудегі қол жеткізілген деңгейін де көрсетеді.

Тұлғаның құқықтық мəдениеті - құқықты білу, ұғыну (түсіну) жəне құрметтеуден (құрмет тұтудан) тұрады. Ал мұның өзі құқықтық ұйғарымдарды жете түсініп барып орындаудан білінеді (көрінеді). Құқықтық мəдениет (кең мағынада) дегеніміз нақты іс-қимыл, əрекет жасау үстіндегі заң қондырғысы компоненттерінің жиынтығы жөне құқық жөнінде, оның жүзеге асырылуы туралы, мемлекет органдарының, лауазым иелерінің іс-əрекеттері жөнінде адамдардың жалпы түсінігі мен пайымдаулары.

Құқықтық мəдениет (тар мағынада) дегеніміз тұлғаның құқық туралы ой-пікірлері, сезімдері мен пайымдаулары жəне де саналы түрдегі қажеттіліктері. Осы қажеттіліктер тұлғаның құқыққа сай мінездерінен, жүріс- тұрыстарынан көрініс табады.

Құқықтық мəдениеттің антиподы құқықтық нигилизм болады; нигилизм (немқұрайдылық – қоғамда құқық пен заңдылықтың девальвацияға ұшырауынан (құнсыздануынан), заңдылықты елемеуден, немесе олардың əлеуметтік реттеуші рөлін жете бағаламаудан көрінеді. Құқықтық нигилизм — құқықтың əлеуметтік жəне тұлғалық құндылығын жоққа шығаратын, оны коғамдық қатынастарды реттеудің ең жетілдірілмеген тəсілі деп санайтын қоғамдық ой-пікірдің бағыты мен бағдары болып табылады.

Құқықтық нигилизмнің (немқұрайдылықтың) бірнеше түрі бар, ол құқықтың рөлі мен маңызына парықсыз, ықылассыз (немқұрайдылықпен) қараудан оған (құқыққа) толығынан сенбеу жəне құқықты ешбір дəлелсіз теріске шығарып мойындамауға дейінгі алапты жайлап жатқан түрлері болады.

Құқықтық нигилизмнің (немқұрайдылықтың) көріну түрлері: 1. Қоғамдағы бар заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді қасақана тікелей бұзу.

2. Жаппай, барлық жерлерде заңдық ұйғарымдарды сақтамау, орындамау.

3. Бір-біріне қайшы келетін құқықтық актілерді қабылдау.

4. Заңдылықты саяси, идеологиялық жəне прагматикалық пайдалылыққа əдейі ауыстырып жіберу.

5. Адам құқықтарын бұзу, əсіресе адамның өмір сүруге құқықтылығын, ар-намысы мен қадір қасиетін қорғауға құқықтылығын жəне тағы басқа да құқықтарды бұзу.

6. Құқықтық формалды талаптар мен құқықтық шындықтар арасының алшақтығы, мұндағы талаптардың орындалмай қалуы.

Құқықтық нигилизмді (немқұрайдылықты) жеңудің негізгі жолдары - азаматтардың жалпы жəне құқықтық мəдениетін көтеру, олардың имандылық өнегелік жəне құқықтық санасын жоғары сапаға жеткізу; заңдарды жетілдіру; құқық бұзушылықтардың алдын алу, сөйтіп барлық қылмыстарды азайту; заңдылық пен құқықтық, мемлекеттік тəртіпті нығайту; тұлғалардың құқықтарды құрметтеуі мен оларды барлық мүмкіндіктерді қолданып қорғауына қол жеткізу; халыққа жаппай құқықтық білім беру жəне тəрбиелеу ісін біліктілігі жоғары əрі өз ісіне адал, жан аямай берілгендік танытатын тұлғалар категориясынан ғана маман заңгерлерді даярлау, олардың кəсіпқойлығын арттыру; құқықтық реформаны əрі қарай дамыту, сөйтіп ақырғы қорытындыда қоғамды асқынған əлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани, өнегелік дағдарыстан алып шығу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет