Ю. А. Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 2021-2022 оқу жылында атқарған жұмыстарының сараптамасы



бет1/99
Дата13.04.2024
өлшемі1.63 Mb.
#498561
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99

Ю.А.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 2021-2022 оқу жылында атқарған жұмыстарының сараптамасы.

Педагогикалық кадрлардың сапалық және сандық құрамы


Мектеп әкімшілігі жұмысының басты бағыттарының бірі - кадрлық құрамды нығайту. «Білім туралы» ҚР Заңына және мектеп Жарғысына сәйкес педагогикалық ұжымды білім беру ұйымының басшысы құрады, қызметкерлерді қабылдау еңбек шарты негізінде жүзеге асырылды. ҚР ЕК-не сәйкес жұмысқа қабылданған барлық педагогтпен еңбек шарттары жасалды.
2021-2022 оқу жылында еңбек ететін мұғалімдер саны - 146, ал оның 20-ы бала күтімімен демалыста. Педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілуі -100%. Барлық пәндерді мамандар жүргізеді. Дегенмен, орыс тілі мен әдебиеті пәні (қазақ тілінде оқытылатын сыныптар) шетел тілі, биология, химия бойынша кадрдың қажеттілігі туралы оқу жылының барысында сұраныс берілді.
Орыс тілінде оқытылатын сыныптарға – биология, география пәндерінен маман қажеттілігі де бар. Арнаулы орта білімі бар мұғалімдер жоғары және екінші педагогикалық білім алу мақсатында, магистратураға және жоғары оқу орнына жылда сырттай түсіп, аяқтауда. Ауырып немесе басқа себептермен жұмыста болмаған мұғалімдердің сабақтары уақытында ауыстырылады. Мұғалімдер арасында қозғалыс бар. Зейнеткерлікке шығу, басқа жерге қоныс аудару сияқты. Мұғалімдердің ішінде 6-ы лауазымдық қызметті қоса атқарады. Мектеп-лицейде 2 – психолог және 2- әлеуметтік педагог, ал инклюзивті білім беру бойынша 1- үйлестіруші, 1-психолог, 2- логопед, 1- дефектолог, 2- педагог-ассистент, 1-әлеуметтік педагог (0,5 ставка) жұмыс істейді. Мектепалды даярлық сыныптарда да мамандар жұмыс атқарады. Инклюзивті сыныптарда сабақ жүргізетін пән мұғалімдері арнайы курстан өтіп, ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жұмыс жүргізуді меңгеруде.
Педагогикалық кадрдың: 3 (2 %) -магистр, 85 % -жоғары, 15 % -арнаулы орта білімді маман. Педагогтардың орташа жасы – 38. Жылда жаңа және жаңадан келген мамандармен толығуда. Биылғы оқу жылында 1 жас маманға тәлімгер тағайындалды. Тәлімгер ұстаздарға бекітілген үстемақы төленді. Түлектерден ұстаздық мамандықты меңгеріп, өз мектебіне келіп, еңбек етіп жатқан педагогтар саны -39 (27%).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет