2020-2021 оқу жылында негізгі пәндерден облыстық деңгейге өткен оқушылар мүлдем болмады. 1 орын алған оқушылар 9-сынып оқушылары болғандықтан, облыстық деңгейге қатысқан жоқ. Ал облыстық деңгейге 10-11 сынып оқушылары ғана қатысуға мүмкіндік болды.
Негізгі пәндер бойынша аудандық пән олимпиадасында 2021-2022 оқу жылында біршама жоғарлау бар, 2020-2021 оқу жылында 21 жүлделі орын болса, 2021-2022 оқу жылында 30 жүлделі орын бар. Екі оқу жылын салыстыратын болсақ, жылдар сайын көтерілу бар. Сонымен қатар 1 орын алған 8 оқушымыз облыстық деңгейге өтіп, 2 оқушымыз жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Негізгі пәндер бойынша облыстық олимпиададан орын алған оқушылар
№
|
Оқушының аты-жөні
|
Пәні, сыныбы
|
Орны
|
Жетекшісі
|
1
|
Лязатова Мадина
|
Орыс тілі мен әдебиеті
10 «А»
|
ІІІ
|
Нурхайдарова Г.А.
|
2
|
Зейнедилов Азат
|
Қазақ тілі мен әдебиеті
9 «Д»
|
ІІІ
|
Джукаева Ш.К.
|
Мәселе: оқушылардың жетістіктері алдыңғы жылдарға қарағанда жалпы саны көбейгенмен, оның ішінде мазалайтын жағдай: негізгі пәндер олимпиадасының жеңімпаздары республикалық, халықаралық деңгейге көтеріле алмауы. Сонымен қатар мектебіміз мектеп-лицей болғандықтан, облыстық деңгейде орын алған оқушылардың жүлделері қоғамдық-гуманитарлық пәндер бағытына жататындығы.
Шешу жолдары:
әдістемелік кафедраларда тиісті пән мұғалімдеріне талап қойылып, оқушылардың олимпиадаға дайындау базасы құрылсын, жоспарға енгізіліп, қолдау көрсетілуі керек;
мектеп-лицейде нәтижесі педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы мұғалімдердің пән олимпиадаға деген жауапкершіліктерін аррттыру;
мектепте мұғалімдердің олипиадаларға, конкурстарға, іс-шараларға қатысу мониторингісін жасап, тамыз айында педагогикалық кеңесте көрсету;
мектепте рейтингтік бағалау жүйесін енгізу арқылы бәсекелестік қатынас құрып, нәтижені жоғарлатуға ұстаздарды бағыттау.
Достарыңызбен бөлісу: |