Жалпы орта білім
ЖОБ.ОТҮС. Оқу–тәрбие үрдісінің сараптамасы.
Педагогикалық ұжым үнемі инновациялық режимде жұмыс істейді. Ю.А. Гагарин атындағы мектеп-лицейінде үшжылдық даму стратегиясы жүзеге асырылуда. МДС миссиясы: Кәсіби бағдары айқын, құзырлы және мәдениетті тұлғаны қалыптастыру Мектептің даму стратегиялық мақсаты: жаңа форматты педагогикалық контингенттің, оқу мен өзін-өзі жетілдіруге ынталы оқушылар ортасын қалыптастыруға ықпал етуші инновациялық режимдегі мектеп-лицейдің даму жолдарын айқындау және оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар мен қоғамдастық арасында тығыз байланыс орнату арқылы білім сапасын арттыру тетігін жетілдіру.
Педагогикалық ұжымының әдістемелік тақырыбы: білім сапасын арттыру мақсатында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуына жағдай жасау.
Ю.А. Гагарин атындағы мектеп-лицейі Қарағанды облысы білім Басқармасы оқу-әдістемелік дамыту орталығы ұсынған «Workshop. Бірге оқимыз», «Зейін», «Бір отбасы-бір кітап», «Оқуға құштар мектеп», «Өнегелі өмір» облыстық әлеуметтік-педагогикалық жобасына, жетекші мектеп (бұйрық №313 30.07. 2014ж. ББ.), инновациялық мектеп және инклюзивті білім беру стажерлық алаңы (бұйрық №165 30.09.2014ж.) жобаларына қосылып, жұмыс атқарылды.
Педагогикалық және әдістемелік кеңестің күн тәртібіне өзекті мәселелер қойылып үнемі болып жатқан өзгерістер ескерілді.
Мектеп мына режиммен жұмыс істеді:
мектепалды, 1-4 және 5-11 жалпы сыныптары - 5 күндік жұмыс аптасы;
Сабақтың басталуы:
- мектепалды 0 «А» – 09:00-ден бастап;
- 1-ші ауысым 1,4,8,9,11 - 08:00-ден бастап;
- 2-ші ауысым 0 «Б», 2,3 - 13:30-дан бастап.
- 2-ші ауысым 5,6,7 - 14:00-ден бастап.
Сабақтың ұзақтығы – мектепалды 25-30; 1-11 сыныптар 45 минут.
Бір күндік және апталық сабақ режимі мектеп директоры бекіткен сабақ кестесімен айқындалады.
Мектепалды сыныптардағы оқу жылының ұзақтығы - 32 аптаны, 1-ші
сыныптарда - 33 аптаны, 2-11-ші сыныптарда 34 аптаны құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |