Ю. А. Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 2021-2022 оқу жылында атқарған жұмыстарының сараптамасы



бет53/99
Дата13.04.2024
өлшемі1.63 Mb.
#498561
түріҚұрамы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   99
SWOT талдау



Әлді жақтары

Әлсіз жақтары

  • Жарыстарға қатысуға қызығушылықтары бар оқушылардың көптігі, жетістікке жету мүмкіндігі;

  • «Денің сау болса, бәрін аласың» салауатты өмір салты кафедра апталығы кезінде оқушылардың белсене қатысып, өздерін жаңа бағытта көрсете алулары.

  • Сабақ өту барысында, жарыстарға дайындық кезінде спорт элементарларының жетіспеушілігінің кедергі тудыруы.


Мүмкіндік

Қауіп

  • Дене шынықтыру пән мұғалімдерінің біліктілік деңгейлері артып, санаттары жоғарылауда;

  • Дене шынықтыру пән мұғалімдері ұйымдастырылған аудандық, облыстық жарыстарға қатысулары арқылы шығармашылық деңгейлерін дамытып отырады.

  • Елімізде орын алған пандемияға байланысты дене шынықтыру пәні қашықтан өткізілгендігі оқушылардың денсаулығында кейбір кінәраттардың пайда болуына апаруының мүмкіндігі;




Мемлекеттік тіл кафедрасының атқарған жұмыстары




Мақсаты: Өз халқының тарихын, дәстүрін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалай алатын, ұлттық әдеби мұраны терең игеріп, сол негізде еліне қызмет ете алатын, танымы жоғары, білімі орнықты, шығармашылықпен ойлай алатын, өркениетті қоғамға сай парасатты, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.
Міндеттері:

  • Тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру;

  • Тілдік жағдаяттарда қарым-қатынас жасаудың амал-тәсілдерін үйрету;

  • Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша және оқу үрдісінде оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалану, нәтижесін зерделеу;

  • Білім сапасын арттыру жұмыстарын жетілдіру және олимпиада, ғылыми конференция, әр түрлі деңгейдегі интеллектуалдық марофондар мен жарыстарға қатысу жұмыстарының сапасын және нәтижелілігін арттыру;

  • Қабілетті оқушылармен жұмысты ұйымдастыру түрлерін дамыту, нәтижеге бағыттау;

  • Көркем әдебиетті оқытуда шығарманың идеялық-тақырыптық мәнін меңгерту және рухани-мәдени құндылықтар жөнінде пікір алмасуға үйрету;

  • Оқушылардың әдеби-теориялық білімдерін тереңдетіп, шығарманың мазмұндық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін таныту;

  • Оқушыларды бейнелі ойлау мен шығармашылық қиялдауды, оқырмандық мәдениет пен авторлық ұстанымды түсінуге баулу;

  • Көркем шығарманың мазмұнын анықтай алуын, ауызша және жазбаша түрде өз түсініктерін жеткізе біліп, қазақ әдеби тілін, сөздік қор мен сөз байлығын сауатты пайдалануға баулу;



1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет