Басылым беттері:Ғылыми әдістемелік журналы «Тағылым» , «Рухани жаңғыру» ақпараттық сараптамалық орталығы Орымбекова Гульжан Батырхаировна
Салауатты өмір салты пәндер кафедрасының жылдық атқарған жұмыстары
Салауатты өмір-салты пәндер кафедрасының 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарының мақсаты: білім беру үрдісі құзыреттілігін жаңа технологияларды пайдаланып, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, салауатты өмір салтын жаппай насихаттау, үгіттеу, қалыптастыру.
Оқу жылының басында 11 мұғалім болды.
Тамыз айында әдістемелік отырыста қысқа мерзімді жоспарды әзірлеу талқыланды. Әр мұғалімдердің жүктеме сағаттары бөлінді. Әдістемелік нұсқау хатына сәйкес оқу жылының басында әр мұғалім мемлекеттік бағдарлама арқылы тақырыптық-күнтізбелік жоспарларын құрды. «Дене шынықтыру» пәні бойынша 5-11 сыныптарында оқу жүктемесінің көлемі аптасына 3 сағатты, оқу жылына 102 сағатты құрайды. "Алғашқы әскери дайындық" пәнінен 10-11 сыныптарда аптасына 1 сағат, оқы жылына 34 сағат қарастырылған. Саналған сағаттар барлығы күнтізбелік жоспар бойынша өткізілді. Өткізілмеген сағат сандары мереке күндерімен сәйкес келгендіктен алынды және сол күнге біріктіріліп өткізілді. Біріктірілген сағаттар жоспарларда да көрсетілді.
Салауатты өмір-салты кафедрасының үйірме жұмыстары және қолданбалы курстарсанитарлық талаптарды сақтай отырып келесідегідей жүргізілді.
«Волейбол» Махмутов Ж.Д.- 15.00-17.00 (дүйсенбі, сәрсенбі), қыздар, 20 оқушы;
«Шахмат (вариатив)» Махмутов Ж.Д.- 15.00-17.00 (сейсенбі,бейсенбі), ұлдар-қыздар, 48 оқушы;
«Тоғызқұмалақ» Қасым Б.А. - 15.00-17.00 (дүйсенбі, сәрсенбі), ұлдар-қыздар, 42 оқушы;
«Футбол» Қосыбаев Р.К. - 15.00-17.00 сейсенбі жұма, ұлдар, 25 оқушы;
«Баскетбол» Шенгелбаев А.М. - 19.30-21.30 сәрсенбі-бейсенбі, ұлдар-қыздар, 25 оқушы;
«Волейбол» Қоянбаев А.Қ.- 19.30-21.30 сейсенбі, жұма, ұлдар-қыздар, 25 оқушы;
«Ақсауыт», «Садақ ату» Жеңісов Н.Ж. - 15.00-17.00 сенбі, ұлдар-қыздар, 82 оқушы.
16-26 ақпан аралығында«Денің саудың – жаны сау» салауатты өмір салты кафедра апталығы өткізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |