Инклюзивті білім беру бойынша стажер алаңының атқарылған іс-шаралары
2021-2022 оқу жылының тамыз айында жыл сайынғы Ғылым және Білім министірлігінің жаңа оқу жылының басталуы туралы бұйрығымен таныса отырып жыл соңына дейін біршама жұмыстар атқарылды. Жаңа оқу жылының мақсатттары мен міндеттерін әдістемелік отырыста қарастырылды.
Қыркүйек айында ЕОҚ етеін оқушыларды ОПМПК қорытындысы бойынша инклюзивті сыныптар мен үйде оқиытан оқушылар анықталып, директордың қатысуымен мектепішілік ППк отырысында қарастырылды және сыныптарға орналастырылды.
«ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатындағы «Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беру ұйымдарының ерекшеліктері» бөлімін негізге ала отырып 20.09.2021ж №217 бұйрықтың негізінде мектебімізде 24 инклюзивті сынып ашылды. Бұл сыныптағы оқушылар саны 37. Қыркүйек айында сынып жетекшісінің ұсынысымен, ОПМПК шешімімен тағы 1 оқушы қосылды. Барлығы 38 ерекше оқуды қажет ететін оқушылар және 25 сынып болып қайта толықтырылды. Оның ішінде – 5 оқушы жеке үйде оқиды. ІV- тоқсанда үйде оқуға денсаулығына байланысты тағы бір оқушы ауысып, барлығы 7 оқушы үйде оқиды. Ерекше оқушылардың басым бөлігі жалпы сыныптарда кіріктіріліп оқитындықтан ЖМББС-ң мазмұнымен сәйкес типтік оқыту бағдарламасымен білім алады. Мектептің оқу әдістемелік кеңесі ОПМПК ұсынысына сүйене отырып 5 оқушыға арнайы бейімделген оқыту бағдарламасын және 6 оқушыға жеке оқыту бағдарламасын әзірлеп, білім стандартының негізінде жеңілдетілген тапсырмалармен оқытылды.
Сондай-ақ, ата-аналармен ЕОҚ ететін оқушылардың ата-аналарымен жиналыс өткізіліп, сауалнама жүргізіліп, келісім-шартқа отырды. Анықталған оқушылардың жыл басында күнделікті сабақтарына арнайы мамандар қатысып, оқушылар бойында мектеп үшін маңызды дағдылардың қалыптасу деңгейін, бейімін, оқу үлгерімін бақылады. Арнайы мамандар сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалар мен танымдық әрекеті мен эмоциялық ерік аясындағы даму деңгейін анықтады. Әлеуметтік педагог оқушылардың үйлерін аралап, жанұялық тәрбиелену жағдайын бақылап қайтты. Сынып жетекшілер және пән мұғалімдері оқушыларға негізгі пәндер бойынша бейіндік оқыту бағдарламаларын құрды.
Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың “Инклюзивті білім беру жағдайында жалпы білім беретін мектептердің оқыту сапасын басқару” тақырыбында білім беру бағдарламасы бойынша 56 мұғалім 72 сағаттық курсты оқып шықты. Жалпы 133 мұғалім курстан өтті.
Бұл мектеп мұғалімдерінің жалпы санының – 92 % құрайды.
Қоғамға оның ішінде ерекше оқытуды қажет ететін оқушыларға әлеуметтік міндеттерді шешуге көмектесу мақсатында, «Астана Моторс» акционерлік қоғамының қолдауымен мектебімізде үй жағдайында білім алатын 5 оқушыға оқу құралдалы берілді.
Қазан айынан бастап диагностиканың қорытындысы бойынша тақытыптық-күнтізбелік жоспарлар құрылып, ЕҚБ оқушылармен арнайы мамандардың түзету-дамыту сабақтары жүргізіле бастады.
ОПМПК-ң ұсынымы бойынша педагог-психологтың сүйемелдеуі 18 оқушыға қажет екендігі анықталды, мұғалім-логопедтің қолдауында барлығы - 34 оқушы, арнайы педагогтың қолдауында – 29 оқушы, педагог-ассистенттің көмегіне - 12 оқушы жүгінді. Арнайы мамандар бағдарламаға сай тақырыптық-күнтізбелік жоспар бойынша сабақ кестесі мен апталық циклограмма құрылды.
Жыл бойы, оқу жылының әр айының сәрсенбісі ата-аналарға кеңес беру күні болып белгіленді. Оқушыларға әр түрлі іс-әрекетте психологиялық-педагогикалық көмек көрсетілді. Мектепішілік ППк отырыстары өткізілді.
Желтоқсан айының 25-шы жұлдызында дәстүр бойынша жаңа жыл қарсаңында «Жаңа жылдық тосын сый» атты ертегілер кейіпкерлерімен бірге мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Ертегі кейіпкерлерінің костюмдарын киген аңдар мен аяз ата және ақша қар ЕББ қажет ететін үйде оқытылатын 3 оқушыға және мектебімізде ерекше оқытуды қажет ететін 8 оқушыға арнайы мамандар мен жас мамандар үйлеріне барып ән айтып,би билеп, тәтті сыйлықтар мен логикалық ойлау қабілетін дамытатын дидактикалық заттар табыс етті. Ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.
2021-2022 оқу жылының басында психологиялық-педагогикалық қолдау бөлмесі кеңейтіліп, оқу-дамыту жабдықтарымен, тактильді құралдармен толықтырылды. Сонымен бірге ІІ жарты жылдықтан бастап ерекше оқушылар үшін емдік дене шынықтыру маманымен толықтырылды.
Қаңтар айында қашықтықтан ұйымдастырылған республикалық, облыстық, аудандық байқауларға қатысып, жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарға ие болды.
ЕОҚ ететін оқушыларды дене тәрбиесіне баулу, шынықтыру, жағымды көңіл-күй сыйлау мақсатында «Қыс қызығы» тақырыбында ерекше қажеттіліктері бар оқушылар арасында сайыс өтті. Сайыс барысында оқушылар арасындағы ынтымақтастық нығайып, ұйымшылдық байқалды. Шана, шаңғыны пайдаланып өткізген сайыс өте қызықты өтті. Оқушыларға ынталандыру мақсатында грамоталар мен тәттілер берілді.
Наурыз мерекесіне орай бүкіл ел бойынша «Қайырымдылық Ұлт» ауқымды қайырымыдылық акциясы ұйымдастырылды, оның аясында биылғы жыл балалар жылы болып аталуына орай мектебімізде инклюзивті білім беру бойынша үй жағдайында білім алатын 6 оқушыға арнайы мамандар тарапынан тәтті-дәмді және «Наурыз кәдесі», «Наурыз қоржын» (ұлттық нақыштағы ойыншықтары)сыйлықтары тарту етілді. Ата-аналар мен оқушылар өз ризашылықтарын білдірді, оқушымыз Марченко Диастың анасы ерекше ілтипат білдіріп, арнайы мамандарға алғыс хат берді.
Adebi.kz электронды ақпарат, білім сайты ұйымдастырылған жалпы республикалық байқауға ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларымыз қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар арнайы мамандарға байқауларға шәкірттерің дайындағаны үшін Алғыс хат берілді.
«Juldyzai» балалар шығармашылық фестивалінің аудандық кезеніне ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларымыз қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Арнайы мамандар мен мектеп психологы, сынып жетекшілермен бірлесе командалық бақылау барысында «қатер» тобындағы оқушылар анықталып, ата-аналармен келісім негізінде мектепішілік ППК-ға ұсынылды.
Мектепішілік ППК шешімімен және мектеп психолыгінің бақылауымен
6 оқушы білім алу дағдысының төмендігімен «қатер» тобында екендігі анықталып, ОПМПК-ға ұсынылды. Сонымен бірге мектебімізде көшпелі ОПМПК 16-18 мамыр аралығында өткізілді, нәтижесінде 6 оқушы жақсы нәтижемен анықталып, қайыра 6 оқушы ерекше оқушылар қатарына қосылды кенттік балабақша тарапынан және мектептің дайындық тобындағы оқушылар тарапынан.
Достарыңызбен бөлісу: |