Тәрбие жұмысының жоспары
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие жүйесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтар тәсілдеріне құрылады. Тәрбие жұмыстары барлық ынталы тараптар: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның кең ауқымда қатысуымен кешенді түрде жүргізілуі тиіс.
Тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың нормативті-құқықтық базасы келесідей құжаттарға сәйкес жүргізіледі:
«Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы;
Қазақстан Республикасының Конститутциясы;
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 26 желтоқсан 2011 жыл;
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы»;
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV Заңы;
«Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 02 шілдедегі №169-IV Заңы;
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдаға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 525 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 12 маусымдағы №248 бұйрығымен бекітілген 2020-2025 жылдарға арналған «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасы.
Мақсаты: білім алушылардың рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жалпыадамзаттық, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дамыту; білім алушылардың өзін-өзі тануын, өздігінен дамуын, әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуметтенуін қалыптастыру; экологиялық мәдениетін, салауатты және қауіпсіз өмір салтын тәрбилеу.
Бұл бағдарламаны білі беру ұйымы білім алушылардың ата-аналарымен, әлеуметтенудің басқа нысандарымен – білім беру ұйымының әлеуметтік серіктестерімен тығыз байланыста және ынтымақтастыққа тәрби жұмысының негізгі бағыттары аясында жүзеге асырады:
Қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие.
Рухани-адамгершілік тәрбие
Ұлттық тәрбие
Отбасылық тәрбие.
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
Зияткерлік тәрбие
Дене тәрбиесі
Достарыңызбен бөлісу: |