15.6 Әртүрлі қорытпалардан құймалар дайындау
Массасы бірнеше граммнан бірнеше жүздеген тоннаға дейінгі
құймаларды дайындауға көп қолданатын негізгі қорытпа –шойын.
Шойынның сұйықтай аққыштығы,
антифрикциялық қасиеттері, беріктігі
айтарлықтай жоғары және арзан. Машина
жасау саласында шойынның
барлық түрлері (соғылымды, сұр, аса берік) кеңінен пайдаланылады.
Фасонды болат құймалары көміртекті және легірленген болаттардан
құм-балшықты және арнаулы тәсілдермен дайындалады.
Құймалы
болаттардың маркаларының соңында Л әрпі қойылады. Легірленген
болаттардың ішінде аустенитті жоғарымарганецті қажуғатөзімді 110Г13Л
маркілі болаттар кесіп өңделінбейді, сондықтан олар тек қана құйма түрінде
пайдаланылады. Мұндай болаттан экскаваторлардың күреуіштері,
теміржол
айқастырмасы, трактордың шынжыртабаны, диірмендердің тұрқылары,
тастескіш тоқпақтардың ұштары жасалады.
Фасонды құймалар алу үшін түсті
металдар- алюминий, мыс, магний
негізді қорытпалар кеңінен қолданылады. Мыс
негізді қалайылы қоланың
және алюминий негізді силуминдердің сұйықтай
аққыштық қасиеттері
көтеріңкі. Магний негізді қорытпалардың сұйықтай аққыштық қасиеттері
алюминиймен салыстырғанда төмендеу.