- қысыммен құю;
- центрден тепкіш күшпен құю;
- балқытылатын үлгілермен құю;
-
қабықшалы қорамаларда құю
;
- басқа тәсілдер.
Құю процесінің технологиялық сұлбасы негізгі төрт кезеңнен тұрады:
- металды балқыту,
- қораманы дайындау,
- сұйық металды қорамаға құю,
- кристалданып қатқан құйманы қораманы шығару.
Ерітінді алуға жұмсалатын шикіқұрам материалдары:
- металлургия өндірісінің шағын кесектері (чушкалар)
- өзіндік өндірістің қалдықтары
- сынықтар
- флюстер.
Әрбір қорытпаның құйылуы физикалық қасиеттерімен анықталады..
15.3 Қорытпалардың құймалық қасиеттері
Сапалы құймалар алу үшін қорытпалардың келесідей қасиеттері:
- сұйықтай аққыштығы;
- кристалдануы;
- шөгуі;
- ликвацияға бейімділігі;
- газды жұту қабілеті
қойылған талапқа сай болу керек.
Сұйықтай аққыштық – балқытылған
металдың құюға арналған
қалыптың барлық саңылауларын толық толтырып, құйманың пішінін дәл
шығару қабілеті. Сұйықтай аққыштығы көтеріңкі болатын металл құйылған
қалыптың әрбір саңылауын оның күрделілігіне қарамай тегіс толтырады.
Егер қалыптағы саңылаулар түгел толмаса,
мұндай металдың сұйықтай
аққыштығы төмен деп есептеледі.
Сұйықтай аққыштық қорытпаның химиялық құрамына және
балқытылған
температураға
байланысты.
Тұрақты
температурада
кристалданатын таза металдардың және эвтектикалық қорытпалардың
сұйықтай
аққыштығы
көтеріңкі,
ал
температура
интервалында
кристалданатын қатты ерітінділердің сұйықтай аққыштығы төмен келеді.
Жоғарғы температурада балқыған металдың сұйықтай аққыштығы көтеріңкі.
Фосфор, кремний, көміртегі сұйықтай аққыштығын көтереді, күкірт
төмендетеді. Қорытпаның сұйықтай аққыштығын тәжірибе жүзінде
технологиялық сынақтармен орамаға құйып, оның ұзындығын өлшеу арқылы
анықтайды.
Кристалдану – қатайған металдағы
кристалдардың пайда болып
олардың өсуі. Бұл процесс жылуберетін бетке перпендикуляр бағытта
жүреді. Сондықтан пайда болған түйіршіктердің – дара кристалдардың
өлшемі беткі қабатында кіші болып қалыптасады.
Шөгу – құйылған металдың кристалдану процесінде металл көлемінің
және сызықтық өлшемдерінің кішіреюі. Шөгу қорытпаның химиялық
құрамына,
температурасына, құйманың пішіні мен конструкциясына
байланысты. Шөгу көлемді шөгу және сызықтық шөгу болып бөлінеді
Сызықтық шөгу кристалданған дайындаманың ұзындық өлшемінің
кішірейуі. Сұр шойынның сызықьық шөгуі 0,9- 1,3%, көміртекті болат үшін
2- 2,4%, алюминий қорытпалары үшін 0,9- 1,5%, мыс үшін 1,4- 2,3%
құрайды. Сызықты шөгу көлемді шөгудің үштен бір бөлігін құрайды.
Көлемді шөгу кристалдану үстінде
қорытпаның көлемі кішірейеді,
әдетте көлемді шөгу сызықты шөгуден үш есе артық болып қалыптасады.
Құймадағы шөгу түрлері:
- шөгіндік қаяу –құйманың ең соңында қататын жерлерінде орын
алатын мейлінші ірі қуыстар;
- шөгіндік кеуектілік – балқыған металл толығымен бармаған
құйманың ең соңында қататын жерлерінде жинақталған ұсақ қуыстар;
- жарықшалар;
- шалыстықтыр – құйманы суыту кезінде кернеудің әсерінен пайда
болатын оның пішіні мен өлшемдерінің өзгеруі.
Мұндай ақауларды тудырмас үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады:
өзекшелер енгізіледі, немесе артық мөлшерде қорытпа алынады.
Ликвация –құйманың химиялық құрамының
металл қимасы бойында
біртекті орналаспауы. Мұндай құбылыс құйманың механикалық қасиетіне
әсерін тигізеді. Ликвацияны болдырмау үшін балқыған металдың салқындату
жылдамдығын көтереді.
Газды жұту – құйылмалы қорытпалардың сұйық күйінде оттегін, азот
пен сутегін ерітуге бейімділігі. Газға қаныққан қорытпалар құйма
қалыптарында салқындап, құймаларда газ қуыстары пайда болады. Сол
себепті өзекшелер мен қорытпаларды әзірлейтін
қоспаның газды жұту
қабілеті жақсы болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: