2.Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен мазмұны.Қазіргі заманда құқықтық мемлекетті құру қалыптастыру мәселесі ғаламдық проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының даму тарихында ешқашан, еш елде құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де жоқ. Болашақта да барлық елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет болуы мүмкін емес. Себебі әр елдің экономикасы, мәдинеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады.
Сондықтан, болашақта құқықтық мемлекет бірнеше дамыған елдерде қалыптасуы мүмкін. Бірақ ол мемлекеттердің мазмұнында, әсіресе нысанында объективтік ерекшеліктері болады.
Құқықтық мемлекеттің мазмұнының негізгі талаптары:
-
Құқықтық мемлекет азаматтық қоҚұқықтық мемлекет азаматтық қоғамның объективтік даму процесіне сәйкес ескеріп, жаңарып жататын көп қырлы құбылыс. Бұл мемлекетте адамның толық егемендігі болуы қажет, олардың мемлекеттің билік жүргізетін органдарын құруға қатысуы заңды бекітілуі керек.
-
Құқықық мемлекеттің экономикалық негізі – өндіргіш күш пен өндірістік қатынас және көп меншіктік шаруашылық арқылы дамуы. Құқықтық мемлекетте меншіктің басым көпшілігі – өндіруші мен тұтынушылық билігінде болуы қажет. Бұл билік шаруашылықтың жақсы, сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін олраға толық бостандық беруі керек. Сонда ғана қоғамның әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеруге, нығайтуға болады.
-
Құқықтық мемлекетің әлеуметтік негізі – өзін-өзі басқаратын азаматтық қоғамда адамдардың бостандығын, теңдігін қамтамасыз етіп, олардың жақсы еңбектенуіне, дұрыс жұмыс жасауына мүмкіншілік беру. Қоғамның әлеуметтік жағдайын жақсартуы құқықтық, мемлекеттің нығаюы. Бұл екі процесс бір-бірімен тығыз байланысты. Құқықтық мемлекет сонымен бірге әлеуметтік мемлекет.
-
Құқықтық мемлекттің моралдық негізі – гуманизм, әділеттілік, бостандық, теңдік, адамдардың қадір-қасиетінің, ар намысының деңгейі. Осы жоғары дәрежедегі принциптер болса құықтық мемлект болады. Өйткені, мұндай қоғамда адамдардың рухан сана-сезімі де жоғары дәрежеде болады.
-
Құқықтық мемлекттің саяси негізі – халықтың, ұлттық тәуелсіздігін қалыптастырып қоғамдық билікті жан-жақты дамытып, адамдардың бостандығын, теңдігін қорғап, әділеттілік, демократияны орнату, қарым-қатынастарды реттеп-басқару.
Міне, қоғамның осы негіздеріне сүйене отырып, құқықтық мемлекет орнатуға мүмкіншілік қалыптасады.
Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері:
-
Мемлекеттік билікті үш түрге бөлу, олардың ара қатынасын қатаң сақтау; азаматтық қоғамның қалыптасуы;
-
Қоғамда жоғары дәрежеде құқықтық мәдинеттің қалыптасуы, адамдардың рухани сана-сезімінің жақсы дамуы;
-
Мемлекеттік аппараттың, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жеке адамдардың, өмірдегі қарым-қатынастардағы өзара жауаптылығы;
-
Қоғамның экономикалық, әлеуметтік бағытында әділеттілікті, теңдікті қамтамасыз ету үшін антимонополилық органның қызметін қатаң бақылау;
-
Қоғамның ішкі құқықтық нормалары мен халықаралық құқықтың өзара қатынасын бақылап, жақсартып отыру;
-
Қоғамда заңның үстемділігін орнату, азаматтық қоғамды қалыптастыру. Адамдар «заңның құлы» болмайынша құқықтық тәртіп те, демократия да жақсы дамуға тиіс емес. Бұл туралы өмір тәжірибесінен қалыптасқан мынадай өсиет сөз бар:
Заң – мемлекеттің ақылы.
Сот – мемлекеттің жүрегі.
Мәдинет – мемлекеттің тәртібі.
Міне, осы үш қағидалы өсиет өзара бірігіп қалыптасып және мемлекттің ішкі заңдары көпшілік таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптерге сәйкес келсе елімізде мемлекет орнайды.
Адам қоғамның барлық дәуірінде құқықтық мемлекет құру мәселесі толасып көрген емес. Әсіресе, елді басқаруда абсолютизм, деспотизм, тоталитаризм орнаған кезде құқықтық мемлекет орнату – деген дауыс, талап күшейіп отырды. Бұл тұрғыдан өте күшті концепция феодализмге қарсы, буржуазияның күресі кезінде қалыптасты. Күрестің саяси ұрандары: «Бостандық!» «Теңдік!» «Әділеттілік!» халыққа едәуір жақсылықтар әкелді.
Бірақ көп елде реакцияшыл буржуазияның кертартпа саясаты демократиялық реформаны толық аяқтауға мүмкіншілік бермеді.
Ірі буржуазия саяси билікке қол жеткеннен кейін құқықтық мемлекет орнату бағытынан алшақтай бастады. Бұл елдерде буржуазияның үстемдігін қоғайтын мемлекет пенқұқық орнап көп уақыт өмір сүрді.
XX ғасырда қоғамды басқару тәжірибесін шынықтырып капиталистік елдер жаңа экономикалық саясатқа көшіп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, бостандықтың шеңберін кеңейтіп, демократиялық мемлекетті дамытуда. Бұл саясаттың мазмұны:
-
Қазіргі заманда халықтың рухани сана-сезімі қоғамдық басқаруға, қоғамдық меншік орнатуға жетілген жоқ. Сондықтан, меншіктің түрлерін шектемей нарықтық экономикаға толық бостандық беру. Осы жерде «Өзімдікі дегенде өгіздей күшім бар...» деген мақал дұрыс келеді.
-
Нарықтық экономика арқылы халықты еңбекке деген ынтасын көтеріп, шаруашылықтың, өндірістің барлық саласында бизнесмендердің бәсекесін дамыту.
-
Халыққа өздерінің әлеуметтік экономикалық мүдде-мақсатынорындаудағы іс-әрекетіне толық бостандық беріп, мемлекет тек көмек көрсетуге тиіс. Меамлекет нарықтық экономика туралы заңды, құжаттарды дер кезінде қабылдап, олардың орындалуын қатаң түрде бақылап отыруы керек. Әсіресе жеке меншікті қорғауды, адамдардың бостандығын сақтауды бірінші бағытқа алу керек.
Осы жаңа экономикалық саясат капиталистік елдердің соңғы 40-50 жыл ішінде экономикасын дамытып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып демократиялық қоғам құруына мүмкіншілік беріп отыр.
Қазіргі заманда дүние жүзінің барлық мемлекеттері капитализмнің жаңа экономикалық саясатын қабылдап нарықтық экономиканы дамытып жатыр. Кеңес Одағы ыдырағанна кейін бұрынғы советтік республикалар да осы жолға бет бұрып отыр.
Әлемдік стандарт жолына Қазақстан да бет бұрып, нарықтық экономиканы дамытуға кірісті. Кеңестік жүйенің жақсылығы да аз болған жоқ: 20-60 ж.ж. экономиканың , мәдинеттің, қорғаныстың жетістіктері дүние жүзіне белгілі болды. Бірақ Кеңес Одағының жетістіктерінен гөрі кемшілігтері басым болды. Сондықтпан Одақ ыдырады. Енді капиталистік елдердің XX ғ. 30-50 жылдардағы либералдық-демократияға бет бұрып, дамуының себептеріне қысқаша түсінік берейік. Бірінші себебі – капиталистік елдер 1929-1938 жылдары дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан Кеңес Одағының бір орталықтан жоспарлау тәжірибесінің жақсы жағын пайдаланып, өздерінің экономикасын жақсы дамуына мүмкіншілік жасады. Жеке меншіктегі шаруашылықтарға мемлекет тиіспеді. Капиталистік мемлекеттер мемлекеттік меншіктегі өндірісте ғана жоғарыдан төмен қарай жоспарлап отыр. Міне, осы тәсілді капиталистік мемлекеттер үздіксіз пайдаланып келеді. Жеке меншіктегі өндіріс төменнен жоғары қарай жоспарланып жақсы дамуда. Екінші себебі – ресейде, қытайда тағы басқа Европа, Азия елдерінде социалистік мемлекеттер орнап, қалың бұқараның мүдде-мақсатын орындаймыз – қорғаймыз деген желдірме «ұрандарынан» ірі буржуазия сескеніп халықтың, саяси-әлеуметтік жағдайына көңіл бөлуге мәжбүр болды. Бұл саясатты дұрыс, жақсы дамытуға ғылыми-техникалық революция жағдай жасады.
Құқықтық мемлекет орнатудың негізгі бағыттары:
-
Мемлекет билік үш саласының жұмысын жақсарту, әсіресе заңның, нормативтік актілердің сапасын көтеру;
-
Ол нормалардың дұрыс пайдалануын, орындалуын қамтамасыз ету, халықтың рухани сана-сезімін, мәдинетін жақсартып, көтеру;
-
Қоғамдағы қатынастарды дұрыс, жақсы реттеу-басқару бағытындағы мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың жұмысын жақсарту;
-
Бостандықты, теңдікті, әділеттілікті, демократияны дамыту;
-
Заңдылықты, құқықтық тәртіптіқатаң сақтау.
Қазақстан Республикасының Конституцисы бойынша құқықтық мемлекет қалыптастырудың негізгі баұыттары демократиялық, зайырлы, құқытық, әлеуметтік мемлекет құру.
Демократиялық мемлекет – Қазақстан алдымен Конституция қабылдап, тікелей басшысын және Парламентті үкіметті тез арада құрып алды. Кейін сайлауын мерзімді уақытта жүргізіп отырды. Республиканың жоғарғы органдары арқылы көпшілік қазақстандықтардың еркін шынайы анықтауға және мүддесін барынша жүйелі қорғауға қажетті мүмкіндіктерберді. Демократиялық мелекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүддесін білдіруіне мүмкіндіктер берді, мемлекеттік қызметке араласып, азда болса қатысуға құқықтар берілді. Демократиялық мемлекет қызметінің түбегнйлі принциптерінің бірі – «Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық».
Зайырлы мемлекет – Қазақстан Республикасында діни мекемелер мемлекеттен бөлінгенін білдіреді және бұл Қазақстандағы ислам мен правослаиелік тағы басқа нанымдақ ағымдарға бідей қатысты. Діни негізде папртия құруға жол берілмейді. Наным немесе атеизм мәселесі – әркімнің жеке басының шаруасы. Елдегі дін ұстау бостандығы мен діни бірлестіктердің жұмысы жөніндегі заңдылықтарды мемлект белгілеп, бақылайды.
Құқықтық мемлекет – Қазақстанның барлық огандары мен лауазымды адамдарының қызметі құқықтық нормларына байланысты, соған бағыеышты, және соған сәйкес іс-әрекет жасайды. Құқықтың негізгі принциптері: азаматтар үшін – «заңға тыйм салынбағанның бәріне рұқсат етіледі», мемлекеттік органдар мен лауазым иелері үшін – «Заңда нақты не көрсетілсе, соған ғана рұқсат». Барлық заң жүйесін жақсартып, әділеттілікті жоғары дәрежеге көтеру және азамат құқығы мен бостандығын халаықаралық өлшем деңгейіне жеткізу Қазақстан мемлекетінің негізгі міндеті. Құқықтық мемлекетте Заң бір әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғарғы дәрежедегі лауазым иелеріне қатардағы ағаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататын, адамдарға отбасын құрып, өсіп-өнуге, өзі қалаған жұмыс пен шұғылдануға, өздерін еркін сезінуге, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуы керек екенін түсінуі қажет.
Талқылау сұрақтары:
-
Азаматтық қоғам дегеніміз не?
-
Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілерін атаңыз?
-
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің арақатынасы қандай?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 2008ж.
-
Нормативтік құқықтық актілер туралы Қазақстан Республикасының Заңы. 1998, 28 наурыз.
-
Қазақстан Республикасы Коституциясына берілген түсіндірме сздігі, Алматы, 1996.
-
Адам құқықтары туралы Халықаралық билль. Алматы, 1998.
-
Жергілікті өзін - өзі басқару. Құрастырған Дос Көшім. Алматы, 2000.
-
Бюргенталь Т. Халықаралық адам құқықтары. Алматы, Ғылым, 1999.Соколов А.Н. Правовое государство. Идея, теория, практика. – Курск, 1994.
-
Булгакова Д.А. Теория государства и пправа (учебно – методическое пособие), Алматы, Данекер, 2001.
8-ДӘРІС
ҚҰҚЫҚ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ
Мақсаты: Студенттерге қоғамдық қатынастарды реттеуде құқықтың алатын ролін ашып түсіндіру. Құқықтың тар және кең мағынасымен таныстыру. Өз құқықтарын жүзеге асыра білуге үйрету.
Жоспар:
1.Құқықтың түсінігі және белгілері.
2.Құқықтың мақсаmы.
3.Құқықтың құндылығы.
4. Құқықтың мәні.
5. Құқықтың объективтік және субъективтік мағынадағы түсінігі. Табиғи құқық. Бұқаралық және жеке құқық.
6. Құқық қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші ретінде.
1. Құқықтың түсінігі және белгілері. Құқық - бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етiлетiн, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.
Құқықтың белгілері:
1) еріктiлiк сипаты;
2) жалпыға міндеттілiгi;
3) нормативтілiгi;
4) мемлекетпен байланысы;
5) формальды анықталғандығы;
6) жүйелілiгi.
2. Құқықтың мақсаты. Құқықтың қоғамдық жоғары мақсаты қоғамдагы бостандықты нормативтік тәртіпте қамтамасыз етуінен және кепілдеуiнен, әдiлеттiлiктi қалыптастыруынан қоғамдық өмірден қателіктер мен өз бетiмен кетушіліктерді жоя отырып, қоғамдағы экономикалық және рухани факторлардың әрекет етуіне мейлiнше жағдай жасауынан көрініс табады.
3. Құқықтың құндылығы – бұл құқықтың азаматтардың және жалпы қоғамның әлеуметтiк әдiлеттi қажеттіктeрi мен мүдделерiн қамтамасыз ету құралы мен мақсаты peтlндe қызмет ете алу қабiлетi. Құқықтьң әлеуметтiк құндылығының төмендегiдей негiзгi көріністерін атап етуге болады:
1) Құқық адамдардың әрекеттерiне ұйымдастырушылықты, тұрақтылықты үйлесiмдiлiктi дарыта отырып, олардың бақылалануын қамтамасыз етедi, Осы арқылы ол қоғамдық қатынастapғa реттеушiлiк элементiн енгiзе отырып, оларды өркениетгi құбылысқа айналдырады;
2) құқық тұлғалардың ерекше мүдделерiн yйлестіpy арқылы олардың жүрiс-тұрысы мен қызметiне әcepiн тигiзедi, яғни, құқық жеке мүдделердi басып-жаншымайды, керiсiнше, оны қоғaмдық мүддемен үйлестiредi;
3) құқық тұлғаның қоғамдаrы бостандығын көpceтуші және анықтаушы болып табылады және осы бостандықтың шегін, шамасын анықтайды;
4) құқық әдiлеттiлiк идеясын көрсету қабiлетiне ие, яғни, құқық материалдық игiлiктердiң дұpыc және әдiлеттi бөлiнуiнiң талаптарын орнықтырады, барлық азаматтардың заң алдындағы тендiгiн бекiтедi;
5) құқық қоғамдық дамудың тарихи кезектiлiгiне сәйкес коғамның жаңаруының қайнар көзi болып табылады, әcipece, оның құндылығы тоталитарлық режимдердiң құлауы мен жаңа нарықтық механизмдердiң бекiтiлуi жағдайларында өсе түседi;
6) құқықтық тәсiлдер халықаралық және ұлтаралык сипаттағы мәселелердi шешудiң негiзi және жалғыз құралы болып табылады.
4.Құқықтың мәні өркениеттілік жағдайында қоғамдық қатынастарды реттеуден, нормативтік негізде қоғамның тұрақты ұйымдастырылуына жете отырып, демократияның экономикалық бостандықтың, тұлға бостандығын жүзеге асырылуынан көрінеді.
Құқықтың мәнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор: 1) формальдық - кез – келген құқықтың ең алдымен реттеуші екендігі; 2) мазмұндық – осы реттеушінің кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.
Құқықтың мәнін түсінуде келесі тәсілдерді бөліп атауға болады:
-
Таптық, мұның шегінде құқық экономикалық үстемдік құрушы таптың заңда көрініс тапқан мемлекеттің еркін білдіретін, мемлекетпен кепілденген заң нормаларының жүйесі ретінде анықталады;
-
Жалпыәлеуметтік, мұның шегінде құқық қоғамдағы әртүрлі таптардың, леуметтік топтардың арасындағы келісімнің көрінісі ретінде қарастырылады.
5. Құқықтың объективтік және субъективтік мағынадағы түсінігі. Табиғи құқық. Бұқаралық және жеке құқық. Объективтік құқық – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі. . Объективтік құқық – бұл нақты бір мемлекеттегі белгілі бір кезеңдегі заңнама, заң әдеттері, заңды прецеденттер және нормативті шарттар. Оның объективтілігі жеке тұлғаның еркі мен санасынан тәуелсіз болып, оның тиесілі болмауынан көрініс табады.
Субъективтік құқық – бұл тұлғаның жеке мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, заңды мүмкін жүріс – тұрыстың шамасы. Субъективтік құқықтар ретінде адамның нақты құқықтарын (еңбек етуге, білім алуға т.б.) атауға болады, олардың субъективтілігі тұлғамен байланыстылығынан, оған тиесілігінен және оның сапасы мен еркінен тәуелділігінен көрінеді.
Заңды мағынадағы құқықпен (объективтік және субъектитік құқықтар) өатар табиғи құқық та болады, ол өмір сүруге, бостандыққа және т.б. құқықтарды қамтиды. Табиғи құқықтың қатарына жататын құқықтар бір жерде бекітілген – бекітілмегеніне қарамастан өмір сүреді, олар өмірдің өзінен тікелей туындайды.
Табиғи құқыққа қарағанда заңды мағынадағы құқық позитивтік құқық ретінде көрініс табады, яғни олар заңдар мен басқа да қайнар көздерде бекітілген.
Позитивтік құқықтың негізгі сипаттары:
а) оны адамдар немесе қоғамдық құрылымдар, заң шығарушылар, соттар, құқық субъектілері қалыптастырады, яғни, олардың шығармашылығын, мақсатты ерікті қызметінің нәтижесі болып табылады;
б) ол заңдар немесе басқа да қайнар көздер түрінде, яғни, жәй ой, идея түрінде ғана емес, нақты сыртқы көрінісі бар ақиқат ретінде өмір сүреді.
Құқықтың пайда болу кезінен бері және оның дамуы барысында оның бір мезетте әрі қарама – қайшы, әрі өзара байланысқан екі жағы анықталды. Бірінші жағы – бұқаралық – құқықтық жағы, екінші жағы – жеке – құқықтық жағы.
Бұқаралық құқық – бұл мемлекеттік істер саласы, яғни билік пен бағыныстылық қатынастарына негізделген мемлекеттің бұқаралық билік ретіндегі және барлық бұқаралық институттардың құрылымы мен қызметі.
Жеке құқық – бұл жеке істер саласы, яғни дербестік, субъектілердің заңды теңдігі бастамаларына негізделген еркін тұлға, институттар мәртебесі.
6.Құқық қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші ретінде. Құқықтың түсінігіне кірген аса маңызды белгілерінің бірі болып оның мемлекетпен тығыз байланысы табылады. Бұл белгі мыналардан көрініс табады:
-
мемлекет құқықты ресми түрде орнықтырып, оның орындалуын мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етеді;
-
құқық мемлекеттік еріктің нормативтік көрінісі бола тұра, қоғамдық қатынастарды таптық, жалпы әлеуметтік және басқа да мүдделерге сәйкес реттейді.
-
құқық жалпыға міндетті сипатқа ие, бұл оның ерекше әлеуметтік реттеуші, заңды және заңсыз ірекеттерді өлшеуші ретінде көрініс табуына мүмкіндік береді;
-
басқа әлеметтік нормаларға қарағанда құқықтың реттеушілік рөлінің ерекшелігі оның нормаларының өкілдік – міндеттеуші мазмұнымен байланысты.
Талқылау сұрақтары:
1.Құқықтың кең және тар мағынасы қандай?
2.Қоғамдық қатынастарды реттеуде құқықтың алатын рөлі қандай?
3.Заңды немесе заңсыз деген ұғымдарды қалай түсінесіз?
4.Объективті және субъективті құқықтардың арақатынасы қандай?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
-
11\-",';''
Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
-
Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.
-
Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-Алматы, Жеты Жарғы, 2003.
9-ДӘРІС
ҚҰҚЫҚ НОРМАСЫ
Мақсаты: Құқық нормасының әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орнын ашып түсіндіру.
Жоспар:
1.Құқық нормаларының түсінігі және белгілері.
2.Құқық нормаларының түрлері.
3.Құқық нормаларының құрылымы.
4.Құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатынасы.
1. Құқық нормаларының түсінігі және белгілері. Құқық нормасы – бұл мемлекет таныған және қамтамасыз ететін жалпыға міндетті, формальды анықталған жүріс-тұрыс ережесі. Құқық нормасынан қоғамдық қатынастар қатысушыларының құқытары мен міндеттері туындайды және осы ереже аталған субьектілердің әрекеттерін реттеуге бағытталған.
Заң нормасы – құқықтың алғашқы буыны, оның жүйесінің элементі. Сол себепті, бұл нормаға ерекше әлеуметтік құбылыс ретіндегі құқықтың негізгі белгілерінің тән болуы заңды да. Алайда, бұл «құқық» және «құқық нормасы» түсініктерінің бір екенін білдірмейді. Олар бір-бірімен бүтін мен оның бөлігі ретінде байланысқа түседі.
Құқық нормасының белгілері:
1)жалпыға міндеттілігі – ол адамдардың мүмкін және міндетті әрекеттеріне қатысты мемлекеттің биліктік ережелерін білдіреді;
2)формальды анықталғандығы – ол жазбаша түрде ресми құжаттарда көрініс табады;
3)мемлекетпен байланысы – оны мемлекеттік органдар орнықтырады және мемлкеттік әсер ету шараларымен қамтамасыз етіледі;
4)ұсынушылық-міндеттемелік сипат – ол бір субьектілерге құқықтар берсе, келесі субьектілерге міндеттемелер жүктейді, себебі, құқықты міндетсіз, ал міндетті құқықсыз жүзеге асыруы мүмкін емес.
2. Құқық нормаларының түрлері. Заң нормаларының түрлері:
1)реттеуші және құқық қорғаушы;
2)құқық беруші, тыйым салушы және міндеттеуші;
3)императивтік және диспозитивтік.
Реттеуші норма – бұл субьектінің субьективтік құқықтары мен міндеттерін, олардың пайда болу және әрекет ету жағдайларын анықтайтын норма.
Құқық қорғаушы норма – бұл субьектіге мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданудың жағдайларын, осы шаралардың сипаты мен мазмұнын анықтайтын норма.
Құқық беруші норма – бұл субьектіге белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыруға байланысты құқықтарды беретін норма.
Тыйым салушы норма – бұл субьектіге белгілі бір әрекеттерді жасаудан бас тартуды міндеттейтін норма.
Міндеттеуші норма – бұл субьектіге белгілі бір мазмұндағы әрекеттерді жасау міндетін жүктейтін норма.
Императивтік норма – бұл қатаң ережелер түрінде көрініс табатын және құқық субьектілерінің қалауларынан тәуелсіз түрде әрекет ететін норма.
Диспозитивтік норма – бұл өзіндік қалау бостандығын білдіретін норма.
3.Құқық нормаларының құрылымы. Құқықтық норманың құрылымы үш элементтен құралады: гипотеза, диспозиция және санкция.
Гипотеза – бұл құқықтар мен міндеттердің пайда болу жағдайын көрсету.
Диспозиция – бұл құқықтар мен міндеттердің өзін көрсету.
Санкция – бұл норманы бұзудан туындайтын қолайсыз салдарды көрсету.
Бұл үлгінің сөздік кестесі мынадай «егер ... , онда ... , бұлай болмаған жағдайда ...». мысалы, займ шарты жазбаша нысанда жүзеге асырылуы тиіс. Логикалық түрде бұл норманы былай құруға болады: егер займ шарты бекітілген болса, онда ол жазбаша түрде жасалуы тиіс, бұлай болмаған жағдайда, шарттың күші болмайды.
4.Құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатынасы. Құқық нормасы мен нормативтік акт бабы бір ұғымдар емес, көп жағдайларда олар сәйкес келмеуі де мүмкін. Құқық нормасы – бұл гипотезадан, диспозициядан және санкциядан құралған жүріс-тұрыс ережесі, ал заңшығармашылық актісінің бабы-бұл құқық нормасының жүзеге асырылу құралы, мемлкеттің ерік білдіру нысаны. Құқық нормасы нормативтік акті бабының мазмұны болыа табылса, бап құқықтық норманың нысаны болып табылады. Олардың арасындағы байланыс әртүрлі сипатқа ие. Жүріс-тұрыс ережесін бекіте отырып, заңнама құқық нормасының логикалық құрылымының үш элементін де нормативтік актінің бір бабына енгізуі мүмкін, бір бапқа бірнеше құқық нормасын енгізуі мүмкін, кейбір жағдайда құқық нормасы элеметтерін әр түрлі нормативтік актілердің бірнеше баптарында немесе бір нормативтік актінің бірнеше баптарында көрсетуі мүмкін.
Көрсету тәсілдері бойынша құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатынасының үш түрі болады:
А)тікелей тәсіл – құқық нормасы нормативтік акт бабының өзінде тікелей көрсетіледі;
Ә)сілтемелі тәсіл – нормативтік акт бабы норманы толығымен ашпастан, осы актінің басқа бабына сілтеме жасайды;
Б)бланкеттік тәсіл – нормативтік акт бабы нақты бір бапқа емес, белгілі бір нормативтік акті түріне сілтеме жасайды.
Талқылау сұрақтары:
-
Құқық нормасы дегеніміз не?
-
Құқықтық норманың құндылығы неде?
-
Құқықтық норманың негізгі сипаттарына тоқталыңыз.
-
Құқықтық норманың құрылымы неден тұрады?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.
-
Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-Алматы, Жеты Жарғы, 2003.
-
Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.
-
11\-",';''
10 -ДӘРІС
Достарыңызбен бөлісу: |