Юриспруденция кафедрасы



бет8/9
Дата17.07.2016
өлшемі1.18 Mb.
#205405
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Әдістемелік нұсқау: Мемлекеттік билік - әлеуметтік биліктің ерекше түрі, оның егемендік сипаттары. Мемлекеттік билік және саяси билік. Биліктік қатынастар – қоғамдық қатынастардың айрықша түрі. Биліктік қатынастардың мазмұны, объектілері мен субъектілері. Мемлекеттік билікті жүзеге асырудың тәсілдері мен түрлері. «Зорлық», «күштеу», «басып - жаншу», «мәжбүрлеу», «көндіру», «сендіру», «басшылық ету», «басқару», «үстемдік ету», «бағындыру» санаттарының арақатынастары.


Мемлекеттің қызметтері: ұғымы. Мемлекеттің қызметтерін саралау, оның негіздері. Мемлекеттің ішкі және сыртқы қызметтері. Қоғам өмірінің экономикалық саяси, әлеуметтік, рухани салаларында мемлекеттің атқаратын қызметтері. Мемлекет қызметтерінің байланыстылықтары мен өзара ықпалдасулары.

Мемлекеттің қызметтері және мемлекеттік аппарат. Мемлекеттің қызметтері және мемлекеттің мәні. Мемлдекеттің қызметтері және олардың салыстырмалы дербестігі. Мемлекеттің қызметтері және мемлекет пен қоғам дамуының тарихи өзіне ғана тән өзгешеліктері. Мемлекеттің іс - әрекеттерінің шегі. Қоғамның саяси жүйесі туралы ұғым және оның құрылымы. Саяси жүйедігі мемлекеттің алатын орны. Мемлекеттің саяси және қоғамдық қозғалыстардың, партиялардың, діни ұйымдар басқа да саяси құрылымдардың өзара әректтесуі мен ықпалдасулары.



Әдебиеттер:

  1. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Алматы: Жеті жарғы, 2003. – 480б.

  2. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.

  3. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.

  4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.

  5. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.

4 СЕМИНАР

МЕМЛЕКЕТ ТҰРПАТЫ (НЫСАНЫ)

Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік нысанының түрлерін, ерекшеліктерін ашып көрсету. Студенттердің мемлекеттің нысанын кесте арқылы түсіндіре алуына мүмкіндік жасау.

Жоспар:

  1. Мемлекет тұрпатының мәні мен түсінігі.

  2. Басқару тұрпаты және мемлекеттің құрылымдық тұрпаты.

  3. Монархия, республика және олардың түрлері. Унитарлық (біртұтас) мемлекет. Федерация: оның әдеттегі және айрықша, өзіне ғана тән белгілері (нышандары).

  4. Мемлекеттік құрылымдардың дәстүрден тыс тұрпаттары (конфедерация, одақ, достастық).

Әдістемелік нұсқау: Мемлекет және оның тұрпаттарының өзгеруіндегі сабақтастықты ашып көрсету қажет. Осы заманғы мемлекеттерді саралаудың теориялық жолдарын көрсетіңіз.


Мемлекеттің құрылысы, басқару нысандарын және сасяи режимді кесте түрінде түсіндіріңіз. ҚР құрылысының унитарлы екенін дәлелдеңіз.

Әдебиеттер:

  1. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Алматы: Жеті жарғы, Мемлекет және оның тұрпаттарының өзгеруіндегі сабақтастық. Осы заманғы мемлекеттерді саралаудың теориялық жолдары. 2003. – 480б.

  2. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.

  3. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.

  4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.

  5. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.

5 СЕМИНАР

МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ (МЕХАНИЗМ)

Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік аппарат ұғымына талдау жасай отырып, студенттердің мемлекеттік аппарат ұғымын, түрлерін жете меңгеруіне жағдай жасау. Мемлекеттік аппарат және мемлекеттік механизм ұғымдарының ара қатынасын түсінуге мүмкіндік жасау.

Жоспар:

  1. Мемлекеттік аппарат ұғымы.

  2. Мемлекеттік аппараттың құрылымы.

  3. Мемлекеттік орган ұғымы. Мемлекеттік органдардың саралануы.

  4. Мемлекеттік органдар жүйесі және биліктің бөлінісі.

Әдістемелік нұсқау:


Мемлекеттің қызметтері және мемлекеттік аппарат. Мемлекеттің қызметтері және мемлекеттің мәні. Мемлдекеттің қызметтері және олардың салыстырмалы дербестігі. Мемлекеттің қызметтері және мемлекет пен қоғам дамуының тарихи өзіне ғана тән өзгешеліктері. Мемлекеттің іс - әрекеттерінің шегі. Қоғамның саяси жүйесі туралы ұғым және оның құрылымы. Саяси жүйедігі мемлекеттің алатын орны. Мемлекеттің саяси және қоғамдық қозғалыстардың, партиялардың, діни ұйымдар басқа да саяси құрылымдардың өзара әректтесуі мен ықпалдасулары.

Әдебиеттер:

  1. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Алматы: Жеті жарғы, 2003. – 480б.

  2. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.

  3. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.

  4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.

  5. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.

6 СЕМИНАР

МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИПОЛОГИЯСЫ

Сабақтың мақсаты: Мемлекеттің типтерге бөліну принциптері туралы алынған білімді ары қарай бекіту.

Жоспар:

  1. Мемлекеттің типологиясы: ұғымы.

  2. Мемлекеттің типологиясын саралау, оның негіздері.

  3. Қоғамның саяси жүйесі туралы ұғым және оның құрылымы.

Әдістемелік нұсқау: Мемлекет қызметтерінің байланыстылықтары мен өзара ықпалдасулары. Мемлекеттік өркениет ұғымы. Өркениет бойынша мемлекетті типтерге бөлу: артта қалған, дамушы, дамыған т.с.с. Мемлекетті қоғамдық формация арқылы типтерге бөлу: құлдық, феодалдық, каиталистік, социалистік т.б.


Әдебиеттер:

  1. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Алматы: Жеті жарғы, 2003. – 480б.

  2. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.

  3. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.

  4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.

  5. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.

7 СЕМИНАР

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ

Сабақтың мақсаты: Студенттерге алған білімдері негізінде азаматтық қоғам және құқықтық мемлекеттің ара қатынасын ажырата алуға мүмкіндік жасау.

Жоспар:

  1. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет түсінігі және белгілері (нышандары), негізгі принциптері.

  2. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері.

  3. Билікті бөлудің тәртібі, тепе – теңдік және тежемелік жүйенің – құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері ретінде қарастырылуы.

  4. Қазақстан Республикасын құқықтық мемлекет ретінде қалыптастырудың теориясы және практикасы.

Әдістемелік нұсқау: Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы ой – пікірдің шығуы, дамуы және олардың авторларына мән беріңіз. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекеттің белгілерін салыстырыңыз.

Әдебиеттер:

  1. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Алматы: Жеті жарғы, 2003. – 480б.

  2. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.

  3. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.

  4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.

  5. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.

8 СЕМИНАР. ҚҰҚЫҚ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ

Сабақтың мақсаты: Студенттердің құқық ұғымын айта отырып, оның шығу теорияларын, белгілерін, қызметтерін өзіндік көзқарастарымен жеткізе білуін қамтамасыз ету.

Жоспар:

  1. Құқықтың пайда болуының қысқаша тарихы.

  2. Құқықтың қаңдылық анықтамасы.

  3. Құқықтың мәні.

  4. Құқықтың әртүрлілігі.

  5. Құқықтың типтері.

  6. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын рөлі.

Әдістемелік нұсқау: Құқыққа анықтама берудің проблемалары. Құқықтың жалпы әлеуметтік және заңдық мағынасы. Құқықтың объективтік және субъективтік сипаты.

Құқық мәнінің сипаттамасы. Құқықтың нормативтілігі, жүйелілігі, жария түрдегі айқындылығы. Құқықтың табиғи жаратылысы мен мәнін айқындайтын әлеуметтік – экономикалық, саяси, идеологиялық, өнегелік (моральдық), ізгіліктік, рухани, діни қозғаушы кұштер.

Құқық – қоғамдық дамудың қозғаушы күші. Құқықтың мәнін түсіндіретін сипаттар. Объективтік құқық және субъективтік құқық. Құқықты түсіндірудің қазіргі кездегі ғылыми тәсілдері. Құқық – нормалар жиынтығы ретінде; құқық – құқықтық қатынас ретінде; құқық – құқықтық сана ретінде. Құқық идеясы. Құқық аясы (шеңбері).

Құқық анықамасы. Құқық туралы марксистік, психологиялық, нормативтік, табиғи – құқықтық, әлеуметтік, синергетикалық негізгі көзқарастар.

Құқық типтері: ұғымы. Құқық сипаттамасының формациялық және өркениеттік типтік белгілері.

Қоғамның нормативтік жүйесі. Әлеуметтік және техникалық нормалар. Әлеуметтік нормалар туралы ұғым және оларды саралау. Қоғамның әлеуметтік нормалары жүесінде құқықтық нормалардың алатын орны. Құқық және ізгілік пен өнегенің (моральдың) нормативтік жаратылысының табиғаты. Құқық пен ізгілік, өнеге (мораль) нормаларының жалпы және ерекше сипаттары.Ққық пен ізгілік, өнегенің өзара әрекеттесулері. Құқық пен ізгілік, өнегедегі тиым салу, бостандық , теңдік, әділдік идеяларының көрініс табуы. Құқық нормаларын ізгіліктендірудің (гуманизациялаудың) келелі мәселелері.



Әдебиеттер:

  1. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.

  2. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Егемен Қазақстанның құқы. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 2000. – 266 б.

  3. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы: Жеті жарғы, 2000. - 256 б.

  4. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2004. – 248 б.

  5. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 624 б.

9 СЕМИНАР

ҚҰҚЫҚ НОРМАСЫ

Сабақтың мақсаты: Студенттерге алған білімдері негізінде құқық нормаларының жіктеуге және құқық нормаларын талқылай алуға мүмкіндік жасау.

Жоспар:

  1. Құқықтың нормативтік сипаты.

  2. Құқық нормасы туралы ұғым.

  3. Құқық нормаларын саралау.

  4. Құқық нормаларын саралаудың қажеттілігі, оның практикалық және ғылыми маңыздылығы..

Әдістемелік нұсқау: Құқық нормасының логикалық құрылымы. Құқық нормасының құрамдық бөлшектерінің байланыстықтарына мән берілу керек. Құқық нормаларының талқылауына көңіл бөліңіз.

Әдебиеттер:

  1. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Алматы: Жеті жарғы, 2003. – 480б.

  2. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.

  3. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.

  4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.

  5. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.

10 СЕМИНАР

ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Сабақтың мақсаты: Студенттерге игерген білімдері негізінде құқық шығармашылығының сатыларын меңгеруді үйрету.

Жоспар:

  1. Құқық шығармашылығы туралы ұғым.

  2. Құқық шығармашылығының субъектілері.

  3. Құқық шығармашылығының нысандары.

  4. Құқық шығармашылығы сатылары.

  5. Заң шығармашылығы жорлдары (заң жасаудың жөн – жобасы мен жолы) туралы ұғым және оның принциптері.

Әдістемелік нұсқау: Құқық шығармашылығы және құқықтың жасалу процессі туралы мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажет. Заңи бастама. Заңның қабылдану, өзгеру, толықтырылу тәртіптеріне мән беріңіз.

Әдебиеттер:

  1. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Алматы: Жеті жарғы, 2003. – 480б.

  2. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.

  3. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.

  4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.

  5. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.

11 СЕМИНАР

ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Сабақтың мақсаты: Студенттердің құқықтық қатынастарға түсе алуға, қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуін білуді үйрету.

Жоспар:

  1. Құқықтық қатынастар ұғымы.

  2. Құқықтық қатынастар және құқық нормасы.

  3. Құқықтық қатынастар құрамы.

  4. Құқықсубъектілік ұғымы.

  5. Құқықтық қатынастардың мазмұны.

  6. Заңи айғақтар және нақтыланған құрам.

Әдістемелік нұсқау: Құқықтық қатынастарды саралау негіздеріне мән беру. Субъективтік құқық және мүдде. Құқықсубъектілік ұғымын терең талдап, ол ұғымның құқық субъектісінен айырмашылығын біліңіз. Құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру, тоқтатылу негіздерін меңгеріңіз. Әдебиеттер:

  1. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Алматы: Жеті жарғы, 2003. – 480б.

  2. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.

  3. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.

  4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.

  5. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.

12 СЕМИНАР

ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ. ҚҰҚЫҚТЫ ТҮСІНДІРУ.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге алған білімдері негізінде құқықты жүзеге асыру мен түсіндірудегі заңдылық тәртіптерді меңгерулеріне мүмкіндік жасау.

Жоспар:

  1. Құқықты жүзеге асыру ұғымы.

  2. Құқықты жүзеге асырудың нысандары.

  3. Құқықты қолдану – құқықты жүзеге асырудың ерекше нысаны. Құқықты қолдану субъектілері және оларға қойылатын талаптар.

  4. Құқық қолданудағы қызмет әрекеттерінің түрлері.

  5. Құқықты түсіндіру ұғымы және оның мақсаты.

  6. Құқық нормаларын пайымдау және түсіндірмелеу.

  7. Құқықты түсіндірмелейтін субъектілер.

  8. Құқықты түсіндірудің тәсілдері.

Әдістемелік нұсқау: Құқықты жүзеге асыру – процесс және нәтиже ретінде дәлелдеу. Құқық қолдану актілерінің орындалу барысында кездесетін жағдайларды ескеру қажет. Құқықты түсіндіру актілері, олардың нормативтік құқықтық актілер мен құқық қолдану актілерінен айырмашылықтарына мән беріңіз.

Әдебиеттер:

  1. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Алматы: Жеті жарғы, 2003. – 480б.

  2. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.

  3. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.

  4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.

  5. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.

13 СЕМИНАР

ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ

Сабақтың мақсаты: Студенттерге алған білімдері негізінде құқықтық мәдениетті қалыптастырып, дамыта алуға үйрету.

Жоспар:

  1. Құқықтық сана ұғымы.

  2. Қоғамның құқықтық санасы. Дербес адамның және топтамалық құқықтық сана. Кәсіби құқықтық сана. Құқықтық сана және ұлттыққ менталитет.

  3. Құқықты жүзеге асыруда және құқық шығармашылығында құқықтық сананың алатын орны және атқаратын рөлі.

  4. Құқықтық мәдениет түсінігі.

  5. Құқықтық тәрбие. Құқықтық нигилизм түсінігі.

Әдістемелік нұсқау: Құқықтық санадағы сабақтастыққа көңіл бөліңіз. Құқықтық нигилизм мен құқықтық көпірмешілікті болдырмау, оны жеңудің жолдарын қарастырыңыз. Дәріс сұрақтары мен тапсырмаларын қолданыңыз.

Әдебиеттер:

  1. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Алматы: Жеті жарғы, 2003. – 480б.

  2. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.

  3. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.

  4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.

  5. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.

14 СЕМИНАР

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Сабақтың мақсаты: Студенттерге алған білімдері негізінде құқық бұзушылықтың себептерін анықтап, оны болдырмаудың алдын алу жолдарын қарастыруға талпындыру.

Жоспар:

  1. Құқықтық мінез – құлық. Құқыққа сай жүріс – тұрыс ұғымы және оның жаратылысы.

  2. Құқыққа сай жүріс – тұрыстың түрлері.

  3. Құқық бұзушылық ұғымы және оның белгілері.

  4. Құқық бұзушылықтың құрамы, түрлері.

  5. Заң алдындағы жауаптылық ұғымы және оның белгі нышандары. Заң алдындағы жауаптылық қағидалары.

  6. Кінәсіздік болжамы (презумпциясы). Заң алдындағы жауаптылық түрлері.

Әдістемелік нұсқау: Заңдылықты қамтамасыз етудегі және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы заң алдындағы жауаптылықтың маңызына мән берілу керек.

Әдебиеттер:

  1. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Алматы: Жеті жарғы, 2003. – 480б.

  2. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.

  3. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.

  4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.

  5. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.



Құқық нормасы - бұл мемлекетпен танылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған жүріс-тұрыс ережелері, олардан қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туындайды.




Құқық нормасына тән белгілер:

  • мемлекетпен белгіленеді немесе санкцияланады;

  • субъектінің мүмкін болатын және рұқсат етілген тәртібінің жалпыга міндетті шектерін айқындайды;

  • ұсынушы міндеттеуші сипатқа ие:

  • қажетті жағдайларда

  • олардың жүзеге асырылуы мәжбүрлі мемлекеттік шаралармен қамтамасыз етіледі:

-типтік қоғамдық қатынастардың мемлекеттік реттеушісі болып табылады.








Құқық нормасының құрылымы



Гипотеза

(болжау)

Санкция

(өтем)







бұл норма бұзылған жағдайда қолданылатын мемлекеттік , әсер ету шараларын белгілейтін норманың бір бөлігі





Бұл тиісті норманың қандан жағдайларда әрекет ететіндігін көрсететін норманың бір бөлігі, субъектілер аясын, олардың құқықтары мен міндеттерін анықтайды.

бұл құқықтар мен

міндеттерді қалыптастыратын норманың бір бөлігі. жүріс-тұрыс, тәртіп ережесі






Құқық нормаларын жүзеге асыру – олардың ережелерінің адамдардың нақты жүріс – тұрысында көрініс табуы.




Жүзеге асыру

-бұл әрекет етуші құқықпен тыйым салынған іс-әрекеттен тартыну


Сақтау



-бұл заңдық міндеттерді орындау бойынша белсенді іс-әрекеттер жасау

Орындау




-бұл субьективтік құқықтарды жүзеге асыру,соның көмегімен тұлға өзінің жеке мүдесін қанағаттандырады

Пайдалану




-бұл нақты заңды істі шешуге жөніндегі құзіретті органның биліктік қызметі,соның нәтижесінде тиісті жеке акт шығарылады.

Қолдану








МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет