§43. Жаттығулар.
1. Gen.sing. қойып, негізін табыңыз:
Abdomen, semen, nomen, foramen, genus, tempus, crus, sulfur, femur, stroma, systema, rete, calcar, caput, occiput, hepar, corpus, zygoma, ren, lien.
2. Аударыңыз:
тесік (дөнгелек, овалдық, үлкен, шүйделік,емізік тәрізді, қылқaнды); аякша (оң, сол, латеральді, қысқа, ұзын, қарапайым, жалпы, алдыңғы); бас (ұзын, қысқа, терең, көлденең)
3. Аударыңыз:
Glomus caroticum, ren accessorius, systema lymphaticum, sinus occipitalis durae matris, cavitas abdominis, glomus pulmonale, caput superius musculi pterygoidei, pancreas accessosium, foramen palatinum majus, cavitas oris propria, foramen venae cavae, diaphragma oris, corpus mandibulae, musculus rectus capitis posterior major.
4. Аударыңыз:
Беткейлі лимфалық тамыр, трапеция тәрізді дененің артқы ядросы, ішкі ұйқы артерия, жүректің негізі, жүректің ұшы, өкпенің түбірі, жатырдың қуысы, бүйректің түбегі, қалқанша шеміршек, бауырдың сол бөлігі, көмекейдің қарыншасы, ұйқы безінің капсуласы, тіл астылық сүйегіңің денесі, тілдің түбірі.
5. 3-ші септеу зат есім негізінен сын есімді құрастырыңыз:
а) -al, -ar жұрнақтар арқылы ІІ топ сын есімдер: өкпелік, төбелік, ұштық, төстік, маңдайлық, ауыздық, қыртыстық, самайлық, мойындық, тістік, бүйректік.
b) -e(us) жұрнақ арқылы 1 топ сын есімдер: шеміршектік, құйымшақтық, жұтқыншақтық, көмекейлік.
c) -ic(us) жұрнақ арқылы 1 топ сын есімдер: ұршықтық, асқазандық, кеуделік, бауырлық, несеп ағарлық, бетсүйектік.
§44 Лексикалық минимум.
abdomen,inis n іш, қарын
caput,itis n бас
corpus,oris n дене
diaphragma,atis n диафрагма
femur,oris n сан
foramen,inis n тесік
crus,cruris n сирақ
hepar,atis n бауыр
occiput,itis n шүйде
tempus,oris n самай, уақыт
|
pectus,oris n төс
zygoma,atis n бетсүйек
chiasma,atis n қиылысу
systema,atis жүйе
tegmen,inis n төбе
viscus,eris n ішек қарын
ережеге бағынбайтын зат есімдер
ren,renis m бүйрек
lien,enis m талақ
|
Достарыңызбен бөлісу: |