З. Б. Молдашева Латын тілі және медициналық


Медицина терминология негіздері



бет2/27
Дата09.01.2024
өлшемі0.79 Mb.
#488715
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Анатомиялық терминология оқу құрал

Медицина терминология негіздері.
Медициналық терминология - "жүйелердің жүйесі". Ол медицинаға байланысты бірнеше медициналық, медико-биологиялық т.б. ғылымдар мен білім салаларының терминологиялық жүйелерінен тұрады. Латын тілі терминологиясы негізгі үш жүйеден тұрады;
1. Анатомиялық және гистологиялық атаулар. Бүгінгі таңда белгілі анатомиялық және гистологиялық атаулар құрайды. Қазіргі Халықаралық анатомиялық атаулар (Nomina anatomica) 1955 жылы анатомдардың Халықаралық конгресінде қабылданды. Бүгінгі күнге дейін ол бір неше рет толықтырылып, өзгерістер еңгізілді. Латын тіліндегі анатомиялық және гистологиялық атауларды дұрыс және сауатты қолдану үшін, латын тілі пәнін мұқият оқып терминдерді дұрыс айта білуге үйрену, олардың грамматикалық формасы мен мағынасын жете түсініп, сөздіктің көмегімен және өз бетімен терминдерді латын тілінде жасай білу керек.
2. Клиникалық терминология ( грекше Klinike techne - науқастарға күтім). Оған әртүрлі клиникалық мамандардың және патологиялық анатомия мен патологиялық физиология сияқты ауруды зерттейтін пәндерінің терминдері жатады. Ол ең алдымен терапия терминдері (грекше therapia -күту, емдей ) және хирургия терминдері (грекше cheir - қол+ ergon - жұмыс, әрекет) ауру аттары, патологиялық процесс пен жағдайлар, ауру белгілері, операция атаулары, зерттеу әдісі мен емдеу, медициналық приборлар, құрал - жабдықтар т.б. Клиникалық терапия- ол сөздердің дәрістерінде (лекцияларында) ауруларды зерттеу, ауру тарихын жазу барысында, оқулықтар мен анықтамаларда кездестіріп, жұмыс жасайтын мыңдаған атаулар. Медициналық терминология жүйесінде латын тілін қолдану шарт емес. Клиникалық терминдерді қолдану барысында аурудың қазақ тіліндегі атауларымен қатар олардың латынша баламалары қолданылады: Жарық(hernia), сынық (fractura), қатерлі ісік (carcinoma) т.б. Сонымен қатар клиникалық терминологияда арнайы латын терминдерді баламасыз қолданылады: мыс.: Status thyphosus, status praesens т.б.. Көне грек тілінің сөзжасамын білу - клиникалық терминологияны курсын оқу барыcында танысасыздар.
3. Фармацевтикалық терминология. Бұл дәрілік өсімдік және дәрі - дәрмектер атаулары. Тек біздің елімізде қолданылатын дәрі - дәрмектер арсеналы мыңдаған атаулардан тұрады. Ол -дәрілік өсімдіктер, олардың құрамы және органикалық, неорганикалық химиялық заттар (оның қатарына синтетикалық және жартылай синтетикалықтар да жатады). Латын тіліндегі атаулардың сөздік құрамы, айтылуы мен жазылуы да дәрі - дәрмектің құрамы, дайындау әдісі туралы деректер білдіреді.
Көптеген афоризмдер көне грек, рим жасушалары, философтары мен саяси кайраткерлерінің қанатты сөздері Сонымен қатар жаңа дәуір ғылымдарының да латын тілінде афоризмдерінің маңызы жоғары.Кейбір латын афоризмдері өмір мен өлім, аурудың денсаулығы, дәрігердің әрекеті немесе медициналық деонтология заңдылықтары (грекше deontos дұрыс, керекті + logos білім ) Мысалы: Salus aegroti suprema lex - аурудың игілігі дәрігердің құдыретті заң. Noli nocere - зиян келтірме.

Фонетика.


Тақырыбы: Кіріспе. Латын тілі алфавиті. Фонетика.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет