З. Б. Молдашева Латын тілі және медициналық


Анатомиялық терминдер. Зат есім



бет6/27
Дата09.01.2024
өлшемі0.79 Mb.
#488715
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Анатомиялық терминология оқу құрал

Анатомиялық терминдер. Зат есім.
Тақырып: Анатомиялық терминдердің құрылуы. Зат есім. Грамматикалық категориялар. Сөздік түрі. Септеу және негіз туралы жалпы мәлімет. Қиыспаған анықтауыш.
§7. Зат есім (nomen substаntivum) Зат есімнің грамматикалық категориялары. Сөздік түрі.
Латын зат есімдер үш род түрге бөлінеді: мужской, женский, средний род:
genus masculinum (m), genus femininum (f), genus neutrum(n). Латын тілде 6 септік бар, бірақ анатомиялық терминдерді құрастыру үшін 2 септік керек болады: Атау септік -Nominativus (Nom.), Ілік септік -Genetivus (Gen). Екі сан түрі: жекеше және көпше түрі -singularis (sing), pluralis(pl).
Сөздікте зат есім сөздік түрде жазылады. Сөздік түрі 3 компоненттен тұрады: 1. зат есім атау септік жекеше түрінде жазылады, 2. үтірден кейін ілік септіктің жалғауы жазылады; 3.родтың белгісі бір әріппен белгіленеді. Зат есімдер Ілік септік жалғау арқылы 5 септеуге бөлінеді:
Gen.sing. жалғауы септеу
-ae I
-i II
-is ІII
-us IY
-ei Y


§8. Жаттығулар
!. Зат есімдердің септеуін табыңыз:
costa,ae f; sulcus,i m; septum,i n; canalis,is m; pars,partis f; ductus,us m; cornu,us n; facies,ei f; paries,etis m; genu,us n; rete,is n; scapula, ae f; species,ei f; diaphragma,atis n; ostium,i n; foramen,inis n; musculus, i m; processus,us m; ligamentum,i n; thorax,icis m; cerebrum,i n; caput,itis n; dorsum,i n; maxilla,ae f; radius,i m.
2. Зат есімдерді ілік септікке қойыңыз:
septum sept- II
zygoma zygomat- III
clavicula clavicul- I
femur femor- III
manus man- IY
os oss- Y
massa mass- I
acromion acromi- II
genu gen- IY
axis ax- III
tuber tuber- III
superficies fuperfici- Y


§ 9. Зат есім негізін анықтау
Негіз дегеніміз лексикалық мағынасын сақтаған, жалғаусыз сөздің бөлігі. Зат есімнің негізін айыра білу, жекеше және көпше түріне қою, дұрыс туынды сөздер жасай білу үшін қажет. Зат есімнің практикалық негізін табу үшін зат есімнің жалғауын алып тастау қажет. Мыс:
зат есім негізі
arteria - arteri-
musculus - muscul-
brachium - brachi-
Бірақ, кейбір сөздердің негізі тек қана ілік септіктен табылады. Мыс.:corpus - corporis - corpor-, foramen - foraminis - foramin-, cancer - cancri - cancr-. Мүдай сөздерде сөздік түрі төмендегідей жазылады: corpus,oris n негізінің соңы ілік септіктің жалғауының алдында жазылады. Бір буынды сөздерде ілік септіктің түрі толық жазылады, мыс.: pars,partis f, dens,dentis m.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет