З. Б. Молдашева Латын тілі және медициналық



бет14/27
Дата09.01.2024
өлшемі0.79 Mb.
#488715
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
Анатомиялық терминология оқу құрал

3-ші септеу зат есімдері
Тақырып: 3-ші септеудің зат есімдері: род түрінің белгілері, негіздерінің сипаттамалары.
§33. 3-ші септеу зат есімдерінің түрін анықтау туралы жалпы мәліметтер.
1. 3-ші септеу зат есімдері үш род түрінде болады (mаsculinum,femininum,neutrum) Олардың Nom.sing. жалғаулары әртүрлі болу мүмкін. Бір род түрінің өзінде ғана оған тән 6 не одан да көп жалғаулар кездеседі. Мыс.:femininum род түріне келесі зат есімдер жатады: cartilago, radix, pars, regio, senectus; neutrum род түріне - foramen, rete, corpus, femur, animal, hepar т.б.
2. Кейбір жалғаулар зат есімдердің екі род түріне жатады. Мыс.: 3-ші септеудің Nom.sing. -us жалғауы бар зат есімдер neutrum немесе femininum род түріне жатуы мүмкін. Сондықтан, род түрін анықтау үшін зат есімдердің негізін білу қажет. Егер зат есімнің түбірі -r- әріпке аяқталса, онда ол neutrum род түріне жатады, ал егер -t- немесе -d- әріптерге аяқталса , femininum род түріне жатады.
-or- is corpus,oris n
-er- is viscus eris n
-ut- is senectus, utis f
-ud-is incus,udis f
3.3-ші септеудің -es- жалғауына аяқталатын зат есімдердің род түрін анықтау үшін тең буын немесе тең емес буын тәртібін еске түсіру қажет:
тең буында зат есімдер - auris,is f
тең емес буынды зат есімдер - paries,etis m
4. 3-ші септеу зат есімдерінің арасында род түрінің ерекше жағдайда болады. Мыс.: ереже бойынша -is жалғаулы зат есімдер -femininum род түріне жатады, бірақ canalis,is m өзек, sanguis,inis m қан - masculinum род түріне жатады, ереже бойынша -os жалғауға аяқталатын зат есімдер -masculinum род түріне жатады, бірақ os,ossis n сүйек, os, oris n ауыз -neutrum род түріне жатады.
NB! Ережеге бағынбайтын ерекше зат есімдерді сөздік түрде есте сақтаңыз.


§34.3-ші септеудің masculinum род түрінің зат есімдері.
Nom.sing. жалғаулары. -os -o -or -es -ex -er
Gen.sing. жалғаулары -or+is o/i+nis or+is t/d+is -ic+is r/er+is
§ 35.Жаттығулар.
1. Зат есімдердің Gen.sing. құрастырыңыз, олардың түбірін табығыз:
Pulmo, carbo, embryo, flos, tumor, humor, rubor, calor, dolor, doctor, tuber, sphincter, paries, apex, liquor, levator, buccinator, pollex, gaster, homo, pulmo, index.
2. Аударыңыз:
Apex cordis, tunica mucosa oris, paries mastoideus, paries lateralis, flos ruber, pulmo dexter, apex pulmonis dexter, facies pulmonis, lobus pulmonis superior, tuber frontale, dura mater spinalis, fissura horizontalis pulmonis dexter, apex ossis sacri, fundus gastricus, paries lateralis orbitae.
3. Род түріне назар аудара отырып, сын есімдері мен зат есімдерді қиыстырыңыз, әр терминді ілік септікке қойыңыз:
Қабырға(алдыңғы, емізік тәрізді), төмпешік(құйымшақтық, маңдайлық, төбелік), өкпе(сол, оң), сүйек (бүйірлік, бетсүйектік, ұзын, маңдайлық), бұлшықет (екі басты,қиғаш, көлденең).

4. Аударыңыз:


Үлкен бас мидің қыртысы, лимфатикалық түйіннің қыртысы, жүректің ұшы, тіл астылық сүйек, бас мидің жұмсақ қабығы, жүрекше, өкпенің мелиалдық беткейі, тілдің ұшы.
§36.Функция бойынша құралған бұлшықеттердің атаулары.-or-(-tor,-sor,-xor) жұрнақтар.
-or жұрнақ арқылы 3-ші септеуге жататын іс-қимыл білдіретін зат есімдер құрылады. Миология бөлімінде мұндай бұлшықет атаулары көп. Ол атаулар бұлшықеттің атқаратын қызметін көрсетеді. Етістік негізінің соңғы дауыссыз дыбысына байланысты er- жұрнағы жалғанған сөз мынандай болуы мүмкін: -tor, -sor немесе -xor Мысалы: rotator, tensor,flexor.
Функция бойынша құралған бұлшықеттердің атаулары екі сөзден тұрады: бірінші зат есім -musculus, екінші қосымша ретінде -or- немесе көбіне -er-жұрнағы жалғанған 3-ші септеудің masculinum род түрінің зат есімі (sphincter,eris; cremaster,eris) Бұл зат есімдердің септігі мен жекеше немесе көпше түрі сәйкес келеді. Мыс.Nominativus Genetivus
musculus supinator musculi supinatoris
musculus sphincter musculi sphincteris
Қазақ тіліне бұлшықеттердің қызметі бойынша атауы есімше ретінде, кейде зат есім, кейбір жағдайда сын есім ретінде аударылады. Мыс.: m.abductor - әкететін бұлшықет; m.levator - көтеретін бұлшықет; m.extensor - жазғыш бұлшықет; m.rotator - айналдырғыш бұлшықет.
Кейбір бұлшықеттердің атаулары аударылмайды, олар тек транскрипцияланады. Мыс.: m.pronator - пронатор, m.supinator - супинатор.
NB! Латын тіліндегі көп сөзден тұратын терминде бұлшықет қызметіне байланысты аталатын зат есім ілік септікке қойлады. Мыс.: musculus levator scapulae - жауырынды көтеретін бұлшықет(нені?), немесе сөзбе-сөз аударғанда: жауырынның көтергіш бұлшықеті
Келесі бұлшықеттердің қызметі бойынша атауларын есте сақтаңыз:
m.abductor әкететін бұлшықет
m.adductor әкелетін бұлшықет
m.buccinator ұрт бұлшықет
m.constrictor констриктор, қысатын бұлшықет
m.depressor төмен түсіретін бұлшықет
m..levator көтеретін бұлшықет
m.masseter шайнау бұлшықет
m.rotator айналдырғыш бұлшықет
m.tensor қатайтқыш бұлшықет
m.dilatator кеңейткіш бұлшықет
m.extensor жазғыш бұлшықет
m.flexor бүккіш бұлшықет
m.pronator пронатор
m.supinator супинатор
m.sphincter сфинктер
§37. Жаттығулар
1. Латын және қазақ терминдерінің грамматикалық құрылымының өзгешелігіне көңіл аударыңыз:
Musculus tensor fasciae latae, musculus levator (scapulae, palpebrae), musculus rotator thoracis, musculus constrictor pharyngis medius, musculus extensor indicis, musculus abductor digiti minimi.
2. Аударыңыз:
Жұтқыншақтың төменгі констрикторы. жауырынның көтергіш бұлшықеті, мойынның айналдырғыш бұлшықеті, аяқтың әкететін бұлшықет, шынашақтың әкелетін бұлшықеті, таңдай передесінің қатайтқыш бұлшықеті, ұрт бұлшықет, жұтқыншақтың ортаңғы қысатын бұлшықеті, ауыз бұрышын түсіретін бұлшықет, мойынның айналдырғыш бұлшықеті,қабақты түсіретін бұлшықет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет