З. Б. Молдашева Латын тілі және медициналық


§15. Сын есімдерінің топтары



бет9/27
Дата09.01.2024
өлшемі0.79 Mb.
#488715
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Анатомиялық терминология оқу құрал

§15. Сын есімдерінің топтары.
Атау септік жалғау арқылы сын есімдер екі топқа бөлінеді.
І топ ІІ топ
Nom.sing. longus, a, um lateralis, e
Род түрі m f n m,f n
ǀ ǀ ǀ ^
септеу II I II III
Gen.sing. i ae i is(m,f,n)
§16. Сын есімнің жұрнақтары.
Латын сын есімдерінің көбісі зат есімнен жұрнақ арқылы құралған.
Сөздің құрамы:
Негіз + al (ar) жұрнақ + is,e жалғау
Мыс.: sacr+al+is,e
-al-, -ar- - жүрнақтар дене мүшеге тиістілігің көрсетеді.
-id- - жұрнақтың мағынасы " ұқсасты" "тәрізді" . Мыс.: pterygoideus,a,um қанат тәрізді. sphenoidalis,e сына тәрізді.
§17.Зат есімдерімен сын есімдерінің қиысуы.
Анықталатын зат есіммен анықтайтын сын есім род түрде, септікте, сан түрінде қиысады.
Мысалы: vertebra thoracica аталған терминнің vertebra зат есімі femininum род түрі,атау септік, жекеше түрінде. Соған сәйкес thoracicus ,a,um сөздік түрінен femininum род түрін таңдап аламыс - thoracica.
Біріншеден сөздердің ретін белгілеп, сөздерге сұрақтар қойып, сепігін жазу керек. Сонан соң сөздерді сөздік түрінде жазу керек.Зат есімнің род түріне қарап сын есімнің род түрін белгілейміз
2Қандай?.Nom.s. 1не?Nom.s.
1. кеуделік омыртқа
vertebra,ae f
ǀ } vertebra thoracica
thoracicus, a, um
m f n
4Қандай?Gen.s .3Ненің?Gen.s 2Қандай?Nom.s 1Не?Nom.s
2.Қанат тәрізді өсіндінің медиальді табақшасы
lamina, ae f \
medialis,e \
processus,us m / lamina medialis processus pterygoidei
pterygoideus,a,um (Gen.s. m-i) /


§18. Жаттығулар.
1. Терминдерді алгоритм бойынша латын тіліне аударыңыз:
Көлденең (жүлге, жалғама, сызық), омыртқалық(канал, тілік, тесік), емізік тәрізді(өсінді, бөлік), веноздық қуыс, таңдайлық (өсінді, сүйек, жүлге), маңдайлық (бұрыш, тігіс, төмпек)
2. Алгоритм бойынша терминдерді аударыңыз:
Кеуделік жалғама, ішкі капсула, қылқынды тесік, төбелік бөлік, беткейлі көктамыр, оргаңғы самайлық артерия, тастақты тармақ, көлденең таңдайлық тігіс, мойындық лимфалық түйін, оң жауырын, терең көктамыр, беткейлік көктамыр, қылқынды өсінді.
Мұрынның сүйектік пердесі, сол жақ белдік тұлға, жоғарғы жақтың таңдайлық өсіндісі, омыртқаның буындық өсіндісі, бойлық тістік табақша, тілдің ортаңғы жүлгесі.
3. Латын тілінен аударыңыз:
Ramus dexter venae portae, arteria sacralis mediana, fovea аrticularis processus articularis, ligamentum transversum atlantis, arcus ductus thoracici, facies articularis cuboidea.
4. Ереже бойынша аударыңыз:
Омыртқалық жотасының жалғамасы, маңдайлық қуысының апертурасы, қалқанша безінің фиброздық капсуласы, көз жас безінің шұңқыры, тастақты жүйкесінің(нервтің) жүлгесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет