З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы



Pdf көрінісі
бет72/76
Дата21.12.2022
өлшемі1.84 Mb.
#467682
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Алканова Пед этика негіздері

Өзін-өзі ұстау - адамның өз іс-əрекетінің шырқын бұзатын, эмоциялық 
саласына ықпалы болатын жағдаяттарда өз қарекетін жүзеге асыруға 
қабілеттілігі. 
Өнеге - ұлағатты адамдардың, қарттардың жастарға көрсеткен үлгісі; 
айтқан насихаты. 
Педагогикалық ар-намыс - бұл педагогикада мұғалімнің өз 
маңыздылығын түсініп қана қою емес, сонымен қатар оның қоғаммен 
танылуы жəне моральдік сипаты мен сіңірген еңбегіне деген қоғамның 
құрметі деген түсінікті білдіреді. Мұғалімнің ар-намысы – оның кəсіби 
борышын орындау барысында көрінетін нақты кəсіби ар-намысына қоғамдық 
баға беру. 
Педагогикалық əдепті оқыту - тəрбиелеумен кəсіби түрде 
айналысатын адамдар арасындағы жəне кəсіби ортадағы адамгершілік 
қатынастар мен мұғалімнің адамгершілік қызметтерін жəне мұғалімдер 
ортасында қалыптасқан өзгеше тəртіп пен мінез –құлық т.б. зерттейді.
Педагогикалық əділдік - адамдардың адамгершілік қасиеті мен 
олардың қоғамдық танымал болуы, құқықтары мен міндеттері арасындағы 
өзара сəйкестілік деуге болады; педагогикалық əділдіктің: мұғалімнің 
оқушылармен қарым-қатынасы барысында олардың тəртібін, қылығын, оқуға
деген көзқарас-құлшынысын, адамгершілік тəрбиелілік деңгейін анықтау мен 
бағалау барысындағы мұғалімнің обьективтілігі мен оның адамгершілігіне 
өзіндік баға беретін ерекше сипаты болады. 
Педагогикалық бедел - оның оқушылар мен мұғалімдер жəне 
əріптестер ұжымындағы моральдік статусы , бұл құрмет пен қошаметке ие 
болып жүрген беделді де, құрметті ұстаздың тəрбиеленушілердің тəртібі мен 
нанымдарына əсер ететін өзіндік тəртіп түрі. Педагогикалық бедел 
мұғалімнің осыған дейінгі алған моральдік-этикалық жəне психологиялық-
педагогикалық даярлығына байланысты. Оның деңгейі білімнің, 
зеректіктіктің, шеберліктің тереңдігімен жəне өз еңбегіне деген ерекше 
қатынасымен т.б. анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет