З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы


Жомарттық - басқаға жақсылық жасап, көмек көрсетуге пейілділік. Ізгілік пен зұлымдық



Pdf көрінісі
бет8/76
Дата21.12.2022
өлшемі1.84 Mb.
#467682
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76
Алканова Пед этика негіздері

Жомарттық - басқаға жақсылық жасап, көмек көрсетуге пейілділік.
Ізгілік пен зұлымдық этиканың негізгі категориялары. Ең абстрактілі 
деңгейде ізгілік пен зұлымдықты адамгершілік пен өнегесіздіктің баламасы 
деуге болады. Ізгілік арқылы адамдар өздерінің ортақ мүдделерін, талап-
тілектерін, болашақтан үмітін жүзеге асырады. Сонымен, ізгілік 
шапағатымен өмір гүлі өсіп, тамыр алса, зұлымдық өмірдің түбіріне балта 
шабады. Ізгілік категориясына барлық оң қылықтар жинақталған. 
Ар, намыс, ұят, абырой ұғымдарының бір-бірімен тығыз 
байланыстылығы соншалық, оларды бөліп-жарып қарастырудың өзі қиын. 
Неміс философы И. Канттың жүрек тебірентерлік мынадай жолдары бар: 
«Бұл əлемде өзінің шексіздігі мен ғаламаттылығы тұрғысынан адамды 
таңдандыратын тек екі нəрсе ғана бар: төбемдегі мəңгілік шексіз аспан жəне 
менің ішкі жан дүниемдегі адамгершілік заңы». Осындағы адамгершілік 


12
заңының жүзеге асуын қадағалаушы - ар мен ұят. Ұят - адамгершіліктің 
жемісі, сонымен қатар ардың қосшысы. Ұят жоқ жерде əдеп, инабаттылық 
жоқ. Ненің ұят жəне ненің ұят еместігі туралы түсініктердің барлық жерде 
əртүрлі екенін айта кету керек. Ұят - адамның өзінің қоршаған ортасында 
қалыптасқан ортақ нормаларға немесе қауымның өзінен күткен биіктеріне 
сай келмегендігін сезінуден туындайтын қолайсыздық күйі. Армен жəне 
намыспен салыстырғанда ұят ішкі, өзіңмен-өзің қалатын күй емес, 
басқалардың, қоршаған ортаның көзқарасымен анықталатын күй. Өйткені 
адам өзі жасаған келеңсіз əрекеті, қылығы үшін басқалардан еститін сөзді 
ойлап, олардың өзі туралы көзқарастарынын бұзылатындығын ойлап 
уайымдайды.
Намыс адамның жан дүниесі мен Отанының, отбасының, ұлтының, 
қоршаған орта мен қоғамының мəнін сезінуімен оянып, соның амандығы мен 
бүтіндігі үшін күресінен көрінетін көрініс. «Малым - жанымның садағасы, 
жаным - арымның садағасы» деген қағидадан көрініс тапқан, яғни ар-
иманның қадірін білумен айқындалатын намыстың бір түрі адамның адамдық 
келбетін айқындайтын асыл қасиеті. Адам өз бойындағы ең асыл құндылық 
иман, ар-ождан қазынасы екенін танып білгеннен кейін, оны қорғау, ұлғайту 
қамымен ғылым, білім іздеп еңбектенсе ол шын мəніндегі намысты тапқаны 
күмəнсіз. Өзін-өзі танудан бастау алған адамның рухани ізденісі оның 
қоршаған ортасын меңгеруіне ұласады.
Намыстың тағы бір көрінісі - қоғамдағы өз орнын белгілегеннен кейінгі 
қауым алдындағы өзінің адамдық борышы, халқына еңбек ету бағытындағы 
адамның отансүйгіштік сезімі. Бұл оның ұлттық құндылықтарын түйсінуінен, 
туған халқымен жақындығын сезініп, оның рухани мұраларына деген риясыз 
ықыласынан жəне туған елін қорғауға ұмтылысынан байқалады. Сондай-ақ 
отбасының мұң-мұқтажын қамтамасыз ету жəне оны қорғаумен байланысты
да намыс болады. Адам өзі қымбат деп білген нəрсесін неғұрлым қастерлеп, 
құрметтесе жəне оған сүйіспеншілік сезіммен қараса - бұл да намыстың 
белгісі. Демек, намыс адамға тəн асыл ізгі махаббат сезімімен тығыз 
байланысты. Махаббат намыстың 
сезімдік 
қайнары 
болса, 
намыс 
махаббаттың құндылықтық мəні, əрекеттік қыры. Намыс адамның жігерін 
жанып, ерлік пен тəуекелге жетелейтін, табандылығын арттырып, қажыр-
қайрат беретін қуат.
Абырой адамның өз іс-əрекеттерінің тиесілі адамгершілік 
мұраттарына сəйкес келетінінен пайда болатын өзіндік жетістік. Ар мен 
намыс арқылы адамның өз қылықтарына тиесілі парыз, міндетті бағалай 
білетіндігі көрінеді. Адамның парызы сияқты ары мен намысы да өзіндік, 
ешкімге тəуелсіз дүние.
Парыз адамның моральдық мұратқа байланысты қойылған 
талаптарды орындау кажеттілігі. Адамның парызы ізгілікке еру, өзі сияқты 
басқаларға мүмкіндігінше көмек көрсету, зұлымдыққа жол бермеу сияқты 
əрекеттерден құралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет