13
Бақыт - этиканың іргелі категориясы. Мəдениет
тарихында бақыт
мəселесімен айналысатын фелицитология деген пəн де болды. Фелицитарлық
шығармаларды атап өтер болсақ: Аристотельдің «Никомах этикасы»,
Сенеканың «Бақытты өмір жайында», Фома Аквинскийдің «Бақыт туралы
трактаты», Әулие Августиннің «Бақытты өмір сүру туралы», Әл-Фарабидің
«Бақыт жолына сілтеу» сияқты бақытқа арналған шығармалар қаншама көп
болса, бақытты түсіндіру де соншалық əртүрлі.
Біреулер бақыт дегеніміз
махаббат десе, енді біреулері бақыт жүзеге асқан мақсат деп біледі. Ғылымда
бақытқа мынадай төрт түсініктеме беріледі:
- бақыт дегеніміз - жолы болып, «жұлдызы жанғандық»;
- бақыт - қуаныш, лəззат жəне жан қызығы;
- бақыт дегеніміз - ең жоғары ізгілікке қол жеткізу;
- бақыт - өз-өзіңе, жалпы өмірге көңілі толған «төрт құбылаң түгелдік»
күйі.
Құндылықтар тұрғысынан алғанда, бақыт деп - адам өміріндегі
мейірімнің өлшемін айтамыз. Өйткені тек ізгілік
пен мейірім ғана адамды
қуанышқа бөлеп, шаттандырады.
Жүздесу - адами табиғаттың болмыстық алғышарты. Өйткені, адам
санасының өзі адамның бір-бірімен қарым-қатынас жасауының нəтижесінде
қалыптасты. Адам миының жемісі болып табылатын сана - мидың қос
жартышарларының сұхбатының нəтижесі. Ешбір адам бүкіл өмір бойы өзіне-
өзі ғана жеткілікті болып, басқа ешкімді қажет етпей өмір сүре алмайды [6].
Этикалық категориялардың өзіне ғана тəн бірқатар ерекшеліктері де
бар:
Біріншіден, олар адамдардың жүріс-тұрысымен,
олардың жақсылық
пен жамандық, борыш, абырой, əділдік туралы көзқарастарына сəйкес бip-
бipiнe, қоғамға, мемлекетке,
отбасына, ұжымға деген қатынасымен
байланысты əрекеттерін көрсетеді. Алайда, мұндай жағдайларда олар
əрқашан таза күйде көрініс таппауы да мүмкін, ceбeбi, кейбір кездерде олар
басқа ғылымдардың категорияларымен араласып кетеді де, сол
категориялардың адамгершілік аспектілерін ашып көрсетеді.
Екіншіден, этикалық категориялар бағалаушылық, аксиологиялық
сипатқа ие. Басқаша айтқанда, олардың барлығын жақсылық пен жамандық,
қайырымдылық пен зұлымдық
тұрғысынан бағалауға болады, ал олардың
өздері осы бағалаудың нысаны ретінде көрініс табуы мүмкін.
Үшіншіден, олар адамдардың жүріс-тұрыстары мен қарым-
қатынастарын
реттеу құралы болып табылады, қоғамның адамгершілік
талаптарын көрсетеді.
Төртіншіден, басқа да адамгершілік құрылымдар: қағидалар,
нормалар,
талаптар, ережелер этика категорияларының беделі мен
маңыздылығына, қоғамдық көзқарастың немесе жеке тұлғаның өзіндік
санасының күшіне негізделеді.
Бесіншіден,
этика
категорияларында
басқа
ғылымдардың
категориялары мен түсініктерімен салыстырғанда, қоғамдық қатынастардың
эмоционалдық жағы мейлінше кең көрініс табады.