З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы


«Мұғалім-оқушы-ата-ана» жүйесіндегі педагогикалық қарым-



Pdf көрінісі
бет36/76
Дата21.12.2022
өлшемі1.84 Mb.
#467682
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   76
Алканова Пед этика негіздері

«Мұғалім-оқушы-ата-ана» жүйесіндегі педагогикалық қарым-
қатынастың нормалары
«Мұғалім-
оқушы-ата-ана» 
жүйесіндегі 
педагогикалық 
қарым-
қатынастың 
нормаларын іске 
асыруда:
Педагог кəсібіне байланысты тақырыптар бойынша 
ата-аналармен қарым-қатынас орнату үшін əрқашанда 
ашық болуы керек.
Педагог оқушылардың ата-аналарына (заңды өкілдері) 
құрметпен қарайды жəне мейірімді қарым-қатынас 
орнатады.
Педагог 
оқушылардың 
ата-аналарына 
(заңды 
өкілдеріне) олардың білімдеріне қатысты кеңес береді. 
Педагог баланың өзінің ата-анасы туралы немесе ата-
анасының өзінің баласы туралы айтқан құпия 
ақпараттарын жарияламайды. 
Педагог пен ата-ана арасындағы қарым-қатынас 
тұлғаны бағалау жəне баланың жетістіктерін келісу 
негізінде құрылады. 
Ата-анамен білім беру ұйымына көрсетілген қолдау 
педагогтың оқушыға деген қарым-қатынастарына жəне 
оқушының бағасына əсер етпейді. 
Мұғалімдер (сынып жетекшілері) өз жұмысын ең алдымен 
оқушыларды, олардың арасындағы қарым-қатынастарды, оқушылардың 
отбасын зерттеу арқылы бастайды. Зерттеу барысында сынып 
оқушыларының тəрбиелік дəрежесі анықталады. Соған байланысты 
тəрбиелік мақсат пен міндеттер айқындалады. Белгіленген мақсатқа сəйкес 
тəрбие жоспары жасалады: жоспар ол ұжымдық еңбектің белгісі, сынып 
жетекшісі өз жоспарын жасағанда сыныбының ерекшеліктерін (жас 
ерекшеліктері, тəрбиелік дəрежесі, қызығушылығы), өзінің қабілетін 
ескергені жөн. 
Мұғалім мен оқушылар ата-аналардың арасында қалыптасатын қарым-
қатынас стилі шешуші рөлге ие болады. Мұғалім мен ата-ананың қарым-
қатынасында бастауыш рөлді педагог атқарады. Мұғалім ата-аналармен 
жұмыс істей жүріп балаға оның қылықтарын, оқудағы табыстары мен 
ұтылыстарына, өз міндеттеріне, көзқарасына тағы басқаларға баға беріп 
отырады. Мұғалімнің ата-аналармен өзара түсінісуі жайы оның дұрыс жəне 
бұрыс бағаларды беру дəрежесіне байланысты. Бұл жерде педагог үнемі 
мына жайды есте ұстауға тиіс: əр жолы баланың жеке басына емес, оның 
нақты қылығына баға беруі керек, міндетті түрде ата-аналармен бірлесе 
отырып əрбір жағдайдан шығудың, оны түзеудің жолдарын табуы қажет. 
Екіншіден, мұғалім балаға теріс баға беру арқылы еріксізден-еріксіз ата-анаға 


57
да баға береді. Оның үстіне ата-анаға əрі əке-шеше, əрі тəрбиеші ретінде баға 
беріледі. Мұғалімнің балаға жəне ата-аналардың тəрбиелік ықпалына дұрыс 
талап қойып, дұрыс баға беруі педагогикалық тұрғыдан мақсатты, əділетті 
түрде болуға тиіс. Сонда ғана педагог пен ата-аналардың арасында дұрыс 
қарым-қатынасқа қол жететін болады. Педагогикалық тұрғыдан дұрыс 
қарым-қатынас орнату үшін мұғалім мен ата-ана тəрбие мақсаттары мен 
міндеттерін бірдей дəрежеде түсінуі, балалардың дамуына бірдей көзқараста 
болуы, əр баланың дамуының перспективалары мен қиындықтарын көре 
білуі қажет. Оқушының əкесімен, не шешесімен қысқа əңгіме кезінде 
мұғалімнің балаға наразылығын дұрыс бағытта жеткізе білуі керек. 
Мұғалімнің бұл ойы түсінікті, ата-ана назарын бірден тəрбие ісіндегі ең 
басты, ең қиын жағдайға аудармақ болады. Ал ата-ана болса мұндай 
кездесуден жақсы, ғибратты жаңалық ала алмайды, олар: «Мұғалімнің өзін 
кінəлап, менің ұлымның (немесе қызымның) бойындағы жақсы жақтарын, 
ширақтығын, жаңалыққа құштарлығын, жолдастарына жақын тұратын 
қалайша байқамайды екен» - деп ойлайды. Осыдан келіп дұрыс қарым-
қатынас орнамайды, ата-ана мұғалімге сенімсіздікпен қарайды. Әсіресе 
үлгермейтін жəне тəртіпсіз оқушылардың ата-аналарының жағдайы қиын. 
Іскерлікпен əңгімелесудің орнына мұғалім барлық ата-ананың көзінше 
əлгіндей оқушы туралы ашуланып айтып береді, оны күлкіге айналдырады. 
Ал ол баланың ата-анасы болса ұялып, өкініп, реніш үстінде келесі жолы 
мектепке келмеуге бел байлайды. Сондықтан да мектепте тəртібі мен 
үлгерімі жақсы оқушылардың ата-аналарының үй ішін əлекке салатын 
балалардың ата-аналарынан гөрі жиірек жəне ықыластана келетініне 
таңдануға болмайды.
Сондықтан да педагог та, ата-ана да əрбір оқушыға оның бойында одан 
əрі дамытуға болатын жақсы жақтарына деген оптимистік сеніммен қарауға 
тиіс. Баланың өз күшіне сенуіне көмектесу - мұғалім мен ата-ананың міндеті. 
Өзіне өзінің сенуі оқушыны тəрбие субъектісіне айналдырады, ол біртіндеп 
өзінің алдына əртүрлі міндеттер қойып оны шешудің жолдарын іздеп 
табатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет