З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы


Көпмəдениетті білім беру міндеттері



Pdf көрінісі
бет39/76
Дата21.12.2022
өлшемі1.84 Mb.
#467682
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   76
Алканова Пед этика негіздері

Көпмəдениетті білім беру міндеттері
Көпмәдениеттi білім беру -
жалпы 
білім 
берудің 
этносаралық
интеграцияға 
бағытталған, мəдени-білім 
құндылықтарын 
игерудегі 
тəрбие 
жұмысының 
ең 
маңызды 
факторларының 
құрылымы
Оқушылардың 
өзге 
мəдениеттерге 
кірігудің міндетті түрдегі шарты ретінде 
өз халқының мəдениетін терең де жан-
жақты меңгереді.
Оқушыларда адамзат прогресіне ықпал 
ететін жəне тұлғаның өзіндік іске асыру 
шарттарына жауапты əлемдегі жəне 
Қазақстандағы мəдениеттің көптүрлілігі 
туралы түсінік қалыптастырады.
Оқушыларды 
басқа 
халықтардың 
мəдениетіне кіріктіру үшін жағдайлар 
жасау. 
Өзге мəдениет өкілдерімен өзара тиімді 
іс-əрекет етудің біліктері мен дағдыларын 
қалыптастыру жəне дамыту.
Оқушыларды бейбітшілік, төзімділік, 
гумандық, ұлтаралық қатынас рухында 
тəрбиелеу. 
Этнотолеранттылықты дамыту.
Оқушыларда ұлттық өзіндік сана, өз 
халқының
тарихына 
қызығушылық 
сезімін қалыптастыру.
Оқушы 
тұлғасының 
қазақстандық 
мəдениетке қатысты саналы, жағымды 
құндылықты бағдарларын қалыптастыру.
Тұлғаның өзге мəдениет элементтерімен 
өзара іс-əрекет үшін негіз болатын 
этнопедагогикалық ортаны пайдалану.
Оқушылардың тұлғалық, мəдени өзіндік 
анықталу қабілеттерін қалыптастыру. 
Көпмəдениеттi тұлға, ең алдымен, тұтас дүниетанымға ие болуы 
қажет. Бұл мұндай тұлғаның дүниедегi, əлеуметтiк орта мен мəдениеттегi 
байланыстары мен қатынастарының күрделi, өзара байланысты жəне өзара 
астарлас сипатын көрсетуге мүмкiндiк беретiн бiлiмi мен бiлiгiнiң жүйеге 
қалыптасқанын бiлдiредi. Тұтастық - жоғары дамыған жəне тиiмдi 
оңтайланған дүниетанымның өлшемi. 
Мəдениеттің де басты қызметі - этносты қорғау, сақтап қалу. Себебі 
мəдениет - этностың қуат өрісі, панасы, бар болмысы, тыныс-тіршілігі. 
Айналып келгенде, этносты қанша көп болса да адамдар емес, мəдениет қана 
сақтай алады. Мəдениет арқылы халық өзінің тарихи тағдырынан тамырын 
үзбейді. Ұлттық мəдениет - этностық құндылықтар, рəміздер мен наным-


61
сенімдердің, мінез-құлық үлгілерінің құр əшейін жиынтығы емес, сол ұлттың 
рухани өмірінің басқаларға ұқсамайтын кескін-келбеті.
Көпмəдениетті тұлға болу үшін тілдік сана қажет. Тіл - дүниеде 
адамзатқа ғана тəн баға жетпес қасиет. Онсыз адам хайуанмен тең. Ана тілі -
əр адамның өз ұлтының жан-дүниесі мен мəдениетінен, ғасырлар бойы жиған 
рухани азығынан нəр алатын кіндік тамыры. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет