З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы



Pdf көрінісі
бет53/76
Дата21.12.2022
өлшемі1.84 Mb.
#467682
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   76
Алканова Пед этика негіздері

Басқару стилі
Авторитарльқ стиль
Демократиялық стиль
Либералдық стиль
Авторитарлық стиль 
бойынша орталықтанған 
билік жүргізіледі. Онда 
ең ұсақ сұрақтардың өзі 
басшының қатысуымен 
шешіледі. Бұл стильдегі 
басшыға тəн тəсіл: 
бұйрық беру, басшы 
бағынушыларына қатал 
талап қояды, олардың 
жұмыстарын қатаң 
бақылайды. 
Басқарушылар 
тарапынан айтылған 
сынды жақтырмайды, 
олармен ара қатынасы 
суық, сенімділік жоқ, 
қарым-қатынас кезінде 
дөрекілік қылықтар 
жасауы əбден мүмкін. 
Тəрбиелеудің 
авторитарлы стилінде 
мұғалім оқушыларға 
үстемдік жасау арқылы, 
өзі шешім қабылдап, не 
істеу керектігін шешіп, 
оқушылардан шешімді 
мүлтіксіз орындалуды 
талап етеді.
Бағынушымен 
серіктестік қатынаста. 
Олармен мəселелерді 
бірге талқылайды. Бұл 
стильде бұйрық аз 
беріледі, шешімдер 
бағынушыға түсіндіру, 
көз жеткізу тəсілі 
арқылы тапсырылады. 
Басшы талапты көп 
қояды, бірақ əділ, жақсы 
нəтиже болса, мақтап, 
ойын көтермелеп, 
өзіндік жұмысқа 
мүмкіндік береді. 
Демократиялық стиль -
басқалармен бөлісіп, 
шешімдерді бірге 
қабылдауды, жұмыстар 
мен тапсырмаларды 
бөліп жүзеге асыруды, 
оқушылардың өзіндік 
көзқарастарының 
сипатымен 
ерекшеленеді. Қарым-
қатынас кезінде сыпайы 
жəне де ізгі ниетті. 
Сынды қабылдай біледі.
Басшы бағынушыларға 
қарамайды, өз еркімен 
жіберген. Бұл стильдегі 
басшы ең жауапты 
шешімдерді қабылдауға 
да қатыспайды, 
жауапкершіліктен 
қашады. 
Бағынушыларына талап 
қоймайды, олардың 
жұмыстарын əлсіз 
бақылайды, сынды 
тыңдай алады, бірақ 
ешқандай түзеу 
шарасын қолданбайды. 
Либералды стиль -
мұғалім оқушыларға 
шексіз бостандық 
береді, сабақтардың, 
əрекеттің түрін өздеріне 
таңдауға, қарым-
қатынас орнатуға т.б. 
құқық береді.


82
Бірақ осы жоғарыда айтылған стильдер еш уақытта таза берілген 
күйінде қолданылмайды. Бір басшының бойында осы үш стиль де кездесуі 
мүмкін, дегенмен бір стильдің көрінісі басымдау болады. Басшы басқару 
стилін таңдауда көптеген факторларға байланысты таңдайды, мысалы, 
басшылардың жеке мінез-құлқы, бағынушының əлеуметтік-психологиялық 
ерекшеліктері. 
Басқару стилі ұжымда көп нəрсені анықтайды. Ұжымдағы достық
бірлік, топтастық, бəрі басшыға байланысты. Егер ол үш стильдің біреуін 
ғана қолданса, онда ұйымда ресми емес көшбасшының рөлі жоғарылап кету 
қаупі бар. Егер ресми емес көшбасшы ұйымда жақсы орын алса, онда 
ұйымдағы жұмысшылар оның айтуын заң ретінде қабылдауы мүмкін. Ондай 
жағдайда ресми емес басшы ұйым мүшелерін қалай алып жүремін десе, сол 
тарапқа бұрып алады. Егер көшбасшының мақсаты ұйымды алға жылжыту 
болса, онда ол ресми басшыға көмекші, ал егер керісінше ойы ұйымды 
құлдырату болса, онда қарама-қайшылық үрдісі ұйымда орын алуы əбден 
мүмкін. Сол үшін де басқару стилін басшы нақты ойланып, дұрыс таңдауы 
керек. Өйткені қателік кетсе, жоғарыда айтылған қолайсыздық орын алуы 
мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет