77
нысаналайды. Бұл үдерістің басты ерекшелігі - уақытты мөлшерлі пайдалану.
Сөйлеу сəтін мөлшерлі пайдалану - ұлттық мəдени дəстүрлермен, кəсіби
этникалық қағидаттармен анықталатын бекітілген өлшемдерге бағыну деген
сөз. Әрине, бізге ресми байланыс орнатудың алуан түрлі
жағдаяттарына
орайлас «жазылған» не «жазылмаған» тəртіптері мəлім. Қызмет барысында
қабылданған тəртіп жүйесі, сəйкесінше бұл ретте орнымен кідіре, ауытқи,
өзгерте
білу формалары іскерлік этикет деп аталады. Оның басты
функциясы - адамдар арасындағы өзара түсіністікке əкелетін ережелерді
қалыптастыру. Бұл орайдағы маңызды функциялардың бірі - ыңғайлылықты
ескеру, жинақылықты сақтау жəне тəжірибе негіздеріне сүйену.
Іскерлік этикет құрамына енетін қағидаларды төмендегідей екі топқа
жіктеуге болды:
- белгілі бір ұжымның өзара тең дəрежелі мүшелер арасындағы қарым-
қатынас жүйесінде жүзеге асатын нормалар;
- ұжым басшысы мен оған бағыныштылар арасындағы байланыс қалпын
анықтайтын нормалар.
Іскерлік қарым-қатынас - адам
өмірінің аса қажетті бөлігі, өзге
адамдармен қарым-қатынас жасаудың маңызды түрі. Осы қарым-
қатынастың мəңгілік əрі басты қозғаушы тетіктерінің бірі ретінде этикалық
нормаларды танимыз. Қоғам іскерлік этиканың мынадай қағидаттарын
басшылыққа алады:
- адалдық;
- əділеттілік;
- ақ
ниеттілік;
- ашықтық;
- жауапкершілік;
- сыйластық;
- сенім;
- ынтымақтастық.
Бұлар арқылы біз адамдар іс-əрекетіндегі жақсылық пен зұлымдық,
əділдік пен əділетсіздік, дұрыстық пен бұрыстық туралы көзқарастарымызды,
ой-пікірлерімізді
аңғартамыз.
Өзімізге
бағынышты
адамдармен,
басшымызбен, не əріптестерімізбен іскерлік ынтымақтастықта қарым-
қатынас
жасай отырып, əрқайсысымыз қалай болғанда да саналы, не
стихиялы тұрғыда осы этикалық нормаларға арқа сүйейміз, оларды тірек
етеміз. Десек те, адам атаулының моральдық нормаларды түсіну дəрежесіне
қарай, оның мазмұнын қандай деңгейде түсінуіне қарай,
қарым-қатынас
кезінде оның қандай дəрежеде ескеруіне байланысты ол өзінің іскерлік
деңгейдегі қарым-қатынасын жеңілдетпек. Оны мейлінше тиімді қолдана
отырып, алға қойылған міндеттерді шешуде жəне мақсатқа жетуде бірден-бір
жəрдемші ете аламыз.
Сондай-ақ, этикалық нормаларды жөнімен тиімді
қолдана, үйлестіре білмеушілік қарым-қатынасты қиындатып, оны мүлдем
кереғар қалыпқа түсіруі əбден мүмкін. Демек, ортақ адами іскерлік этикалық
нормаларды тиімді қолдана білмеу қарым-қатынасты күрделендіріп қиындата
түспек. Мəселен, жас маман (басшы) өзінің əкесіндей кісімен қандай іскерлік
78
қарым-қатынаста болуы тиіс. Күле қарасаң көйлегіне жамау сұрайтындар да
жетіп артылады. Бұл жағдайда қандай қағидат ұстану тиімдірек? Жас басшы
өз
замандас, құрбыларымен күліп-ойнап, əзілдесуді іштей жек көрмейді.
Іскерлік қарым-қатынасқа сəйкес жас маман қай уақытта өзін қалай ұстауы
тиіс?
Ал, іскерлік тұрғыда өзара əсер ету сəтіндегі регламенттің сақталуы
сөйленер сөзге мəн беру арқылы да анықталмақ. Сөйлеу этикетінің сақталу
міндеттілігі - тілдік норма тəртібінің қоғамдық талқылаулардан өтуі,
сəлемдесу, өтініш, алғыс жəне т.б. этикеттік жағдаяттарды (мəселен,
«
Сәлеметсіз бе!», «
Мархабат етіңіз!», «
Кешірім сұраймын!», «
Сізбен
Достарыңызбен бөлісу: